Антивирус таңдау

IT information /
Қандай антивирус таңдау қажет?
Қандай антивирус жақсы, қандай антивирус алу керек деген сұрақтар қазір кез-келген компьютер қолданушысынығ алдынан шығатыны айдан анық. Өйткені сіздің компьютеріңізде маңызды құжаттар сақтаулы тұр, ал қарапайым антивирус күтпеген мәселерлер туындатуы мүмкін.

Қандай антивирус таңдау қажет?
Қазір интернет басты ақпарат көзі болып табылады. Көптеген жағдайларда вирустар осы интернет арқлы келуі де мүмкін. Мұндай вирустар әлемнің барлық компьютерлерінде тарайды.
Антивирус компьютерді қорғауға арналған бағдарлама. Антивирус — қондырғаннан кейін компьютердегі папкалар мен файлдарды тексеріп, ондағы біздің вирус деп атап жүрген бағдарламамызды іздейді. Егер антивирус сондай бағдарламаны тапса, қолданушыдан не істеу керектігі туралы хабарлама береді. Уақыт өткен сайын вирустар да дамып келеді, кейбір антивирустар оны таба да алмайды және сол сияқты компьютерге де соншалықты қауіпті бола бастады. Вирустар көптеген жолдар арқылы тарайды: сайттарды қараған кезде, файлдарды көшірген кезде және әлеуметтік желілер арқылы. Антивирус шығаратын компанияларда қарап қалып жатқан жоқ, оларда өз антивирустарын барынша дамытып жатыр.

Ең жақсы антивирус қандай?

Антивирус таңдауда ең басты мәселе, әрине оның жұмыс істеуі мен ақшасы.
Антивирус таңдауда соңғы шешімді өздеріңіз таңдайсыздар. Ал мен барынша антивирустардың жұмысы туралы айтып өтемін. Ал қай антивирусты таңдайтыныңызды өзіңіз шешесіз.

Avast-осы антивирусты мен өзім де қолданып жүрмін. Әрине бәріңде соны қондыр дегендей ақыл айта алмаймын. Бірақ бұл антивирустың қорғанысы өте жақсы және компьютердің ресурсын да көп жемейді. Ең бастысы бұл антивирустың тегін лицензиясы бар.

Nod32-бұл да жақсы антивирус, жүйелік ресурстарды аз жейді. Алғашы версиясы 1987 жылы шықты. Қазір Касперский антивирусымен таласқа түсе алатын антивирус.

Касперский-Сапалы және өте атақты антивирус. Көптеген вирустар компьютерге кірген кезде ең алдымен осы антивирусты іздеп, ағытып тастауға тырысады. Тек бір кемшілігі көмпьютердің ресурсын көп жейді.

Dr.Web-Ауыз толтырып айтатындай жақсы емес. Бірақ оның қосымшалары алдына жан салар емес. Мысалы Dr.Web CureIt. Бар болғаны соңғы версиясын көшіріп алып, қосу керек. Ал Dr.Web LiveCD компьютерді вирустан оңай тазартып, компьютердегі файлды басқа қатқыл дискіге көшіруге мүмкіндік береді.

Norton Antivirus-жақсы антивирус, вирустан да жақсы тазартады, тек компьютерге көп жүктеме түсіреді.

Мен антивирустар туралы айтып шықтым, ал таңдау өз еріктеріңізде.
P.S. Дегенмен де антивирусқа толық сеніп алуға да болмайды. Өйткені кейбір вирустар кез-келген антивирусты ағытып тастай алады және компьютеріңізді толықтай жұмыстан шығаруы мүмкін.

15 пікір

KILYZAMAN
nod32 -ні лицензиясыз қолдану жағы қыйындап бара жатқан сыңайлы…
MSHERIMBEK
Осылардың ішіндегі ең оңайы алынатыны Аваст болуы керек. Ubuntu-ға қуат берсін:)
KILYZAMAN
Нотбугымда сол Убунту еді… Немерем нотбуктың түбіне жеткен сияқты… USB дисковод істемей қалды… Убунту қатты ұнаған негізі, Сигма бауырымның жетегінде біраз жерге жеткен едім
MSHERIMBEK
Сигмалар сұмдық қой:) Университеттерінің 60% Бунтуға көшіріп жіберген:)
KILYZAMAN
Сөз жоқ… Керекинфодағы «Тың игеруінің» — филиалын көбейте берсе ғой шіркін.
MSHERIMBEK
Уақыт көрсетер:)
zhasulan
ең қиындық келтірмейтін шынында да сол АВАСТ антивирусы шығар, лицензиялық кілт сұрамайды, компьютер ресурстарын өте аз алады, және де жаңартуы да автоматты түрде өздігінен сұраусыз алады!
zhasulan
Иә дұрыс айтасың! Қазіргі жаңадан шыққан ESET Smart Security 5 версиясында лицензиялық кодты қою және табу қындап кетті. Бұрын 4 версиямен ондай болмаған еді!
awpherokiller
nod32 қолдананып жүрген болсаң мына серверді жазып қой: http://it-portal.kz/nod32/
Обновлениясын өзім салып отырамын, қалаған уақытымда(көбіне әр 3 күн сайын)
Azamat
Авира, Avg, Microsoft Security Essentials тағы басқа антивирустарды айтпай кетіпсіз.
Жақсы жазыпсыз.
Nuradil
бұрын касперский антивирусын қолданатынмын, жақсы антивирус! бірақ комп ресурстарын көп алады.
одан кейін басқа антивирустарды ба қап көрдім.
ішінде ұнағаны eset smart security антивирусы!
қазір соны қолданып жүрмін!

тек Убунтуға емес, барша Linux-тарға қуат берсін!
aikedoku
Мә саған плюс!)))))) eset smart security-ді менде қолданам. Өте керемет антивирус қой.
Nuradil
рахмет! сізге де плюс қойдым)))
konvict
Мен Майкрасофттың ессеншлын қолданамын. Шынымды айтсам Севенге көшкелі вирустың проблемасы жойылған. Антивирустың барын да, жоғын да байқамаймын
Jako
Менде Мозилла 4,өзім ризамын проблеммам болған емес.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.