Apple өздерінің iPad mini өнімін көпшілікке таныстырды.

IT information /
айпад мини,
Өзі қазіргі 2012 жылдың екінші жартысы технологиялар саласындағы өте көп жаңа құрылдығардың таныстырылуымен толып тұрғаны байқалады. Мобильді телефондар рыногындағы алпауыт компания Samsung компаниясының бастауынан кейін, біренен соң бірі Nokia, Apple өздерінің жаңа өнімдерін таныстырып жатыр.
мини таныстырылым
Қазанның 23-і күні Apple компаниясы бірнеше жаңа өнімін таныстырды. Кішірейтілген iPad mini құрылғысы да бар болды.
Егер қарапайым iPad экранының диагоналі 9,7 дюйм болса, iPad mini көлемі — 7,9 дюйм. Apple-дың басшыларының айтуына қарағанда iPad-тан 23 пайызға жұқа, 53 пайызға жеңіл.

16 гигабайттық жадысы бар шағын айпад АҚШ пен өзге ел дүкендерінде қарашаның 2-сінен бастап, 329 АҚШ долларға сатыла бастайды.
Apple-дың негізін қалаушы Стив Джобс айпадтың экранын кішірейтуге қарсы болған екен. Ол жеті дюймдік планшет «смартфонмен бәсекелесу үшін тым зор, iPad-пен тайталасу үшін тым әлсіз» деп есептеген.
Сейсенбі күні Apple шағын айпадтан бөлек, бұрынғыға қарағанда біршама «жұқарған» MacBook Pro ноутбугын, моноблоктық iMac компьютерін, жаңа процессормен жабдықталған Mac Mini компьютеріне презентация жасаған.
Енді бұл өнімге біз жауапты Microsoft компаниясынан және Samsung компаниясынан күтетін боламыз. :)

23 пікір

Ademi
Айпад алайын ба самсунг с3 па?
User
СамсунГ!!!
Ademi
ноуттың орнына айпад жақсы ма деп қоям:)
Nursultan2002
Андроид планшет жақсы.
ereke_enu
Планшет ноутқа жетпейді ғой. Компың болмаса ноут ала бер
Ademi
комп жоқ, ноут бар. Оны көтеріп жүргім келмейді. Күнде көтеріп жүретін, инетке жиі кіретін, очм, ары бері өзіңмен алып жүретін бірдеңе керек. Командировкалар күтіп тұр:)
ereke_enu
Samsung
Ademi
очм, ноуттың орнына жарайтын бірдеңе алу керек
pari
лучшее ноут ала салмайсыз ба? 60 мыңға әжептәуір ноуттар алуға болады
Ademi
ноуттың орнына жарайтын бірдеңе алу керек
pari
жоқ сол ноуттың орынан жарайтын алғанша бұратала ноут алмайсызба ақша жинап дегенімғо.
Ademi
ноуттың орнына жарайтын бірдеңе алу керек
Оқы, алдымен, дұрыстап! Ноут бар!
pari
жоғарыдан енді оқп жатырм түсінікті. Ноут болса планшет ал шағын
Ademi
қырт-сырт жаза бермей, оқы, алдымен!
pari
планшеттің де мықтылары сол бағаға саяды
kuka097
эйпл деп айтылама эпл деппа
StrangeR
ағылшыншасы «эпл» дегенге қарағанда "әпл" (әппл, әпәл) дегенге жақын. Британша ағылшыншасы «апл» дегенге жақын дыбысталады.
dimash
Технология қайда бара жатыр иа, бір күні қалыңдығы қағазбен бірдейін шығарса таңқалмайтын болдық.

сонымен қайсын Apple-дағы алманы тістеген?
VVVWWW
Ол алманы тістеген Тьюринг Аллан (негізінен ол логотип соның құрметіне қойылған болып есептеледі) цианидпен алманы улап, бір тістелген күйінде мәйітінің қасынан табылған. Оның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ (біреулер өз-өзіне қол жұмсаған десе, енді біреулер көреалмайтындардан келген деседі, ал анасы байқаусызда болған оқиға деп ойлап кеткен екен)
khairbek
Апыл паражняк
khairbek
Андройд деген создын өзі неге турад
ardak1996
Планшетке махаббатым оянбай жүр әлі…
Nursultan2002
Стив Джобс өлген соң айпад мини шықты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.