Қазақ болып қалу қиын болып тұрғой

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Ұлттық намысымыз жойылды, тіліміз бұлінді, салт-дәстүр деген қолданыстан мүлдем жойылып бара жатыр,қазақы мінез,қазақы болмыс деген ұғымдар тіптен өзгеріп кетті.
біз жай күнделікті ісімізге,өзіміздің жеке басымыздың қамын күйттеп өмір кешіп жатырмыз. Бізге бәрі-бір басшылықта орыс болама, балаларымыз орысша сөйлейма қазақшаны білмей ма еш алаңдаттпайды. бәрінің мақсаты бір "Әйтеуір тыныш өмір сүрсек болды" дейді. Иа казір тыныш өмір сүрерміз. ал ертеңгі күні бізге башсы болып отырған өзге ұлт өкілдері басымызға әңгір таяқ ойнатпай ма. казірдің өзінде қазақты шеттетіп қорлап жүр. ал ағалар оны көрседе неге үнсіз? Мен осыған қайранмын.
Ертең кім боламыз,қазақ болып қалуымыздың өзі екі талай сияқты.
Кешегі лондандағы жарыста қыруар қазақ тұрып жалғыз қазақ алтын алып келді. Бұл менің сөзім емес Өз басым бір орыстың «немене қазақтар мақтанып жатыр сондағы алтын жалғыз қазақтікіғой» дегенін. жетіп барып басын жарсамғой мені алып салып өз қазақ үкіметім сотай салады.
Ұлт болып қалар ма екенбіз сол мені алаңдатады.

7 пікір

User
Есіме Гуантанамо зынданынан басқа нәрсе түскен жоқ.
Kan
Ең құрығанда Алпамысты ойлай салсаң қайтер еді. бірақ Батыс біздің санамызды да жаулап алғанғой
Korkem
Kan мырза! Сен ылғи өзіңе көп аласың! Қазақ деген кім еді? Көшпелі, ерлері батыл, қыздары етек-жеңі жинаулы ел болатын. Одан бері талай заман өтті. Адам өзгерді, қоғам өзгерді. Бірақ, қазақтығынан айырылған жоқ, айырылмайды да. Оған меніңше, сол Лондондағы олимпиадаңның өзі куә. Мая Манеза, Зульфия Шиншанлоның орнына сенің жарың шықты делік. Елестетші, қазақ қызы ауыр көтерген, жуан қара сенің жарың болса?! Қазақпыз, қазақтықтан әлі айнығанымыз жоқ. Үйде, жылы тонға оранып ап, жағың мен тіліңе, тойыс қолың мен шынтағыңа сүйенгеннен не пайда? Пікір-таласқа жетелейтін мұндай құсықты 5 жастағы бала да жаза алады. Өмірге көзді ашып, көңілді оятып қарасайшы! Өзіңнен бастайық, нағыз қазақ болып отырсың ғой, қазақтар көөөп, майдаланған жоқ әлі. Адамның сана сезімі жете бермейтін Алланың жаратылысы мен бұйрығына араласып осы саған не олжа? Рубин айтпақшы, қоңыз теріп кетіп жүрмесең болғаны…
Karakulov
Жалпы саясат болсын не басқа болсын басы-қасында жүріп, көріп-біліп қана шешім қабылдаған жөн ғой. Біз мына жақта отырып алып заманымыз анау, адамымыз мынау болып бара жатыр деп уайым-қайғы төккеннен еш нәрсе өзгермейді. Әрбір сөз іспен бекітілу керек. Қазақтың қамын ойлаған адам ретінде қандай іс-шараға шақырасыз бізді/мені/?
Сосын, өзіңізге баға беріп қарасаңыз: қазақ деген тақырыпта сөз бастапсыз, ал мақалаңызда қате толып жатыр. Бұл жәй флудтай салатын анекдот емес қой.
өз қазақ үкіметім сотай салады.
дейсіз, әрине, солай істегені дұрыс. Адам күшпен емес білімнің негізінде құрылған іспен өзінікін алға сүйреп шығуы керек.

Сізге айтарым, ақыры, қазақпын деген адам екенсіз, қазақтың салт-дәстүрі, отансүйгіштігін т/б асыл құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шара/жәй шығарма ма, мүшәйра-сайыс па, оны өз білігіңіз білсін/ жүзеге асырыңыз. Көмек көрсететіндер де табылар. Іске сәт! Егер сөзіңізді іспен бекітпесеңіз өзгелер түгіл өзіңіз де былшылбайдан артық баға қоя алмассыз өзіңізге.
Kan
Көркемге қарап ой түзепсің жарайсың. Саясаттың басы қасында жүрген жоқ деп сырттан тоң пішпегің. көргенсоң, бір нәрсені білгенсоң жаздым. Әтең әтең бәрі бұлай болмағандағой
ereke_enu
Айтқан жақсы. Әйтеуір, біреу осындай бір тақырып қозғауы керек қой. Бірақ, қашанғы айтып жүре береміз? Кім әрекет жасайды? Кім көш бастайды?
Kan
Осыны жазғандағы мақсатымда осындай жауап есту еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.