Microsoft фирмасы

IT information /
Microsoft тұрмыстық техникасы

Қазіргі уақытта компьтерге қосылатын тұрмыстық құралдар шығып жатырғаны бәріңізге белгілі. Кеше мен үйде ерігіп жатып «Microsoft» шығарған сондай құралдарды елестетіп қарадым. Олардың өнімі шамамен мынандай болатын сияқты: Ең бірінші шаңсорғыштан бастайыншы:
1. «Шаңсорғыш «Таракан» деген белгісіз қоқыстың түрін байқады. Оны сору керек пе? Тараканды сору мүмкін емес, себебі системада тракан соратын драйверлер жоқ. Дискіден орнатыңыз немесе Tarakan,Dr.com сайтынан жүктей аласыз» (шаңсорғышың ішіндегісінің бәрі ақтарылып, үйдің іші көк шаң болып ақыры драйвері орнатылады) «Қайта жүктеңіз. Тараканды сору мүмкін емес, себебі бұл драйвер траканның 7.0 және одан жоғары түріне арналған. Тараканның ескі түрлерін алу үшін Microsoft компаниясының көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз».
2. «Системалық қате: «Газ краны» құрылғысы жабылмай қалды, себебі тұтандырғыштан қате шығып от сөніп қалды. Барлық терезелерді (окно) жауып, асүйден шығып кері қайта кіріңіз»
3. «Кір жуғыш машинасы жұмыс жасау барысында жаңа «ілгек» деген системалық компонеттер тауып алды. Мегалайын жүйесін босатып, «ілгек орнатқыш» дикісін салыңыз». (машинадан барлық киімдер шашшылып, суы ақтарылады). «Ілгектің драйвері орнатылды, әрі қарай жұмыс жасау үшін киімді кері жүктеңіз» «Ол үшін киімді кері салып, Пуск – кері жүктеу – иә — сенімдісіз бе? – сақтау – кері жазу – иә — сенімдісіз бе? – осы атпен бе? – иә — кері жүктеу» клавишын басыңыз».
4. «Мұздатқыш соңғы өшіруде дұрыс жабылмаған. Оның құрамын тексеру керек пе. Тексеру кезінде бір немесе бірнеше бұзылған тағамдар және тағамның бір бөлігі болып табылатын бірнеше кластертер байқалды. Бұзылған тағамдарды қайта қалпына келтіру керек пе?.. Қалпына келген жоқ, тағамдар көруге ғана жарайды».

2 пікір

AL-ASTER
Ол «тарақан» десе, қалайша белгісіз? Егер, белгісіз биологиялық объект анықталды, біздің анықтауымыз бойынша: ұзындығы 1,8 см, ені 0,9 см, қалыңдығы 0,4 см шамалас, жіңішке қылдары бар, шамасы аяқтары болар. Тыыыыың, оның драйвері анықталмады, бірақ біз оның әрекетін дампқп тіркеп үлгердік, лог файлды жедел корпорацияның қолдау қызметіне жіберуіңізді сұраймыз!… Синий экран смерти

03.12.2036 ж, 20:36:14:09 сағ.: Жатақхана студенттерінің бөлмесі
Бөлмені айына бір ретке келтіруге шамалары келетін, (!) жәй ғана ретке келтіре салатын жалқау студенттер майкрософттың үй тазалау роботын алып келді, ол өз кезегінде бардакты көріп, қатып қалды. Тура, кешегі НАСАның Марсқа ұшырғандағы Майрософт ракетасының жол ортада қатып қалғаны сияқты.

Увахахаха!!!)))
VVVWWW
Өлтірдің сен ха… ха Ризамын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.