Шағын ресурс ашылды

Programming Solutions /
Сәлем, достар. Алдыңғы посттың нәтижесінде жаңа ресурс ашылды. Сайттың мақсаты, программалау (софт, веб) және жүйелік әкімгерлер арасында нақты тапсырма шешіп, өзара тәжірибе алмастыруға (әлде ауыстыруға ма) арналған сайт. Алдымен, халқыма, сосын Рауанға аКа /х-Мырза/ және бірқатар қолдау көрсеткен қазақтілді дамушы сайттардың әкімдеріне алғысымды білдіремін. Сайттың аса мықты жүйесі немесе алып бара жатқан дизайны жоқ екенін алдын ала ескертеміз.

Екі бағытты қамтиды: сұрақ-жауап және блог жүргізу. Әзірге тек сұрақ-жауап бөлімі қосылды.

Көп айтып аз істегенше, аз айтып көп істі тындыруға бел будық.

Сайт бета версияда жұмыс жасайды. Жасайтын іс өте көп, оны тізіп қойдық. Сіздердің тараптарыңыздан ұсынысты міндетті түрде ескереміз. Сайт игілігі өздеріңіздікі.

Құрметпен, like-minded.kz командасы.

1 пікір

rauan
Сәттілік… Күнделікті кіріп тұратын боламын..)) тематикасы қатты ұнады...=__)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.