↑ Жоғары шығу
02 тамыз 2012

Мой Мир әлеуметтік желісінің неге қазақшаланбай отыруының себебі.

Осындағы ақпарат көзі тек менің ойым. Мен Mail.ru компаниясының өкілі емеспін, сондықтан жаңылысуым да мүмкін. Бұл мақаланы өзімнің жинақтаған тәжрибемнің негізінде жазып отырмын.


1. МойМир әлеуметітк желісінің танымал болуы. Қалай дамыды.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіні еңбектеген баладан бастап, жасы үлкен аға-әпкелерімізге дейін қолданатыны рас. Осы орайда Қазақстанда танымал әлеуметтік желі — МойМир болып саналады. 2007 жылы ашылған бұл әлеуметтік желі Mail.ru порталының құрамдас бөлігі болсып саналады. Алғашқыда Mail.ru порталының негізгі қызметі Электронды пошта қызметін ұсыну болғанымен, кейінірек [email protected] атты онлайн түрде ақпарат алмасу қызмет түрін іске қосады. Қолданушылар тек электронды пошта және чат мүмкіншілігін жақсы қолданатын бұл порталда, жаңа мүмкіншілік қолданушылардың арасында үлкен сұранысқа ие болып, танымалдығы артты. Осы кезде Mail.ru порталының порталына тіркелушілер мен бағдарламаны қолданушылар саны еселене түсті. Кейінірек Java бағдарламасында жазылған Ұялы телефонға арналған нұсқалары ұсыныла бастады. Бұл өз кезегінде қолданушыларға ыңғайлы болғандықтан Қазақстанның тұрғындарының да ықыласына бөленді. Алдын СМС арқылы хат алмасатын жастар, арзан ақпарат алмасу түрін тез игеріп алды. Егер сіз 1 смс құны 12 теңгені құраса және 1 смс-тің ішінде сіз 160 символдан тұратын ақпарат жібере алатынсыз. Ал бағасы төмен 12 теңгеге сіз агентке кіру арқылы көптеген ақпаратты жазып, достарыңызбен бірдей уақытта бірнеше досыңызбен ақпарат алмасуға мүмкіндік берді. Соның арқасында Агентке кірушілер саны күрт артты. 2006 жылдары Ресейде Вконтакте әлуметтік желісі іске қосылып, қолданушыларды өзіне тарта бастады. Өз кезегінде Mail.ru порталы да 2007 жылы МойМир әлеуметтік желісін іске қосты. Электронды поштаны қолданатын барлық қолданушылар еркін сол өздерінің логин және құпиясөзімен МойМир әлеуметтік желсін пайдаланып кете алатын болды. Mail.ru сайты үлкен портал болып саналады. Яғни бір Логин және Құпиясөз арқылы сіз барлық мүмкіншілікке ортақ логинді қолдана бересіз.

2. Электронды поштаның сол кездегі танымал кодировка КОИ-8 және Windows-1251 қолдануы.
Алдын Майл.ру сайты КОИ-8 және Windows-1251 кодировкасын қолданатын еді. Яғни бұл кадировканың құрамында қазақ әріптері жоқ. Сондықтан ссіз жазған хаттағы қазақша әріптері ҚҰҮӨҒҢІӘҺ әріптері? немесе төртбұрышты символдар түрінде келетін. Mail.ru порталының порталы өздерінің Электронды поштасын бірденен UTF-8-ге ауыстыра алмады.
Себебі алдын-ала дайындықтарын жүргізіп, көптеген қолданушылардың хаттары мен құжаттарын жоғалтып алмау басты мақсатта тұрады. Сондықтан тыңғылықты дайындықты Mail.ru команиясыны 2010 жылдың күз айларынан бастап, кодировканы ауыстырудың қамын жасады. Оларға 6 петабайт хаттарды және 100-деген миллион электронды поштаны ауыстыру жоспарда тұрды. Ал енді ойлай беріңіз 6 петабайт ақпараттың қандай көлем екенін. 2011 жылдың көктеміне қарай толықтай UTF-8 кодировкасына толықтай өтті. Тиісінше барлық хаттар енді кезекте UTF-8 кодировкасында өңделеді. Деректер қорын қолданатын MySQL және PostgreSQL-дегі ақпаратты сақтаса оларды да ретке келтіріп шығуға тура келеді. Оған тағы осы поштаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әр құжаттың кодировкасын ауыстырып шығудың өзін есепке алыңыз.

