Көк тудың желбірегені!!!

Мен ҚАЗАҚПЫН! /



Ассалаумағалеикум! Қазақ жастары! Мене кеше ғана Маскеудін төрінде өткен, Бірінші Халықаралық ғылыми және тәжрибелік конференция өтті! Тақырып:Әлеуметтік экономикалық модернизациялау және елдің басты даму бағыты атты! Ол жерде өзім болып мына мәселелер төңірегінде сөз қозғап, баяндама жасап едім сол туралы аз кем мәлімет! Ассалаумағалеикум! Алаштың үлгі тұтар ұл қыздары! Мне бүгінгі жиында бас қосып, Ел келешегі үшін маңызды, мәселер төңірегінде сөз қозғап отырмыз. Осы орайда менің айтар мәселем мына тақырыпта болмақ. Қазіргі кездегі Қазақ жастарының бағыты, келбеті, ұлттық сипаты! Тоқсан сөздің тобықтай түиінін айтайын!-деп бастап кеттім!!!
АЛЛАға мың шүкір қазір егемен ел болып, Тәуелсіздіктін таңы атқалы бері Қазақ елін әлем танып, мойындап келет! Осы көк тудың желбірегені бізге не берді? біз елге не бере алдық, келешекте не береміз не істейміз. Қазақ жастарының алдында тұрған кезек күттірмес мәселелер баршылық, атап өтейн олар:
  • Қазіргі кездегі улап бара жатқан мәселе Қазақ жастарының басқа мідениетке еліктеуі.

  • Діни мәселелер бойынша сауатсыздық.

  • Ел болам десең бесігіңді түзе!

1)Қысқа-нұсқа тоқталып кетейн. Тәуелсіз байрағын көкке көтерген еліміздің бет алысы шүкір етерлік. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шетел мемлекеттерінен білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс — беріс, сауда — саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен сол жастарымыздың санасын шетел мәдени болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр.Әрине қазақтан бәрін көре беру дұрыс емес, дегенмен еліктеу болмысымызда өте жақсы дамыған. Мысалға қазіргі қазақ жастарымыздың қызықтыра жалықтыратын, арманы мен аңсарын олардың жүріс — тұрысы, іс — әрекеті, киім кию үлгісінен байқауға болады. Қазіргі кездегі улап бара жатқан мәселе осы қазақ жастарының басқа мідениетке еліктеуі. Бұл біздің мәдениетіміздің жастар арасында дұрыс денгейде насихатталмай жатқандығынан да болар. Тек мерекелік кездерде шапан киіп тиятырлық қойылымдарда ғана емес күнделіті өмірге енгізу, кезек күттірмес шаруа мына жахандану заманын да. Жастардың қазіргі кездегі салауатты өмір салтын ұстанбауы тағысын тағы. Әрине мен бұл жерде бәрін қаралап тұрғаным жоқ, көпке торпақ шашпақ емеспін. Дегенмен ұлттық болмысымызды жоғалтып алсақ, біздің жойылуымыз әбден мүмкін! Басқа өз мәдениеті мен салт-дәстүрін бекем сақтаған елдің көлеңкесінде қала береріміз бек мұмкін. Ол үшін қайтпек керек? Мен сол жастардын бірі ретінде айтар ойым.
Әр-бір бала балабақшадан, мектеп табалдырығын аттаған кезден жәнеде отбасында ұлттық тәрбиеге сусындауы керек. Егер отбасында айтылмаса онда балабақша түгелімен ұлттық санаға жұмыс жасауы қажет. Маселен мектеп қабырғасында бастауышты битірген бала қазақ күйлерін ұлттқ аспапта домбырада ойнай білсе егер блмесе келесі сыныпқа көшірілмесе, сол сияакты мектепті тәмәмдағанда белгілі дірежеде, бірнеше күй орындай алса. Мейлі бала қаламаса да соны үйретсе ертен сол бала домырада ойнайтын қазақтын қамын жер азамат боларына бек сенімдімін. Олай деуім сол күй арқылы бала санасына өте үлкен отансүигіштік қасиет қонары хақ! Тиексіз домбыраның үні шықпаса, ондай жастардан не қайран!
2)Келесі келелі мәселе Діни сауатсыздық білімсіздік белең алып тұрған жағдайы бар. Оған мына сіздермен біздер куәмәз. Неше түрлі дәстүрлі емес діндер қаптап жатыр олар өз кезегінде қоғамның қозғаушы күші жастарды тартуға тырысады, амалға асырыпта жатыр! Дін бостандығы деген бар, брақ сол өзіміздің ата дінімізді сап алтындай жастарға жеткізіп санасына құя алмасақ құрығанымыз осы. Әкесі мен шешесі басқа дінде баласы басқа жолмен кетсе отбасының ойран болғаны осы, әр отбасы бір мемлекет екенін ұмытпауымыз керек, әр отбасы бүкіл мемлекетті құрады сол отбасылардың ортасы опырылуы ол деген елдің болашағы бұлынғыр. Шетелдік күштердің көздегені де осы елдің рухани жағы әлсіз болса ол елді құрту да оңай болмақ. Осындай жағдайларға түспек үшін асыл дініміз Ислам дінін дүрыс насиқаттау кезек күттірмес міселе. Еліміз қазір бұл бағытта істер атқармай емес атқарып жатыр брақ дегенмен де өте үлкен қарқынмен істеу қажет! Мәселен мына мектептердегі дін сабақтарына маман тапшы, сонымен қатар оқушыға әр дін туралы мағулмат бергенше, бірінші өз ата дініміз туралы сабақтар жұргізілсе алғашқыда, сосын уақыт өте келе басқа діндер туралы мағулмат берілсе! Қазір мына жастар арасында интернеттен сабақ алу деген бар, ол қай адамның ойына келер дүние. Сол арқылы пәленше ұстазбен түгенше ұстазбен тілдестім деп ол былай деді мынаны істеу керек деді деп адасып жатқан жастарымыз жетерлік! Ертеде ұстазбен шәкір тізеге тізені тигізіп отырып даріс алған, шәкірт мне сол шәкірт! Ал қазір сол екі күн намаз оқып интернеттен немесе сенімсіз көздерден алған білімін алға тартып, адасып жатқан жастарымыз жетерлік.
3)Ел болам десең бесігіңді түзе! Бабалар даналығы, асыл сөздің өлмейтіндігі мән мағынасы өте терең. Елдің болашағы жастар екендігі даусыз мәселе. Бүгінгі жастар кешегі мектеп түлектері. Менің айтарым сол қазіргі мектеп түлектерінің хал жағдайы білім алу денгеиі болмақ аз кем. Қазіргі кездегі мектеп оқушылры көпшілігі мына ғаламторда жиі отырады, ол әрине сабаққа қатысты болса мейлі гой, ол оқушы түрлі чаттарда байланысу бағдарламаларыда және де түрлі бала санасына әсер ететін жалаңаш сайттарға креді, оған қарап жатқан ата-ана жоқ, және сонда ұятсыз бейне көрсетілімдері бар сайттарға ешқандай мемлекетті сүзгі жок. Жас кезде алған білім тасқа жазғанмен бірдей, Есейгенде алған білім мұзға жазғанмен бірдей демей ме халық даналығы! Мәселен әлемнің бірнеше елдерінде ғаламторға сүзгі орнатылған. Жаңағыдай керек емес сайттар, мәлімет көздері мемлекет аумағына кіргізілмейді. Бұлда болса елдің болашағына өте үлкен әсер етері хақ.
Ел десе, жер десе, кай бабамыз есе жіберіп еді!? Қазақ ешкімнен кем емес, ешкімнен артық емес! Мына ала-сапыран заманда күрмеуі қиын, Білекті бірді Білімді мыңды жығады деген ұранды алға ұстайық! Еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болсын! Көк туың желбіресін Қазағым!

