Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!

IT information /
Бүгінгі таңда, мултимедияға қондырғылар қаптап жатыр. Бірі аудио, бірі видео. Бірі сапалы, екіншісі жоқ. Бірі арзан, басқасы қымбат. Қайсысы жақсы? Арзан және сапалы акустикалық өнім таңдауға болады ма? Табиғатта немесе далада тыңдауға арналған қай өнім дұрыс? Дәл осы сұрақтарға бүгін жауап тапқан секілдімін. Divoom iTour-20 акустикалық жүйесі біздің сұрағымыздың жауабы болмақ. Divoom iTour, кіп-кішкентай болса да, дауысы өте сапалы және тұнық естіледі. Бірінші ұстаған кезде күмәнім болды. Бұл секілді өнім, өзінің өлшемдері бойынша, жоғары сапа және дауыс беруге күші жетпейді деп ойладым. Бірақ мен қателестім. «Қателескенім жақсы болды» — деп қуанып қалдым.:) Кіріспені созбай, бірден шолуға көшейін. Әрі қарай, төменде, суреттер арқылы толығырақ таныстырайын.

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Divoom iTour-20 Сипаттамасы
IT information: Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!



Қорабы және құрамы

Сыртқы келбеті көз тартарлық, жақсы дизайнмен жасалған, пластик. Ішінде, өдеріңіз байқап отырғандай iTourдің өзі. Шолуда 2 түсті Divoom бар. Және өзіңіздің талғамдарыңызға байланысты қара, қызыл, көк, жасыл, ақ, сары, қызғылт және сарғылт түстерден таңдай аласыз.

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smrtshow

Сыртқы қақпағын ашқаннан кейін колонка мына түрде орналасқанын байқауға болады:

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smrtshow

Ал ішіндегі қорапта құжаттары мен қуат алуға арналған USB кабель бар.



IT information: by Toiguliyev Alisher for Smrtshow

Астынан қарасаңыз





IT information: by Toiguliyev Alisher for Smrtshow

Divoom iTour-20 қолданылуы

Ең басты артықшылығы Divoomның өлшемдері және салмағы. Өлшемлері жоғарыда көрсетіп кеткендей өте ықшам. Бұл ықшамдылық қайда барсаңыз да еш кедергі болмайды. Диаметрі 5см ғана, ал қалыңдығы, жиналып тұрған күйде, 3.5см. Өзінің кішкентайлылығына қарамастан, барлық талаптарға жауап беріп тұр.

Жеке қарастырған кезде сыртқы көрініс мынадай:

Алғашқы күйі жабық болады. Оны ашу үшін, төменгі жиіліктерді жақсы ойнату үшін, сағат тіліне қарама-қарсы бұрайсыз (астыңғы бөлігі қозғалыссыз қалу керек)

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Қысқа өткізгіштерімен бір-біріне немесе аудио ойнату көзіне (телефон, смартфон, планшет және т.б.) қоссаңыз болады. Дәл осыны ерекшелігі деп айтсам қателеспеспін. Егер сізде осы өнімнің 5 немесе 10 данасы болса, әрқайсысын бір-біріне қосу арқылы өте мықты акустикалық жүйе құрастырсаңыз болады. Қуатты өзінің аккумуляторынан алатын болғандықтан сіздің плееріңіздің немесе телефоныңыздың батареясын өте аз қолданады (тіптім 10 дананы бірден қоссаңыз да).

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

IT information: Divoom iTour-20. Ықшам колонка, сапалы дауыс!

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Өзімнің бөлмемде тыңдап тексеріп көрдім. Екеуі бір бөлмені толық тұнық дауыспен қамтамасыз ете алады.

Қуаты:

Батареясының сиымдылығы 300мАс, бұл сыйымдылық колонканың жұмыс істеу уақытын 5-6 сағатқа жеткізеді (үздіксіз тыңдаған кезде). 5 сағат, менің ойымша, тыңдауға толық жеткілікті. Заряды жағынан уаймдамай-ақ қойсаңыздар болады. Кез келген  уақытта ноутбукке немесе компьютерге қосу арқылы аз уақытта қуатын толтырып аласыз.

Кімге арналған?

Егер сіз көп қыдыратын немесе жолда (табиғатта) ән тыңдағанды жақсы көретін болсаңыз Divoom iTour-20 сізге арналған дер едім.

Қорытынды:

Өнім толығымен көңілімнен шықты. Қорытындыға артықшылығы мен кемшілігін жазайын.

Артықшылығы:

1)      Әуен ойнату сапасы

2)      Өлшемдері (50 x 50 x 35 мм)

3)      Жұмыс істеу уақыты (5-6 сағат)

4)      Дизайн

5)      Өнімнің сапсы

6)      Әрі-бері тасығанға өте ыңғайлы

Кемшілігі:

1)      Қысқа кабель

Бағасы шамамен 2500 теңгеден басталады.

Эксперимент ретінде «Жәйфонғада» қосып көрдім. Радио тыңдауға болады екен.;)

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Ал өлшемін салыстыру үшін гольф добымен салыстырдым.

IT information: by Toiguliyev Alisher for Smartshow

Оқығандарыңыз үшін үлкен рахмет! Пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісе отырыңыздар.

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін,

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін SmartShop.kz интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.

P.S. Блогтар тізімініне «гаджеттер» немесе «технология» деген секілді блогтарды қоссаңыздар жақсы болар еді…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.