Қазақстанда 2015 жылдан бастап ірі қалаларда 4G іске қосылады.

IT information /
төртінші буын, ұтқыр интернет, 4g интернет
Қазақстанда ОБСЕ-нің кезінде 3G үшінші буындағы байланыс желісін қосқандығы белгілі. Енді міне 2015 жылдың басына қарай Қазақстанда енді төртінші буындағы байланыс желісі 4G қоспақшы.
Қазақстандық ірі жаңалықтар тарататын сайттардың жазбаларына қарасақ 4G стандартын және оны толық дұрыс жұмыс істеуі үшін техникалық жабдықтамаларын Астана және Алматы қалаларында орнатып жатқан көрінеді. Алғашқы сынақтар, тексерулер 2013 жылдың басында жүргізілетін болады. Ал 2014 жылдың ішінде Қазақстанның ірі деген қалаларында қосылып қалуы керек. Ал 2015 жылдың ішінде халық көп қоныстанған яғни 50 мыңнан жоғары адам тұрғыны бар елді м екендерге дейін толық 4-ші буынды байланыс желісімен толық қамтамасыз етілетін болады. Ал аудан орталықтарында 2018 жылдың ішінде толық қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда барлық ауылды мекендерге Қазақтелеком сымсыз телефон байланыстарын орнатқаны белгілі. Баяғыдай сым тартып емес, сымыз байланыс арқылы телефон орнатып тастады. Бұл дегеніміз тікелей 4G-дің негізінде жұмыс істейді. Неге?-десеңіздер, жауабым былай. Себебі Қазақтелеком орнатып жатқан сымсыз үй телефондары CDMA протоколында жұмыс жасайды. Ол дегеніміз CDMA 4g желісінің протаколы болып есептелінеді.
Қазіргі таңда 3g-ның өзі Шымкент қаласында толық сапалы жұмыс істемейді. Алдымен соны ретке келтіріп барып, іске қосса игі болатын еді. Бізге байланыс лператорларының көп болғаны дұрыс, ол бәсекелестікті туындатып арзан байланыс, арзан интернетке қол жеткізеді.

p.s. 3g мен 4g байланыс желісінің жылдамдықтарының айырмашылығын мына суреттен байқауға болады. :)

19 пікір

Aknyet99
Білмей жатқасын сұрап жатрм,4G деген не?
yerbol89
3G ол 3,6 Мегабитті секундына жібере алатын мүмкіндікке ие болса, 4G ол 100 Мегабиттен 1 Гегабитке дейінгі жылдамдықта ақпаратты жүктеп жібере алады. Енді есептей айырмашылықтарын. 3ж деп айтылуы 1990 жылдары тексеруден өтіп осындай ат алса, 4ж 2008 жылдары тексеріліп аты осылай атала бастаған.
Aidar
Кабельді интернетіміз енді, енді 100Мбит/с ауысып келе жатыр! онын өзі толық 11,9Мб ға сирек барады!
Секундына орташа есеппен 45-55Мб бұл деген
Aidar
Скорост сол ары барса 80Мбит\с екен гой хехехе еще бұл Ресейде мегафон операторында.
но бұл скороста жаман емес))))желісіз интернет үшін)
Ais_97
Жаңа технологияның өркендейтін кезеңі десе де болады, жақсы екен, сурет қызық!
qyrmyzy
бір пікір жазу үшін гуглшыраққа жүгінудің қажеті жоқ шығар. Былай, мазмұндама айта аласың ба?
yerbol89
Ақниеттің пікірінің астында түсінікті етіп жазып кеттім :)
qyrmyzy
Ербол, пікірім айсбейбиға арналған еді, рахмет!
yerbol89
әәә қайдөөн білейін! :) Зырылдатып жаза беріппін ғооооо!
rauan
әәә қайдөөн білейін! :) Зырылдатып жаза беріппін ғооооо!
айста сіз сияқты постқа қарамай жақсы жақсы деп жаза беред ))
Ais_97
pari
на күлкің ұнап қалд, осылай жалғастыра бер
miras
суретінің түрі жаман екен
Kan
Скорсты интернет қашанда керекқой. Орнатып сәтті болса жақсы болар еді құрған жоспарлары.
Madi
Қалаларда бар ғой, мысалы Алматыда? Вай-макс ше?DIJI секілді интернет ше?
Jako
Мынауың әзірше менің миыма аурлық қылатын дүние екен, келгенен соң үйретерсіңдер)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.