Ата Заңға 17 жыл

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Сәлем, Айтаберліктер!



Менің алдымда Ais_97 есімді қолданушы мына жерде Ата Заң және білім күнімен құттықтапты. Менің дайындап қойған постым бар еді Ата Заң мерекесіне, соны жарияламауға қимадым. «Ештен кеш жақсы». Бірақ, «Ата Заңға» әлі 1 сағат бар. Сонда да құттықтай берейін!

Сіздерді 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейді. Конституция – бұл біздің Ата заңымыз! «Конституция» — латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Міне Конституцияға биыл 17 жыл. Ата заңымыздың 17 жылдығы құтты болсын!



Ақын Шайхыислам Құнанбайтегінің «Ата Заң» өлеңін назарларыңызға ұсынамын.

Шықты елңме жаңа заң,
Халқыма атты жаңа таң.
Қуанады сол үшін,
Үлкен, кіші, сан адам.

Көптен күткен өз заңын,
Заңда айтылған өз қамың.
Егеменді ел болып,
Қатарыңнан озғаның.

Заңмен алдың еркіңді,
Жойдың қайғы, дертіңді.
Ата Заңға қуанып,
Аспанға аттың бөркіңді.

Тараттық талай азапты,
Көрдік талай мазақты.
Енді міне таныды,
Барлық әлем қазақты.

Ата Заңымыздың іргесі берік, ғұмыры мәңгі болсын! Тағы да, мереке құтты болсын!

11 пікір

Ais_97
АТА ЗАҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖАРАЙСЫҢ САҒЫНЫШ ЖАҚСЫ ЖАЗЫПСЫҢ!
Ak123
ЛишьБыПікірлеу©
User
Lishbypikirleu©
Ak123
Шірәғім, жәй ма сенікі? латын қарпіне аударып жазып берші деген жоқ едім. алдын ала айтайын: өз-өзіңнен соқтығып, кесірленбеш нервыма тиіп
User
Айсара сен осы Робот емессің ба?
User
Ана кино бар ғо «Хоттабыч» деген оны негізі програмисттер көп көред.Сонда робот қыз болады ғо.Сол сияқты Айсара
Ais_97
Юзер сенің де шығармайтының жоқ екен!
Manas
Ais_97 есімді қолданушы

Ais_97
Манас бұның не??
Togzhan
Ештен кеш жақсы
сенікі керісінше ертелеу кеткен сияқты ғой:)
Құтты болсын!
Jako
Бәрің жаза бересіңдер ме, біреуің жазған соң болды емес пе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.