Samsung компаниясы Galaxy S4 қандай болатынын жартылай көрсетті.

IT information /
Алдын интернетте қаптап кеткен Самсунг С4-тің суреттері ешқандай бір негізге алынбаған болатын. Себебі ақпарат официалды емес болатұғын. Бұл Samsung Galaxy S4 телефоны 14 наурыз күні Нью-Йорк қаласында таныстырылуы керек. Бірақ неге екені белгісіз Samsung ешбір себепсіз өздерінің жаңа өнімі Samsung Galaxy S4-тің қандай болатындығын официалды түрде жариялап үлгерді. Сурет толықтай болмаса да, жартылай қандай болатындығы көрсетілген.

IT information: Samsung Galaxy S4, Самсунг Галакси С4

Жаңа Samsung Galaxy S4 телефоны 1,8 ГГц жұмыс істейтін сезіз ядролы Exynos Octa 5410 процессорымен, PowerVR SGX 544MP графикалық процессор және 2 ГБ оперативті жадымен қамтамасыз етілмек. Экран көлемі 1920 х 1080 пикселде болмақ (Full HD, 1080p). Баса назар аударатыны green PHOLED деп аталатын Super AMOLED экраны болып отыр. Бұл экран алдыңғы Super AMOLED матрицларына қарағанда 25% дейін тоқ көзін үнемді қолданады. Камерасы 13-мегапиксель болуымен қатар, Samsung Orb функциясы арқылы 360 градусты понарамды суретті түре алады.

Көптеген жаңа-жаңа мүмкіншілікке бай бұл құрылғының таныстырылуы 14 наурыз күні Нью-Йорк қаласында болмақ.

6 пікір

rauan
Әдейі қызықтыру үшін осылай етіп көрсетіп жатқан шығар
Jako
Жарнама сияқты, онсыз да жаңа бірдеңе шықса жақы болсын, жаман болсын сатып ала беретін қазақпыз ғой))))
ZevsKO
Samsung Galaxy S4 телефоны 1,8 ГГц жұмыс істейтін сезіз ядролы Exynos Octa 5410 процессорымен, PowerVR SGX 544MP графикалық процессор және 2 ГБ оперативті жадымен қамтамасыз етілмек. Экран көлемі 1920 х 1080 пикселде болмақ (Full HD, 1080p). Баса назар аударатыны green PHOLED деп аталатын Super AMOLED экраны болып отыр.
мәә мынаны түсінсемші
yerbol89
:)
Мен түсіндіріп беріп көрейін.
Super AMOLED дисплейлері шаңқай түсте, күннің көзі түсіп тұрса да экран бетіндегі суреттер анық көрініп тұрады. Яғни күннен тығылып емес, күннің көзінде телефонды ұстап қолдана беруге болады. Анық көрінеді. green PHOLED деген жаңартылуымен шығатын бұл дисплей 25 пайызға дейін алдыңғы экрандарға қарағанда тоқ көзін ұнемді қолданады. Тиісінше телефонның жұмыс істеу ұзағырақ болмақ. 1,8 ГГц бұл компютердегідей жылдам есептеу көрсеткіші. Компьютердегідей 2 немесе 4 ядролы деп жатады. Яғни 1 процессордың ішінде 4 процессор болғандықтан оны 4 ядролық деп атайды, ал Exynos Octa 5410 процессоры мобилді 8 ядролы процессор. Компьютерде видеокарта деген бар, ол экранның таза көрсетілуі мен үлкен күшті талап ететін ойындар ойнау үшін қолданатын видеокарталар сияқты PowerVR SGX 544MP да телефонға арналған видеокарта. Ол телефонға арналып шығарылған мықты ойындарды қиналмай ашып, ойнап жатқан кезде тормоз болмайды. :) Компьютерде AMD, Nvidia атты видеокарталар болса, бұл телефонда PowerVR SGX 544MP атты видеокарта. Экранының диогоналы 1920 х 1080. Дисплей Full HD форматтағы видеоларды телефонда көруге болады деген сөз. :)
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Экранының диогоналы 1920 х 1080

мде. 4.99 емес пе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.