Қалың қалай? жырақтағы ҚАЗАҚ жастары

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Ассалаумағалейкум! Қалдарыңыз қалай аман ба? Өткен жазбаларымның бірінде, Мәскеудегі қазақ жастарының хал-жағдайын айтамын деп тоқтатып едім. Міне сол күн осы кезге тура келген екен. Өткен аптада сол Мәскеудің төрінде үлкен жиын болып еді, сол жиынның басы қасында өзімде болып едім. Сонда қазақтың білімді, алғыр, әр айтқан сөздерінде қорғасындай салмақ пен алтынға бергісіз ойы, болашаққа нық сенімі бар, Алаштың ұл қыздарымен жолығып, тыныс тіршілігіне бойлай, өзім оқып жатқан қалама оралып едім! Ал енді Ресейдегі қазақ жастарының дені Мәскеу мен Питерборда оқиды ұзын саны 17000 мыңнан астам! Мәскеу Мемлекеттік университетінде қазақ жастарының үлесі баршылық екен. Сол жерде болып Қазақстанда болмасамда, болғандай болдым. Мына маған қазақтың жайдары жүзін көрмегелі 8 ай болып еді, арқа-жарқа болып сөилесіп керемет болып қалдым! Ол жердегі қазақ жастары үлкені бар, кішісі бар өте ұйымшыл әр қашан көмекке дайын, сен тұр мен атайын екен! ММУ-гі қазақ жастарының дені Болашақ бағдарламасымен оқып жатыр. Көпшілігі оқу бітіру үстінде, қазіргі уақытта болашақ бағдарламасы бакалавр бағыты бойынша шет елге оқытуды тоқтатқанына қынжылат, жалғасса екен деген тлектері бар! Көпшілігі жатақханада тұрады, қызықты да мазмұнды, абыр-сабыр, білімге сусындай қазақ жастары өмір кешуде! Қазақ жастарының арасында бірін-бірі бесбармақ жасап күтетін жағдайлары бар екен, ол дәстүрге айналды дейді,-сондағылар мақтана! Дастархан басындағы арқа-жарқа әнгмеде елге деген ыстық махаббат, сағыныш әнгме арқауы екен байқағаным. Бәрінің бір тілегі, арманы бар ортақ. Елге оралып кең байтақ, құс ұшса қанаты талар, ата қоныс мекенге бар ынта жігерін салып қызмет ету деп тастай түйінделіп отыр АЛЛА қаласа ол күндерде алыс емес деп, бір бірімізге қуат күш бере тарқастық!

Сөз саптаған Алтынбек Бекжан!

Қызықтырар сауалдар болса жауап беруге дайынмын)))!

2 пікір

qyrmyzy
Аман-есен елге оралуларыңызға тілектеспіз! Бізге де осылай елді аңсап, жазба жазатын күн туса екен…
Bek
Аумин! Айтқаныңды АЛЛА қабыл қылсын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.