Республика.

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Республика

Республика бостандықтың –анасы.
Басшылық қып басқарар ер данасы.
Бай, кедейді бірлікпенен тең еткен
Республика адамдықтың санасы.

Республика басқараудың жүйесі.
Елдігің мен ерлігіңнің киесі.
Саясатпен саралаған салмағын,
Байтақ жердің заңдастырған иесі.

Республика сенің мына айналаң.
Қоғам, адам құқықтарын қорғаған.
Халқын сақтап, халқы үшін күн еткен
Республика ұлаң байтақ кең далаң.

Республика тынысыңның тірегі.
Күш-қуаты, халқы оның білегі.
Өнбойыңа қан жүгіртіп тұратын,
Республика еліміздің жүрегі.

Республика ұланысың ұранды
Ұялмай айт елің үшін жыр-әнді.
Азаматын аялайтын ел барда,
Қуанышпен қарсыаламыз әр таңды.

2 пікір

Jako
Мына өлең біздің кезімізде болғанда, апайлар бізге жаппай жаттатар еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.