Жүйелік администратор шектеулерін айналып өту

IT information /
Тәәәәк бүгін не бүлдірдім? Негізі ешнәрсе! Мұнда Windows 7-нің кішігірім жыртығын таптым десем, асылық боп кетпес пе екен (мүмкін алдын байқағандар да бар шығар)! Кейде бір интернет кафелерге барғанда немесе жұмыс орныңызда бір программаларды орнатайын десеңіз Гость режимінде немесе Админ тарапынан шектеу болғандықтан орнатылымға рұқсат етілмей әуреге салады. Ондай жағдайда көп мәселені былайша оп-оңай шеше аласыз!
1) Керекті программаңыздың .exe немесе жалпы орнатылу файлын көшіріп аласыз. Оны орнатам деп қанша талпынғанмен ешқандай да пайда жоқ, бәрібір «сіз Қонақсыз» немесе «Бұл бағдарламаның топтық политикаға байланысты қосылуы мүмкін емес, жүйелік администраторға хабарласыңыз» деген ескертулер сіздің көз алдыңызда жарқ ете қалады.


2) Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Көшірген файлыңызды .zip форматында архивтейсіз.

3) Сөйтіп архивті ашамыз, және архивтің ішінен .exe файлды жүгіртіп жібереміз!


4) Ары қарай түсінікті ғой, Далее, анау мынау! Міне, осылайша қалаған бағдарламамызбен өмірдің ләззатын алып қолдана береміз:)

3 пікір

Jako
Садық мынау жақсы болды, осылар маған жиі кездесуші еді.
MSHERIMBEK
Сізге пайдасы тисе болды ғой:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.