Skype бағдарламасы!

IT information /
Қазіргі таңда бұл бағдарлама өте танымал! Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қаматамасыз етеді. Скайпты орнату компьютер жөнінде қандай да бір артық білімді қажет етпейді және ең көп дегенде 5 минут уақытыңызды алады. Оның үстіне скайп мүлде тегін, скайпты орнатып тіркеліп алған соң, скайп-логині бар достарыңызбен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады.
Скайп бағдарламасын пайдалану үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:
— Windows 2000 немесе ХР амалдық жүйесі
— 400 MHz процессор
— 128 МБ оперативті жады
— Қатқыл дискіде 15 МБ бос орын
— Құлаққап + микрофон (гарнитура)
— 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты интернет қосылысы.

Веб-камера бар болса, бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады.
Скайп бағдарламасы өте қарапайым болып келеді, бағдарламамен жұмыс жасау ешқандай қиындық тудырмайды.

Скайпты орнатып тіркелу жөнінде:
Скайп бағдарламасын компьютерге жүктеп алған соң www.skype.com:




«У тебя нет логина?» дегенді шертеміз!

Ашылған терезеде өзіңіз жөнінде тіркелуге қажетті ақпарат енгізіп, «Вперед» басамыз.

e-mail адресіңізді енгізесіз! Сонымен аяқталды!

6 пікір

calendula
Скайптағы парольмді ұмытып қалдым) Қайта қалпына келтіруге талпынбадым да! Себебі, мен танитындардың ішінде скайпты білетін бір де бір адам жоқ.
pari
мааа керемет!!!
balzaminka
соңғы версиясында ФБ қосылған, агенттің де соңғы версиясында бірнеше аккаунтты қосуға болады, джитолк, фб, т.т
mairosh
есте болатын жағдай екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.