Компьютерлік вирустар

IT information /
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіреді. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар өздері компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және Интернет арқылы тарап. Компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды туғызады. Вирусы бар бағдарламамен жұмыс істеген кезде компьютеріңз вирус «жұқтырып» алуы мүмкін.

Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

— компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді
— компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді.
— операциялық жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді.
— компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды.
— дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады.
— басып шығару қателермен жүреді.
— қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды.
— мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.

Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар операциялық жүйенің немесе құрал – жабдықтардың вирусқа еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін.
Сондықтан да, компьютерге сапалы антивирус бағдарламасы орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау мүмкін емес!

1 пікір

mairosh
Осындай вирустардан қорқам. Комп№ді аяп кетем (((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.