Жедел жад: Hybrid memory cube

IT information /
Жедел жад: hybrid memory cube



Hybrid Memory Cube — жедел жадтың келесі толқыны
Hybrid Memory Cube атауындағы жаңа шыққан жедел жад (қазақша түсінбесеңіз: ОЗУ) үш өлшемді болмақ. Оның ақпарат алмасу жылдамдығы, бүгінде соңғы деп саналатындар қатарындағы DDR3 модулінен 12 есе жылдам. Нарыққа 2013 жылы шығады деп күтілуде.

Соңғы шығып жатқан процессорлардың ақпарат өңдеу жылдамдығы артқан сайын, оған мәлімет таситын жедел жад мықтылығына да жоғары талап қажет етілуде. Қазіргі уақыттағы жедел жад типтері, компьютер ресурстарының жаңаруына байланысты ақпаратты қабылдау, оны өңдеп тасымалдауы жағынан баяу жұмыс жасауда. Осы жағдайларды ескере отырып, Intel және Micron компаниялары — Hybrid Memory Cube жедел жадын жасап шығарды. Оның жад кристаллдары бірнеше қабаттан тұрады да, кремний көмегімен өзара байланысу жүзеге асырылады.

Жоғары жылдамдығы мен үнемділігі

Developer Forum 2011 мамандар форумында, жады төрт қатпарлы кристаллдарды пакеттен тұратын Hybrid Memory Cube прототипі көрсетілді. Егер аналық тақшасы (очм: мат. плата) қажетті инфраструктураны қолдайтын болса, яғни соңғы үлгідегі модель болса, ақпарат алмасу жылдамдығы 128 Гбит/с бола алады. Қазіргі DDR3-1333 жылдамдығы 11 Гбит/с құрайтынын ескерсек, салыстыруды өзіңізге қалдырайық. Жедел жад ойлап шығарылғаны былай тұрсын, енді аналық тақша өндірушілерге жаңа жедел жадқа орын дайындау мәселесі туындап тұр. (Дайындамай қайда барсын деген өз комментімізді қосуға мәжбүрміз, аудармашылар тарапы.) Жедел жадтың дәл бүгіндегі жетістігіне сай алдағы уақытта басқа да құрылғылар жаңара түсетіні логикалық тұрғыдан ойға қонымды тұжырым екені даусыз.

Жедел жадтың өткізу жылдамдығы 1 Тбайт/с жете алады. Бұл ең алдымен Windows ОЖ-де RAM-ға жазып, алып отыратын үлкен көлемді графикалық, видео редакторлардың жылдам жасауына тиімді мүмкіндік.

Сонымен қатар, бұл өнімнің жеке бір ядромен (қазіргілер параллель жұмыс істеп, бір процессорға бағынады) толық жылдамдықта жұмыс жасауға мүмкіндігі бар екен. Бүгінде сегіз ядромен шектеліп жатқан процессорлар үшін бұл тағы бір тиімділік дегеннен басқа айтар жоқ.
Осы негізде тіпті он ядролы процессор шықса да, оның басты ерекшеліктерінің бірі, әр ядро дербес жедел жадқа қатынап, логикалық дегейі қазіргіден артықшылығы бірден сезілетіні теориялық тұрғыдан күтілуде.

DDR3-ке қарағанда, жаңа жедел жадтың энергия пайдалану үнемділігі 70%-ке дейін кемімек.

Ал төменде жедел жадтың қысқаша даму кестесі:



ПыСы: Келер жылы Hybrid Memory қолдайтын компьютер алып жатсаңыз, алған әсеріңізді осында бөлісе кетуді ұмытпаңыз

ЧИП журналы

2 пікір

Abylai
өте пайдалы, сауатты пост. (алмасу буфері жедел жадыдан алатын ба еді жадыны? тез жедел жадыға көшірілсе, жедел жадыдан тұрақты жадыға көшу жылдамдығы қалай екен? (яғни кәрімгі көшіру амалы))

бұ комьютерлер бара бара қайда барады екен? болашақты он жыл алға елестетіп көруге (компьютерлік техниканың даму жағынан) тіпті пантазиям да жетер емес. бірдеңені кесіп пішіп айтуға да аузым бармас, жарықтық Бил Гейцтің абломынан кейін (айтпадым деп ақталса да «болашақта үйге арналған дербес комьютерге 640килобайттың өзі жеткілікті болады» дегенді сол айтты дейді мыс)

«компьютердің ақпаратты өңдей жылдамдығы әр алты ай сайын екі еселетіп отырады деп кім еді айтқан?
AL-ASTER
Меніңше буффер ОЗУға жазылмайды, себебі көбіне ОЗУ жад мәселен алайық, 2 ГБ болады десек, 70 ГБ құжатты буферге сақтауға болатындығын ескере отырып, оның ОЗуға сыймайтындығын логично құптауға болад) Тек, былайша копировать пен вырезатьтың механизмі ұқсас. Бірақ та, вырезатьқа келгенде кішкене қулық жасаған: құжат буферге кетеді да копироватьқа қйоғандағыдай, кейін ол құжат түгел көшіріліп болғанша, түпнұсқа құжат жасырын бола тұрады. (ал біз оның жоқ болып кеткендігін көреміз)

Тағы, буфер деген ол жәй лог файл сияқты. Кімнің қай жерде жатқандығы мен қай жерге көшуі керектігін сақтап отыратын.

ОЗУ ол да қатқыл диск сияқты жадтың бір түрі, тек оның ақпарат алмасу жылдамдығы өте жалдым болғандықтан, кей операцияларды орындауға қатқыл диск мүлде үлгермей қалады, сондықтан ОЗУ жад рөлі маңызды. Комптың енді дамып жатқаны күші әрине, артынан аңдып отыру үшін, өз бетіңше еру керек))) ИМХО Себебі, ол кітап болып басылып, кейін нарыққа шыққанша, келесі толқыны шығып кетед)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.