Аллаға және ата-бабамызға алғыс.

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Қазақ елі кемеңгер халық. Әр бір ғасырда өзінің даналығымен даралана білген, ержүректігімен ерекшеленіп ұрпақ жолында талай ерлік көрсеткен ұлы ел. Еліміздің тарихы тым тереңде жатыр. Қазақ тарихын зерделеп, зертейтін болсақ қай заман да,қай бір уақыт та болмасын қазақ елі тек тәуелсіздік үшін, еркіндік үшін, бейбіт күн үшін қан төгіп, жан беріскен. Елдің бетке ұстар тұлғалары үнемі ертенгі ұрпақ қамы үшін қамданып, болашақты болжай білген. Егемендік үшін егесіп, тәуелсіздік үшін тіресіп ажалдысы өліп,өлмегені көніп қиындықта күн кешкен қайран қазақ елі.
Сонау сақ тайпасынан бері дархан қазақ даласында өмір сүріп келе жатқан сан-мыңдаған халықтың басынан не келіп, не кетпеді. Қандай азап пен мазақ болсада, нендей сұмдық пен зорлық келседе бәріне шыдап, азабына көніп азып, тозып ақыр соңында бүгінгі күнге де жеттік.
Біздің халық талайдың тепкісінен аман қалдық. "Ұрпағым-ұрпағым" деп еңіріп жүріп егемендікке ие болды. Өткен өтті, кеткен кетті Алла бізге нұрын төкті. Міне біз тәуелсіз өмір сүріп жүрген сол халықтың ұрпағымыз.Ғасырлар бойы атабабамыздың аңсаған, аңсап қана қоймай сол жолда күресіп өткен бірде жанын жалдап, бірде малын даулап, Аллаға дұға ете жүріп тәуелсіздікті бізгі сый қылып жеткізе білді. Осындай ұлы елдің ұранды ұрпағымыз. Осындай Алладан сый болып, атадан үй болып тиген тәуелсіздігімізді қастерлеу мен қадірлеу біздің ұлы міндетіміз.
Өзгеге құл болғанша атаға ұл болайық бірігіп бір болайық. Тәуелсіздігіміздің көк байрағын мәнгігіе желбіретейік. Міне біздің атаға айтар алғысымыздың басты ережелері. Бүгінгі әр бір атқан таңымыз үшін Аллаға шүкір етіп мақтауды жаудыруға тиіспіз. Әр бір Қазақстандық өзінің басып тұрған жеріне қарасын да Алланы еске алып оған алғыс жаудырсын. Әрі осындай кең байтақ жерді намыстың найзасымен, батырлықтың балтасымен, жігердің жебесімен қорғай жүріп ұрпақ еншісіне берген һаһарман бабамыздың дархандығын бағалап неге алғыс айтып құран бағыштамасқа. Құрметті жас ұрпақ атабабамызды ардақтап, тәуелсіздігімізді ұлықтау біздің басты парымыз.

3 пікір

Ais_97
Тәуелсіздіктің 21 жылдығы құтты болсын достарым! Ата-бабаларға айтар алғысым шексіз!!!
Jako
Жарайсыз Кан мырза, тамаша!
sezim_seli
Осылай деп соғып тұрған жүрек лүпілін ақ параққа еккен сіздей азаматтары барда Қазақ мәңгі жасайды! Ол — анық!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.