BitTorrent

IT information /
BitTorrent — биттік ағым деген ұғымды білдіреді екен. Соңғы онжылдықта шыққан құжат алмасу жүйесінің кең таралған түрі, бүгінде Сіз және біз болып белсенді қолданып жүрген жүйенің сызбасы мына күйде жүреді екен:



Жоғарыдағыдай сызбада көрсетілгендей, құжаттар клиенттен клиентке тікелей жіберіле алады. Бұл жерде, сервер торрент құжат туралы ақпарат қана беріп, клиенттерді біріктіретін орын ғана болып тұр. Торрент трекерлер ашық және жабық болады. Жабық трекерлер көбіне рейтингпен белсенді жұмыс жасайды, өзара рейтинг жоғарылаған сайын, келесі аккаунт ашу сияқты мүмкіндіктер беріліп отырады. Құжаттың құрамында нақты не болатындығы серверге белгісіз, сондықтан, торрент құжаттардың ішінде түрлі вирустық, теріс пиғылды программалар (теріс пиғылды программисттердің өнімі ше?) емін-еркін жүре алады.
Құжат алмасу көбіне торрент программалармен жүзеге асырылады (онсыз да алмасуға болатын жолдары бар), мәселен uTorrent.
Пир, сид деген терминдерді көп естіген боларсыз?
Сид — құжат таратушы автор болуы мүмкін, немесе құжатты толық көшіріп алып, оны таратушы.
Пир — торрент таратуға қатысушы. Мейлі ол құжатты жазып алып жатқан клиент болсын, бірақ ол қатысушы болып саналады. Сонымен, сид және пирлер көп болған сайын, құжатты көшіріп алу жылдамдығының жоғарылау ықтималдығы да жақсы болмақ.

Сурет wikimedia.org сайтына тиесілі

3 пікір

MSHERIMBEK
Онлайн трансляцияларға, тікелей ТВ эфирлерге арналған Торрент Стрим дегенді естідім. Кәдімгі трансляця құралдарынан 3-4 есе жылдам дейді. Негізі Торрент деген мықты нәрсе;)
beko
Аха, болашағы жарқын! Алдағы уақытта шығып жататын болыпты ғой, Торрент Стрим сияқты.
life_ayat
Торрент трэкерлермен қазіргі таңда көп қолданушылар қолданып жатыр ғой… Керек нәрселердің барлығы бар… Тіпті бір ретте интернетте төңкеріс болып жатқанда, Казторканы жауып тастаған кезде өзіме орын таба алмай қалдым ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.