Жақында өте жақында жарыққа Samsung Galaxy S III шығады. Интернетте алғашқы қандай болатын суретті шығып үлгерді.

IT information /
Samsung Galaxy S III

Жақында Samsung Galaxy S III қандай болатындығы туралы суреттер интернетті қаптап кетті. Соған қарағанда Самсунг өзінің фишкалы ұялы телефонын бәсекелестерін үркіту мақса тында, жасырын пиар ретінде Samsung Galaxy S III-тің қандай екенін көрсету үшін біршама суреттері интернетті шаралап кетті. Осы ақпаратпен бөлісуге рұқсат беріңіздер.
Былтырғы Барселонада ұйымдастырылған MWC -де Самсунг Samsung Galaxy S II-ті таныстырғаны баршамызға белгілі. Соның арқасында Samsung Galaxy S II 2011 жылдың үздік смартфоны атанған.
Жұртты таң қалдыру мақсатында, тек смартфон жағына көп мән бермей камерафон да жасамақшы болған Samsung өздерінің жаңа Samsung Galaxy S III-ке 12 Мегапикселді камера орнатамыз дегендей сөздері бар болған. Бірақ жасаушылар, өзгертпей баяғы 8 Мегапикселді камераға тоқтаған екен.

самсунг галакси 3

Ұқсатық көп, бірақ меніңше олай емес секілді. Samsung Galaxy S II-ге қарағанда Samsung Galaxy S IIІ 1,5 мм жұқа. Бар болғаны 7 мм ғана. :) (охо деп қоямын ішімнен)



Бұл күтіліп отқан Samsung Galaxy S IIІ соңғы техникалық мықты қарулармен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда 4 ядролы процессор, операциялық жүйесі Android 4.0 Ice Cream Sandwich. Қазіргі кездегі барлық байланыс түрлерін қолдайды: 4G(LTE) және 3G(HSPA+). Тағы да бір айта кететін жайт: Корпусы су кірмейтіндей етіп жасалмақшы дегенді де оқып қалғаным бар.





p.s. ОңтүстікКореялық ұзынқұлақ Хум-Пиое досымның айтуы бойынша Мамыр айында жарыққа сатылымға шығады деп сыбыстар тарап жатыр. :)

8 пікір

Korkem
Бағасын айтпадыма екен? Мынау тамаша ғой… +1
AKA
Иә, керемет ақпарат екен. Тақырыптың өзі қандай! :))) +1 менен де
MSHERIMBEK
Бір біріне жауап беріп… Күдік, жегідей жеген күдік...:)
yerbol89
Бағасы туралы сыбысты естімедім. Бірақ өте жұқа корпусымен таң қалдырып жатыр дүйім жұтты. :)
7292
Қалай зарядталады екен? Жаңадан бір нәрселері бар ма зарядтаудың? Нақты неше Мп? негізі 12 Пм болуы керек еді дейді инетқұлақтар. Мынау Samsung Galaxy S III түсірген суреті.
суреттің орны
erke_ky3
Ербоооооооооооол! Сен Samsung Galaxy АСЕ-ты жазам деп сразу Samsung Galaxy S III-ге кетіп қалыпсың ғооооооооооой.
Ais_97
Админ бұл сотка жайлы ақпарат беріп, хабарлағаныңа рахмет, бұл сотка қайда сатылады екен?
Abylai
Мынасы нес тағы? Жалған! Фэйк бұл, менің смартым ондай емес (әлде маған басқасын сатып жіберді ма)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.