Сабақ 8. Массивтер

Programming Solutions /
Бір өлшемді массив
Ауылда кішкентай кірпіштер құятын қалыпты көрген боларсыздар. Ағаштан жасалған, ішінде бірнеше ұяшықтары кішкене жәшік. Немесе, тоғызқұмалақ ойнындағы тақтаны есіңізге түсіріңіз. Массивтер де соларға ұқсас келеді. Ұяшықтары болады, және ұяшықтарына белгілі бір типтегі айнымалыларды салып қоя аламыз. Жалпы, көптеген бір типтес айнымалыларды бір жерде жинақтап қоюға арналған.
Мысал. Сандардан тұратын массив құру

int a[] = new int[5];//5 ұяшықтан тұратын массивты құру
       a[0]=34;//ең алғашқы ұяшықтың индексі 0 ден басталады
       a[1]=5;// келесі ұяшыққа мән беріп жатырмыз
       a[2]=23;//-||-
       a[3]=76;//-||-
       a[4]=12;//-||-
       System.out.println("a[0]="+a[0]);//нәтижеге ұяшықтың мәнін шығару
       System.out.println("a[1]="+a[1]);//-||-
       System.out.println("a[2]="+a[2]);//-||-
       System.out.println("a[3]="+a[3]);//-||-
       System.out.println("a[4]="+a[4]);//-||-

Көп өлшемді массив
Бұлар практикада көп қолданылмайды. Сондықтан, жазуды да қажет санамадым. Бар екенін білсеңіз жеткілікті, кейін өзіңіз оқып аларсыз.
Сонымен, бұл сабақта массивтермен таныстық. Олартың типі және индексі жайында сөз қозғадық.
Үйге тапсырма
1. Жоғарыдағы кодты циклдарды қолдану арқылы ықшамдау
2. 10 ұяшықтан тұратын бір өлшемді double типті массив құру
3. Түрлі типтегі массивтер құрып, мәндерін нәтижеге шығарып қарау

17 пікір

StrangeR
0-дан бастайтыны қызық екен) ұяшық саны алтау боп кеткен жоқ па?)

1.
int a[] = new int[5];//5 ұяшықтан тұратын массивты құру
       a[0]=34;//ең алғашқы ұяшықтың индексі 0 ден басталады
       a[1]=5;// келесі ұяшыққа мән беріп жатырмыз
       a[2]=23;//-||-
       a[3]=76;//-||-
       a[4]=12;//-||-

for(int i=0; i<10;i++){
        System.out.println("a[i]="+a[i]);
           }
2.
double a[] = new double[10]
3.
int a[] = new int[2];
double b[] = new double[2];

a[0]=34;//
a[1]=5;//
b[0]=6;//
b[1]=9;//
Рахмет, үй тапсырмасын орындап қойдым)
ereke_enu
Зачет!!!)) Бұрын бір тілмен таныс па едің?
qyrmyzy
мәәә, қатал екенсің ғҮә?! Маған игеруге, меңгеруге мүмкіндік бар ма?
ereke_enu
))) Әрине. Бірінші сабақтан бастап қарай бер. Бірақ бұл еркектердің ісі)
qyrmyzy
болам деген баланың бетін қақпа, белін бу ©
ereke_enu
өзімнің жеке ойым ғой. Оған бола, басқа-басқа, сен қайтпассың))
StrangeR
с++-ты өзімше оқымақ болғам, бір жерін түсінбей басым қатып, сомен жалғастырмадым.
ereke_enu
ия, болады ондай.
zhurttyn_balasy
Бірінші кодың менде қате шығарды, былай десек дұрыс болар?
int a[] = new int[5];
       a[0]=34;
       a[1]=5;
       a[2]=23;
       a[3]=76;
       a[4]=12;
       for(int i=0; i<5; i++){
       System.out.println("a["+i+"]="+a[i]);
       }


пы\сы: автор массив неше элементтен тұратынын біліп беретін функция бар ма?
ereke_enu
a.length — a массивінің элементтер саны
MSHERIMBEK
Уаа, Ұстаз) Енді ғана қол босап сабақтарды бүгін қарап шығамын:)КырасапЧег Ереке)
ereke_enu
Ұстаз деш)Сіздерден енді ақыл-кеңес күтеміз енді)
Ademi
Сізден жақсы мұғалім шығады екен!
ereke_enu
Универде группамды жинап үйреткен кездер болған)) Жатақханада да кабинетіме балдар келіп тұратын. Жұмысқа тұрғалы бәрі қалды ғой. Болашақта өз универімде сабақ берсем, курстар жүргізсем деген ойлар бар. Ол енді бір факторларға байланысты болады
qwenchi
Видеоурок жаса, көмектесем
ereke_enu
жақсы. Саған жекеге қалай шықса болады
qwenchi
Осы сайт арқылы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.