FTP протоколы арқылы сервермен файл алмасу немесе filezilla

Programming Solutions /
Терминдердің қысқаша түсініктемелері:
FTP — File Transfer Protocol
— бұл мәліметтерді өткізетін протокол. Бұл протокол арқылы локалды компьютерден удаленный компьютерге ыацлдарды жүктеуге болады.
FTP-server
— Бұл арнайы программалармен жабдықталған әдімгі компьютер. Бұл компьютер арқылы FTP протоколын қолданып файл алмасуға болатын болғандықтан FTP-server деп аталады. Негізі UNIX ОЖсі орнатылған кез келген компьютерде FTP протоколы арқылы файл алмасуға мүмкіндік бар. Файл алмасуFTP клиент арқылы іске асады.
FTP (connection) байланыс
— Удаленный компьютермен FTP протоколы арқылы байланысу
FTP-client
— Бұл FTP сервермен байланысқа шығаратын программа.

FTP сервермен байланыс орнату үшін бізге мына мәліметтерді білу қажет:
Hostname: mysal.kz
Username: qwenchi
Password: qwenchi

Жоғарыдағы мәліметтердің орнына өздеріңіздің мәліметтеріңізді қоясыңдар әрине.
Файлзилланың жоғарғы жағындағы жылдам қосылу панеліне осы мәліметтерді енгізіп quickconnect батырмасын басу арқылы сервермен байланысқа түсеміз.

Мұндағы port ұяшығын бос қалдыруға да болады.

Файлзилладағы панелдердің орналасуы

1. Құралдар панелі
2. «Жылдам қосылу» панелі
3. Хабарламалар логы
4. Локалдық компьютердегі папкаларды кһрсететін панель
5. Сервердегі папкаларды көрсететін панель
6. Жүктеліп жатқан файлдардың кезегі
Сервермен байланысқа түсіп жатқанда қаьелік туындаса, мысалы құпиясөз қате болса, хабарламалар логында қызыл әріптермен жазылады. Төмендегі суреттегідей:


Енді, локалды компьютерден файлдарды серверге тастау үшін, 4-ші нөмірлі терезенің астындағы терезедегі файлдарды бірін таңдап, яғни сервеге тасталуы керек болған файлды немесе папканы таңдап, мышканың оң жағын басып «download» дегенді бассу жеткілікті. Ал серверден локалды компьютерге жүктеу үшін, 5-ші нөмірлі терезенің астындағы терезедегі файлдардың арасынан керекті файлды немесе папканы таңдап, мышканың оң жағын басып «download» дегенді басу жеткілікті болады.

Filezilla программасын мына жерден жүктеп алуға болады filezilla-project.org

20 пікір

Korkem
мяяя күЧт-мүЧт
qwenchi
Саған ұнаса болды ))
AKA
Айсара детектед
Korkem
Үлгі алыңдар деді ғҰәә
AL-ASTER
Рахмет. Серверге осы бағдарламамен құжат көшірем. Бірақ көбіне жылдамдығы ұнамайды. Арнайы плагин арқылы браузердің және Тотал командермен де болатын көрінеді, бірақ жылдамдығын салыстырмадым. Қалай екен?
qwenchi
Иә, тотал коммандермен де болады. Ал жылдамдығына келетін болсақ, файлзилланы басқаларынмен салыстырып көрмеппін.
Өзім қолданғанда, ол ситуацияға байланысты. Мысалы, серверге көп файл тастау керек болса, файлзилла қолданбай ақ сразу CPanel (немесе сол сияқты веб панельдерді) қолданамын. Зиптап тастап, сол жерде зиптан шығара берсең болад.
pari
Өте жақсы түсіндіріпсіз!
Негізі filezilla деген жақсы бағдарлама. Мен осы файлзилла арқылы юкуз сервисінен ашқан сайтыма талай шаблондар лақтырғанмын. Бұл файлзилламен лақтыру өте оңай әрі тез.
Нема Нотепад+ деген бағдарламамен движокты қазақшалау туралы пост жазсаңыз жақсы болар еді.
Abylai
word арқылы қалай өз атымды жазсам болады деп сұрамағаныңа шүкір :))
qwenchi
Қандай движокты?
pari
Joomla?
qwenchi
Joomlada админкадан болмай ма қазақшалауға?
Жумланы білмиді екем
Abylai
Пайдалы пост +
Мен тотал командерді қолданамын.
ereke_enu
Пост керемет, красавчег)
ereke_enu
Осыны кодта қалай жүзеге асыруға болады. Бір форма болады: обзор болады, бір файлды таңдай қоясың да, «жүктеу» деген батырманы баса қойсаң, файл серверге жүктеледі. Егер сол файлдың url-н қайтарса, өте жақсы. Вобщым, сондай функция жаза аласың ба?
qwenchi
Мынау болмай ма?
aitaber.kz/blog/webtech/442.html
ereke_enu
болады екен, көрдім. Рахмет
rauan
Рахмет, пайдалы жазба.
Ал мен осы filezilla мен мозиланың FireFTP плагинін қолданғанмын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.