Бүгін Семей полигонының жабылғанына - 21 жыл

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Сәлем, Айтаберліктер!



Осыдан тура 63 жыл бұрын, 29 тамызда, таңғы сағат 07.00-де қазақ жерінде алғашқы ядролық сынақ жасалды. Сол кезден бастап Семей ядролық полигонында 456 рет ядролық және термоядролық жарылыстар болды. Бұл жарылыстардың 116-сы жазықты жер бетінде, құстары қалықтаған көк аспанға ашықтан-ашық жасалған. Семейдегі полигонның күштілігі сондай, 70 мың адамды тілге келтірмей, тағы 60 мың адамды сәулесінен қаза таптырған Хиросимадағы бомбадан 2,5 мың есе қуатты болған. Сондағы зардабын ойлана беріңіз...

Сол атом жарылысы қаншама халықты мүгедек қылды. Қаншама мал қырылды. Қаншама жас сәбилер дүниеге кеміс болып келді. Ойласаң жүрегің түршігеді. Семей полигонын жабуға ат салысқан Олжас Сүлейменов болды. Семей полигоны жабылып, ел қуанышынды шек болмады. Семей полигоны толықтай жабылды. Бірақта, мүгедек жандар сол қалпында қала берді. Семейдегі барлық мүгедектерге қәзіргі кезде барлық жағдай жасалынды.

Мынау жарылған сәті




Семей атом жарылысының салдарынан зардап шеккен адамдар.



Елімізде мұндай сұмдық жарылыс енді болмасын! Еліміз тыныш, басымыз аман болсын! Көк туымыз ашық аспанда мәңгі желберей берсін!

4 пікір

Chimaq
Paidasyn kim korip jatyr,zianyn kim tartyp jatyr..:(:(
Zhanat
Осы сынақ сыналған жерде болдым осыдан біразз жыл бұрын. Жабылсада әлі біз жақ (Шығыс Қазақстан облысы) зиянын әлі тартып жатырмыз. Осы сынақ жабылғанда медицина ғалымдары мынандай тұжырымдама айтыпты: полигон жабылаған кейін 3-ші,4-ші 10 жылдықтардаң соң патология белең алады деп. сол айтқандары көптеп келіп жатып, түсік тастайтындардың саны күрт санап өсіп барады… жабылсада зиянын тартып жатырмыз
banzaika1990
«экологический» беріп жатырмыз деп алдап қойды ғой айтеу, бірақ ол тартқан зардаптың орнын еш толықтырмас — ау
Yeld
Екінші видеодағы кейіпкердің Семей полигонына мүлдем қатысы жоқ қой…
Ұмыту керек болған істі… Табиғат өзі тазарады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.