3. МойМир әлеуметтік желісінің қазақша қаріптерді қолдамай отқандығы.
Алдын айтып кеткендей МойМир әлеуметтік желісі 2007 жылы іске қосылды, ал электронды поштаны 2011 жылдың көктеміне қарайUTF-8 кодировкасын қолдайтындай етіп ауыстырды. Әлеуметтік желі алдын қосылған, тиісінше UTF-8 кодировкасына негізделіп жасалмаған. Бірақ UTF-8 кодировкасына ауыстырайын десе Әлеуметтік желінің істеп тұрын қамтамасыз ететін бірнеше мыңдаған құжаттардың кодировкасын ауыстыру қажет. Мейлі барлығын ауыстырмай-ақ тілдік құжаттарды ауыстырғанның өзінде біршама уақыт кетеді. Бірақ меніңше ең басты қиыншылық ода болып тұрған жоқ. Алдын айтып кеткендей Электронды поштадағы ақпараттың өзі 6 петтабайтты құрайды. Ал енді есептей беріңіз МойМир әлеуметтік желісіндегі ақпараттың қаншалықты көп екенін. Олардың көлемі 100-деген петтабайт болуы мүмкін. Әндер, Суреттер, Видеолар т.б. көптеген ақпаратты есепке алыңыз. Омен қоса сіз қолданбасаңыз да, Әлеуметтік желі арқылы жіберілетін Жеке хат, Әлеуметтік желіде достарыңызбен бөлісетін сілтемелер, микраблогтағы сөздер осының барлығы сақталынатын орын алады.
Бір күн ішінде Mail.ru порталын қолданатын адам саны -20 миллион. Қолдану хиты бойынша 500 миллион.
Сайтқа келетін қолданушылардың 70-80 пайызы МойМир әлеуметтік желісін қолданады. Енді есептей беріңіз Әлеуметтік желіні қаншама адам қолданып отқанын.
Алдын сайт 15-20 минуттай істен шыққанда интернетте қандай шу болғанын білесіздер. Mail.ru порталы өздерінің аудиториясын жоғалтып алмау үшін сайтты 5 минутқа болса да өшірмейді. Қайта сайттың толықтай істеп тұрын қамтамасыз етіп отырады.

4. Қорытынды сөз.
Бұл айтып жатқан ойларым, бір нақты ақпаратқа негізделмеген. Яғни Mail.ru сайтының ешқандай өкілі осындай деп мәлімдеме берген емес. Бірақ тек Электронды поштасының өзінUTF-8-ге өткізу барысындағы ақпараттары -Нақты. Олардың 6 петтабайт ақпарат пен 100-деген миллион электронды поштаны ауыстырғандығы Mail.ru порталы қызметкерлерінің мәлімдемесі. Осы ақпараттарды негізге ала отырып өзімнің осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірбием мен білімімнің негізінде МойМир әлеуметтік желісінің неге Қазақшаланбай отқандығын айтып отырмын. Бар мәселе кодировкада. Ал кодировканы ауыстыра салайын десе ақпарат көлемі тым үлкен. Оларды жоғалтпай ауыстыру үшін, көптеген күш пен уақыт қажет. Mail.ru порталы алғашқы қадамды жасап алды, олар Электронды поштаның кодировкасын ауыстыру арқылы өздеріне тәжрибе жинақтап, келесі қадамға баруларының ауылы алыс емес екені анық. Себебі UTF-8-ге ауысу арқылы тіпті Қытай ироглифтеріне дейін көрсете алатын мүмкіндікке ие болады. Олай етеді де, бірақ қашан екені маған беймәлім. Болашақта ауысатыны анық.

p.s. Ойымды толық жеткізе алмадым. Барынша түсінікті етіп жазуға талпындым. Егер түсіндеген жерлеріңіз болса, пікірде талқылайық.
p.p.s. Орысша Mail.ru порталының өкілінің электронды поштаның қалай ауысқандығыт туралы мақаласын мына жерден оқи аласыздар.
?

