Виртуалды пианиноның сырлары

IT information /

Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған бағдарлама ол -виртуалды пианино! Егер де бұл бағдарламаның тұрақты тұтынушылары болсаңыз, қосымша білгеніңіз артық етпес, сіз өзіңізді батырмалар «клавиатура» арқылы шын фортепианода отырғандай сезінесіз! Классикалық музыкалардың сарынына сусындап, өзіңіз әуендер шығара аласыз!

Бетховеннің, моцарттың, titanic, linkin park, romeo & juletta және қазіргі заманға сай әуендермен қамтылған бұл бағдарлама сізге жақсы көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймын.



Ендеше көп созбайын, әдептен озбайын, сіздерге таныстырайын

жалпы бағдарламаның көрінісі


суретте көрсетілген батырманы бассаңыз дайын әуендер «нотасы» шығады

Мәселен мына суреттегідей



Енді осы әріптерді «click to activate keyboard control» іске қосып клавиатураға тереміз


Басқа әуендерді көргіңіз келсе, алдыңғы суретте көрсетілгендей «стрелкаларды» жылжыту арқылы керек әуенді таңдаймыз

Егер интернетіңіздің жылдамдығы жоғары болса, онда «radio» іске қосып, суреттегі түймешелерді басып әр елдің радиоларын тыңдай аласыз.

Мұндағы әуендерді Шынайы пианиноға салғыңыз келсе онда оның еш қиындығы жоқ. Мен есептеулер жасап көрдім, шықты

Бұл суреттен көріп тұрғандарыңыздай әріптерді ретімен фортепианоға есептеп қоямыз, ия рас фортепианоға аса қатты ұқсамайды, дегенмен әр октавадан сон, клавиатурадағы ойнаған музыка ырғақтары шын фортепиано әуендеріне сәйкес келеді.


Әсіресе маған осы дайын әуендер «нотасын» яғни әріптерді, шынайы фортепианоға салған қатты ұнады, 2-3 күн жаттыққаннан соң өзіңді «Моцарттай» сезінесің:).

Түсіндіре кететін жайт виртуалды пианинодағы қарамен көрсетілген жұп және 3 қара пернелер арасындағы бос орындар октава деп аталады. Негізінен көп әуендер пианиноның ортасында ойналады, сол себепті шынайы пианиноға виртуалды пианиодағы әріптерді оңнан солға қарай орналастырамыз, яғни 3-ші октавадан бастап




Бұл бағдарламаның түрлері өте көп, өзіңізге ұнағанын таңдай аласыз, ал менің меңгергенім осы)

Ендеше барлығы түсінікті болса іске сәт!

Арнайы Айтаберліктер үшін! Назарларыңызға үлкен рахмет!

Бағдарлама көңіліңізден шығып жатса Мына жерден жүктей аласыз

4 пікір

Moldir_96
Күшті екен! Осындай программаның барын естігенмін. Бірақ оңай екенін білмеппін. Рахмет!
kaz007
сізге де рахмет!
Turekhan
MIDI пернетақтаға жетпейді бірақ.
kaz007
ааа солай ма
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.