12 пікір

kema
Ai BEK kerremet jazypsyn, janyn shygaryp, kanyn agyzyp, takyrypty oltirip turyp jazdyn. Sagan asa rizamyn! Amin BEK, amin.!!! Elimizdin kelshegi kemel, bolashagy baiayndy bolsyn!!! OTE ULKEN MASELELER karalgan.
Bek
Рахмет! Мәскеуде болған бұл жиында көп нарселер туралы айтылды брак мына менің айтқаным қолдау тапты, мен бұл жерде өз сөзімнің бір парасын жазып отырмын! Әкімдердің есеп беруіне ұқсамасын дегенім го))!
qyrmyzy
Bek , ұсыныстарың орынды. Неге осы бәрі мектеп, балабақшаға әкеп тіреп қоятынын түсінбеймін...Әке-шешесі міндеттесе, бала үйренеді. Мұғалімдерді аясаңдаршы.
Бәрін өзіңнен баста, оюланған киім тауып ки, оюы бар сумка ұста…
Сосын жазбаңды алдымен менің поштама жіберші, түзеп, қайта өзіңе жіберемін. Грамматикадан дәріс өтуге дайынмын!
Bek
Оның бәрі айтылған тек мұнда енгізе алмадым асығыстау жазылды! Айтқандай қателер қандай...(
Bek
qyrmyzy сен жаксылап окысай мен сол оюды ұлттық киімдерді кунделікті өмірге енгізу керек деп соны аитып тұрмынго! жогарыда! Мұғалімдерді аясандаршы дейсін мен еш мұғалімге зиян келердей ештеме демедім!
qyrmyzy
өйдөйт, ұрспашы
Bek
ұрысқаным жоқ!!!
qyrmyzy
онда айғайламашы
qyrmyzy
леп белгісін жек көрем
Bek
Онда айғайламашы дейсін. Эмоцияға көп ерік бересін ба?
qyrmyzy
Адамдардың сөйлеу мәдениетіне қатты қараймын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.