Пікірлер:30

avatar
  • User
  • 02 тамыз 2012, 18:26
  • 0
;)
Пікір 2021-08-02 22:23:16 күні yerbol89 тарапынан түзетілді
  • rauan
  • 02 тамыз 2012, 22:10
  • +1
Майл.ру-ды қолдану жағынан Қазақстан бірінші орында тұрғандықтан олар utf-8 кодировкасына өткізуге міндетті.
avatar
Осыны жазғаныңа да рахмет, Ербол! Әйтпесе, кейбір адамдар орыстардың бұл сайтын «шовинистік сайт» деп атайды. Оны тек орыс тілінде болғаны үшін және осы UTF-8 ге өтпей отырғанын негізге алады. Негізі оларға да тиімді көп тілді қолдауы. Жалпы, жазбаң жақсы, кішкене асығып жазып, кейбір сөздерің қате кетіпті. Мен саған бұл жерде IT саласы жағынан 5 қоямын. Осындай зерттеу, шолулар көбірек болса екен.
  • Ak123
  • 02 тамыз 2012, 22:17
  • 0
орыстардың бұл сайтын
өзбектердікі дейді ғой
avatar
Өзбектердікі емес, Ресейде тұратын бір ғана Алишер Усманов деген миллиардер өзбектікі. Ол Мой Мирдің ғана емес Лондонның Арсенал ФК-ның да иесі екен.
Лондонның Арсенал ФК-ның да иесі екен.
Емес
avatar
Аха асығыстау жаздым. Жазуыма себепкер болған қайта қайта ойбау тіліміз қорланып жатыр, әдейі ауыстырмайды деген қайта қайта жазылып жатқан мақалалар. Министірлік не істеп отыр дейді, мұнда министірілктердің еш қатысы жоқ. Оны істейтін майл.ру порталың қызметкерлері. Ал оны істеу оңай шаруа емес екендігін түсінгілері де келмейді. Негізі барлық мәселе ақпараттықө сауатсыздыққа келіп тіреледі.Қашан ақпараттық және айти сауаттылық болады сол кезде адамдар басқаша көзқараспен қарайтын болады.
avatar
«база данных», «актуалды проблема» деген тегтерді қазақша жазуыңды сұраймын. «Мәліметтер базасы» және "өзекті мәселе" деген тым жақсы аудармалары бар.
avatar
Жақсы. Эххх шіркін тілге сіңіп қалған ғой, ауызша қалай айтамыз солай ұрып жазып кете бергенмін ғой. :)
avatar
дым тусиниксиз го не жазганинсын
  • ruben
  • 03 тамыз 2012, 02:11
  • 0
бәрінен министрге хат жазған жігіт қатырды. псевдопатриоттарға мынауыңыз тұщымды жауап екен.
avatar
  • konvict
  • 03 тамыз 2012, 11:05
  • 0
Ереке, жақсы жазба екен. Ырысбек. Мен де неге қазақ тіліне ауыспайды деп ойлап жүруші едім
avatar
  • Mzafar
  • 03 тамыз 2012, 11:21
  • +1
Әрине жоғарыдағының бәрі дұрыс, бірақ проблема ауыстырудың қиындығында емес. Проблема мынада: UTF-8 де ақпаратты сақтау КОИ немесе Вин1251-ге қарағанда екі есе көлемді. Осыны ескере отырып ойлаңыздар мысалы, орта есеппен майл.руда 120 петабайт инфа бар + тұрақты поток информации, осыны ровно 2-ге көбейтеміз = серверлер өлді / просто бұл мүмкін емес. Бұны дұрыс түсіну керек, техникалық өте қиын нәрсені аз аудиториялы қазақ тілі үшін ауыстырудың қажеті қанша? Проблема қазақ тілін дискриминациялап жатқан орыстарда емес, өзіміздің қазақтан шығып жатыр емес пе?
Меніңше тексттің көлемі петабайтқа шықпайды, ол мультимедиялық файлдардың салмағы
Мен де мәтіндер көлемі 6 петабайт дегенде сене алмай отырмын. Мультимедиялық файлдарды қоса есептеген болса олардың не қатысы бар екен?
отмазка
avatar
  • Mzafar
  • 03 тамыз 2012, 18:51
  • 0
прикрепленный файлдар 30мб-қа дейін болса хаттар ішіне салынып кетеді ғой содан болар?!
Мзәке прикрепленный файлдардың кодировкаға қандай қатысы бар? базада тек текст жатпай ма?
avatar
  • Mzafar
  • 04 тамыз 2012, 20:24
  • 0
Оппа кеше әжептеурі қуған екенмін ғой, кәз өзім жазғанымды өзім оқып WTF дедім. Барып шегіп қайтайын…
avatar
Базада суретті де сақтауға болады. СЖ-да суретті Базаға сақтайды. blobid қолданылады. СЖдағы барлық авалар базада жатыр. :)
avatar
Суретті мазаға сақтау болатындығы бар. BLOBID арқылы сақтауға болады. Мен Мой Мир істеп тұрған кодпен жұмыс істеп көрген жоқпын. Сондықтан ештеңке айта алмаймын :)
маза?
avatar
база дегенім ғой :)
wordpress жапқанша, майл.руға доступты жауып тастау керек еді
  • ruben
  • 03 тамыз 2012, 15:05
  • 0
Михалыч, қара қазақтың ағармағанын қалайтындардың ісі ғой бұл дегенің.
Кезінде Отан үшін деп тігіліп аударып едік
Жауып тастаған соң обидно болып кетті) Майл.руға команда жинап қаншама бомба тастадық мыңқ етпей қойды (((
  • ruben
  • 03 тамыз 2012, 15:31
  • 0
Отан ұландарын ұмытпайды! Ер хесімі, ел хардында.
мыңқ етпегесін ғой, ағайын-туыс, құда-жекжат, тамыр-танысқа мэйлруды бойкот етің деп жүргеніміз.
avatar
E ovwim kazakwa sait awip alu kerekko Хат.кз Почта.кз degen siakti ka awuga boladi osi jerde awa alatin adam)sosin ozimiz kaifabait etip otamizgo e ol kiingoi birak!
Пікір 2021-08-03 15:05:59 күні Qarabala_95 тарапынан түзетілді
avatar
  • dimash
  • 03 тамыз 2012, 19:33
  • 0
Кейде латын әлібиіне ауысқан дұрыс болар еді деген ойда қаламын…
Латын әріптерін қолдансақ бұл «проблема» ұмыт болып кетеді ғой.
Термидерді көп қолданбай қарапайым түсіндіргеніңізге алғысым,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.