↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
25 шілде 2012

Қазақ жері

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
Авторы: Мұқағали Мақатаев
?

Пікірлер:5

avatar
Талабыңнан айналайын! =))
  • ruben
  • 26 шілде 2012, 01:47
  • +1
(((((((((((:
Авторы: Мұқағали Мақатаев
avatar
aхахах))))
  • ruben
  • 26 шілде 2012, 02:00
  • +1
енді бет алды айналуды қойыңыз. бір мезгіл жан-жағыңызға қарауды әдет етіңіз ((((:
avatar
рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.