Командалық программалау

Programming Solutions /
Сәлем, достар! Кезекті пост жазып отырғаныма, постымды оқып отырғандарыңызға алғысымды білдіремін.

Бағдарламалау тәжірибесін арттыру мақсатында, программалауға ниет еткен кез-келгендеріңізді жолығуға шақырамын.
Алдымен, жеңілдеу паскаль тілінен бастап жіберейік.
Тапсырмаларды acm.timus.ru/problemset.aspx?space=1&page=1 мекен жайы бойынша шолып шықсаңыздар болады.
Сіздерге қойылатын талап, паскаль тілінен мектеп басғдарламасындағы есептерді шығара білу. Жоғарыдағы сайттағы қарапайым деген есептерге деген ынта болу. Жолыққан соң, талқылап есептеу бойынша шешімін көре жатармыз.
Жолығу датасы: Наурыздың 2 жұлдызы. Әзірге жолығатын жеріміз Орталық алаңдағы «Алмалы» сауда үйі. (Вайфай жақсы көрінеді :) )

Рахмет!

Programming Solutions: Командалық программалау

2 пікір

qyrmyzy
Алмалының уайфайы керемет емес. Фбны ойланып әрең ашады. Сәттілік!
Abylai
Не бүлдірейіндеп жатсыңдар ә? ))) Паскалисттер кездескенде бір бірлеріне Ассалаумағалейкум демей program деп бастайды екен әңгімелерін дейді мыс
Іске сәт! Хабарларыңды айта отырыңдар!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.