Salem Alem немесе Қазақшаңыз қалай?

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Сәлем Әлем!!!
Қазақша Блог та ашылды! Қандай Керемет!!! Ойлаған ойыңды тек орысша емес енді қазақша да жеткізе алатын болдық. Сізді білмеймін Мен ұзақ уақыт күттім. Сондықтан да өте қуаныштымын!!!

Сол себепті 1-ші жазбамды интернеттің қазақшасы қалай деген сұрақтан бастаймын!
Адам орта есеппен өз уақытының 25% ғаламтор жүйелерінде өткізеді(Nielsen). Сонда бұл жүйелер Біздің қарым-қатынас жасайтын құралдарымыз болып табылады. Ал енді ойлап көріңіз, адам қай тілде қарым-қатынас жасасып сөйлессе сол тілдегі сөздік қоры күшейе түседі, дамиды. Ал біздің қолданып жүрген барлық ғаламтор жүйелері(vk, facebook, twitter, mail.ru, nur.kz тағы басқалары) орыс тілінде не ағылшын тілінде. Күнде ашқанда күнде орысша немесе ағылшынша сөздер. Неге біз бос қарап отыруымыз керек?! Неге translate.google-да әзірбайжан тілі, естімеген тілдер бар да қазақ тілі жоқ?!

Барлығына өзіміз кінәлі.

Сіз Facebook/vkontakte-ның қазақ тілінде бар екенің білесіз бе? Егер білсеңіз оны қолданасыз ба? Ал егер білмесеңіз енді білетін боласыз. жай біліп қоймай оны пайдануға кеңес берем!!! Әрине екі желіде толық аударылмаған, кей жерлерде қателер кездесіп жатады. Бірақ уақыт өте келе қателер де дұрысталады. Тілді ауыстыру үшін қондырғыларға кіріп тіл деген жерден ауыстырасыз.

Қазір Facebook қазақ тіліне тек 28% аударылған. Барлығымыз бірге осы санды үлкейтсек болады. Ол үшін www.facebook.com/translations/ сілтемесіне кіресіз. Сол жерден Қазақ тілін таңдайсыз.

Және де твиттерде әр Сәрсенбі қазақша жазатын күн жарияланған. Жазба жазған кезде #kzday дегенді қосып жазуды ұмытпаңыз! Дәл осы сөзбен іздесеңіз басқа адамдардың жазбаларын көре аласыз! Тағы бір зат ол жерде латын әріптерімен жазған дұрыс, себебі қазақша символдарды танымайды!!!

Қазақша қарым-қатынас жасасуды ұмытпайық!!! :)
Келесі жолы Твиттер не үшін керек?!

7 пікір

Arhun
қазақшаға қойса неге «Переводы
Русский · Settings» деп тұр 7
MSHERIMBEK
Өйткені сіздің по умолчанию тұрған тіліңіз орысша болғандықтан болар
Arhun
оны ауыстырдым бірақ ешқандай өзгеріс жоқ… =(
1, Сол Settings ішінен ауыстырдыңыз ба?

2, 30 Күнде 1 рет қана ауыстыра аласыз!
Arhun
мен қысқасы әбден былықтырдым енді бір айдан кейін коре жатармын
Ең бастысы тырысып көру!!! :)
akil_kalta01
jandos08 рахмет! Керемет мәләмет болды!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.