Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information /
Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" — деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын «Смартшоу» редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын.



Маршрут:

1. «Спутник» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

2. «АДК» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

3. «Мега» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

4. КазҰУ-нің жатақханасы

5. Көктем 1 ықшам ауданы

6. «ХАТУ» (IITU). Жандосов және Манас көшелірінің қиылысы

7. Төлеби және Сейфулин көшелеірнің қиылысы

8. ЦУМ, Арбат

9. Алматы — 2 Қазақстан Темір Жолы вокзалы

10. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы

11. Family Park, Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы

Өлшемдер (Критерий):

1. Speetdets.net сервисі арқылы тексерілген жылдамдықтын суреті

2. Ішкі ресурстардағы жылдамдық (files.neolabs.kz)

3. Сыртқы ресурстағы жылдамдық (rghost.ru)

4. Жүктеу жылдамдығы (upload)

5. Файл салмағы: 20 Мбайт (интернетте тегін таралады)

// files.neolabs.kz және rghost.ru файл алмастыру сервистерін таңдаған себебім, екеуі де, менің білуімше, шексіз жылдамдық бере алады.

Бастамастан бұрын қойылатын ең бірінші сұрақ: "Қамту аймағы".

Altel жаңадан келген оператор болғандықтан толық Аламты облысында емес, әзірше тек қана қаланың көлемінде жұмыс жасайды.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Ал енді маршрутымызды бастайық!

1. Ең бірінші болып тізімді бастайтын «Спутник» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

2. «АДК» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Осы жерде көзімді бір екі рет уқалап алдым. Себебі сене алмадым. Әбден мегалайнның жылдамдығына үйреніп қалғанмын, мынаны көргенде «Шок» болдым. Жылдамдық өте керемет! Әзірше жақсы келе жатыр.

Әрі қарай кеттік…

3. «Мега» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Мега-дағы көрсеткіш осылай. Жеке менің ойымша Мега-ның Wi-Fi жылдамдығынан әлде қайда жоғары. Дегенмен өздеріңіз таңдап көрерсіздер. ;)

4. КазҰУ-нің жатақханасы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Speedtest-тің айтуы бойынша жылдамдық шамамен 32 мбит/сек. Көрсеткіш жаман емес. Шынымды айтсам бұл көрсеткішті көріп қатты таң қалдым. Сенбей 2,3 қайталап тексердім. Нәтиже өздеріңіз көріп тұрғандай.

Ал енді әрі қарай жолымызды жалғастырайын.

5. Көктем 1 ықшам ауданы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Көктем 1 ықшам ауданында да модем жақсы көрсеткішке ие болды. Бірақ сыртқы ресурстарға жылдамдық сәл төмендеу. Файл алмасу сервисінің кінасы болуы мүмкін. Басқа сервистің көмегімен тексерген кезде 500 — 600 кбайт/сек жылдамдықты көрсетіп тұрды. Алаңдауға себеп жоқ.

Кеттік әрі қарай…

6. «ХАТУ» (IITU). Жандосов және Манас көшелірінің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Өзім оқып жүрген ЖОО. :) Жылдамдық көңілімнен шықты. Кескінде көрсеткендей жылдамдық әбден көңілге қонарлық. Ақпараттық технология саласында жұрген студенттерге өте керекті қосымша болды. Қысқасын айтқанда, жақсы шешім табылды.

7. Төлеби және Сейфулин көшелеірнің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Осы көшелердің қиылысында орналасқан оқу орындары немесе жұмыс орындары интернет жайлы уайымдамаса болады екен. Altel 4g жылдамдығы керемет.

8. ЦУМ, Арбат.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

9. Келесі кезекте Алматы — 2 Қазақстан Темір Жол вокзалы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Рекорд! Мен аралап шыққан жерлердің арасында ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Алматы — 2 темір жол вокзалы.

Бұл жерде де көп болмай, маршрутымызды жалғастырып кеттім…

10. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық салыстырмал түрде жоғары емес. Бірақ басқа операторларға қарағанда бәрібір ұтып тұр.

11. Family Park, Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Маршрут осымен, әзірше, бітті. Алматы үлкен қала, сол себепті толық аралап шығу үшін бірнеше күн керек.

Міне, 4g осындай көрсеткіштерге ие болды. Мен ойлағаннан жақсы деңгей көрсетті.

Қорытынды.

Қорыта келе, салыстыру үшін, үйімде Megaline, Drive тарифімен тұрған интернет жылдамдығын көрсетейін

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Көрсеткіштерге байланысты Қазақстандағы инетрнеттің тез дамып келе жатқанын көруге болады. GPRS, EDGE, 3G енді бүгін 4G де келіп қалды. Тағыда қайталаймын. жеке өзімнің көңілімнен шықты. Мақтауға тұрарлық. Сатып алуды ойлану да керек емес. Altel компаниясының сәтті болатынына күмәнім жоқ.

Altel компаниясынан, мүмкіндік бар болып тұрғанда, сұрайтыным, қамту аймағын үлкейту!:) DIJI секілді тек қалада қалып кетпесе болғаны. Сенеміз, күтеміз, үміттенеміз.

Егер де тізімде жоқ жерлерден көрсеткіштеріңіз болса, пікірде қалдыруларыңызды сұраймын.

Оқығандарыңыз үшін үлкен рахмет!

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін,
SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін "«АЛТЕЛ» АҚ"-на алғысын білдіреді.

7 пікір

Noorique
Неткен жылдамдық.Бағасы затына сай шығар....
Al1sher
-
Соңғы өңделген уақыты:
Al1sher
Қайталаймын, сай)) Бірақ «Астана және Алматы қаласында ғана» деген кемшілік бар
VVVWWW
Бағасы және басқа мәліметтерді мына жерден оқуға болады
Автордың айтуынша ең тиімдісі 15 Гб-тық 4500 теңге екен, (алғашқы қосылушыларға сыйлық ретінде “Гранд Премьера” пакетін ұсынады, ол 3 айға 99 Гб-ты 3500 теңге)
jalyn
МынаУ жақсы дүние екен ғой… 3G -мен қор боп жүр ем. Рахмет
dudu
Тамаша екен, қатты қызықтырып отыр (мына қызықты сынақтарыңыздан кейін). Көп рахмет!!!
4o4
Астаналықтарға бұл интернеттің қажеті шамалы, сапасы семіз 0! Үзіліп кету, көшіру жылдамдығы 50-60кб/с максимум дегені 1,8-2 мб/с, бірақ ең жоғары жылдамдық тәулігіне 1-2 сағаттай болады, кейде болмайды да
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.