Тәуелсіздіктің негізгі тірегінің бірі- Ислам діні

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген Қарахан мемлекетінің кезінде Ислам діні мемлекеттік дін болып бекітіледі.Содан бері қарай ата-бабамыздың әр бір салт-дәстүрі ислам дінімен біте қайнасып қазақ ұлтының болмысының пайда болуына алып келді.
Ең алғашқы ислам діні біздің жерге келмес бұрын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.у.с.) көзін көрген сахабалары ислам дінін жаю мақсатында қазақ жеріне келіпті мыс. Сахабалар ел шекарасынан өткеннен кейін сағымданған кең даланың бауырайынан бір топ аттылар қарсы ұшырасыпты. Сахабаларды танымайтын жер иелері арқан бойғы жерден аттарынан түсіп келген кісілерге құрмет көрсетіп амандасыпты. Бұндай кең пейіл, дархандыққа куә болған сахабалар « Мына елге исламды түсіндіру мен сіндіруде еш кедергі болмайды. Өздерінің болмыстарыда мұсылмандықты айшықтайды екен» деген сөздерге сай пікір айтып таң қалғандарын жасырмапты делінген.
Жалпы қазақ халқының болмысын,әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін исламнан ажыратып қарауға келмейді. Кез келген қазақ азаматының тума болмысы, жаратылысынан жақсылыққа құмар, адалдығы тұмар, ақ көңіл, кіші пейіл болып келеді. Адамдық бітімі мұсылмадыққа сай бейімделген. Дініне берік қазақ халқының арасынан қаншама тақуа,әулие кісіліер шыққан. Бұл қазақтың шынайы мұсылман екенінің бұлтарт бас айғағы. Әр өңірдің жұрты өз әулиелерін жақсы таниды.
Қазақ даналары Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты көптеген ғұламаларда алғашқы білімдерін молдадан алып құран оқып сүре жаттаған. Тәуелсіздігімізге тіреу, рухымызға демеу ұлт ұйытқысы бола білген осындай ұлы тұлғаларымыз ислам ілімімен сусындап, имандылық арқылы халқына жөн айтып жол сілтеген. Сөзімен де ісіменде ислам арқылы үлгі болған Ұлы Абай атамыз « Алланың сөзіде рас өзі де рас» деген көркем сөзбен исламды көркемдесе ұстаз Ыбырай «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық» дегенінде де ислам үшін үлкен мағна бар.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ел егемендігі үшін құрбан болған бір топ ел зиялылары Аллаға дұға етіп елінің ертеңі үшін қам жемеп пе еді. Оған дәлел Алаш зиялыларының ақсақалы Ахмет Байтұрсынұлының өлең түрінде берген мына бір батасын желеу етуге болады:
Аят пенен хадисте
Адал ниет ақ істе
Адасқанын алаштың
Түзу жолға түсір Хақ.
Барша елдің қамын жеген арыстың осы бір жыр шумағынан сол түстағы қазақ азаматтарының тұлға болмыстары мен тұрмыстары исламмен жіпсіз байланыста болғанын сездіреді.
Қай қазақ зиялысы болмасын елінің ертеңін исламмен байланыстырған. Сондықтанда сан мыңдаған қазақ зиялыларымен қоса дүниеден өткен барша исі қазақтың дұға тілектерін ескере отырып Тәуелсіздігімдің тірегі ислам діні десем қателеспеспін.

11 пікір

Kan
Достар сіздерден тұжырымды пікір күтемін.
AL-ASTER
Пост жақсы жазылған, менің ойымша. Тек, ислам түсінігі, сан тармаққа бөлінетінін ескеріп, қазақи ислам туралы жазылғаны атап өтілгені қажет деп ойлаймын.

Қазіргі қоғамды билеушілер, Америка, батыс елдерінің менталитеті. Қоғам осыларға қарап бой түзейді, бірақ қаны қазақ, тәрбиесі мен тұқымы қазақи. Бұндай будандастыруды пропорционалды тұрғыдан алып, өсімдікке гендік модификация жасау деп түсінуге болады. Тек, ондай жемістердің түр түсі әдемі болғанымен, негізгі химиялық құрамы қауіпті болып та жатады дегеннен басқа айтар жоқ.

Бұнымен не айтпақпын? Білім, ғылым ұлтты талғамайды. Қоғам барынша әр халықтың өз менталитеті мен өз болмысына сай қағидаларға сүйенгені, табиғи әділдік деп айтар едім.
Соңғы өңделген уақыты:
khairbek
Ассаляму алайкум Аластар баурм Ислам діні Аллах тарапынан пайғамбарларга тускен дің, Исламда қазақи немесе орыси деген болмайды, Ислам ол Африкадада ислам есынде болсын!!!
Ислам Араб жаққа емес Адамзатқа тускен дің,Қазақи ислам дегеннен шығып отыр, Олай діңді бұрмалауымыз сұралады, Аллаһ тағала бызды озыне құлшылық ету ушын жаратты Зарият суресы 56 аятта,
AL-ASTER
Дүниенің 5 бұрышындағы исламды ұстанатын 5 мемлекетті алып, ақылмен салыстырып көріңіз. Ол діннің аты бір болғанмен, тармағы да жалғыз деп айту қате!
AL-ASTER
Мен аяттан яки болмаса хадистерден хабарым жоқ адаммын. Бірақ, діннен бейхабар адаммын деген сөзім емес. Ертеден қалыптасқан ұлт болмысына сай дінді де ыңғайластыру деген бар. Дін үшбұрыш екен деп, халықты соған икемдеу ақылға сыймайды. Сондықтан, айтып отырмын. Керісінше, ол идеология халық менталитетіне сай енетіні анық.

Егер сондай «біріктіргіш» болсаңыз, неге «орыси», «африка» деп бөліп отырсыз? Олардың барлығы өзіміз сияқты Жаратқанның пенделері емес пе?

Бұл жерде, дінді бөліп қараудағы негіз, әр жердің, әр халықтың өзіне сай тілі, дәстүрі сияқты дінінде де айырмашылық барын айтқым келеді. Бұл түсінікті, «исламды бөлу» деп, онымен қоса маған ненің қалай түсіну керектігін сіз үйретпеңіз.
Jolai
AL-ASTER бауырым Шәкәрім атамның мына өлеңі есіме түсіп отыр
Тәңірі таза болып бақ
Сенде кірсіз
Шамаң келсе менен қаш,
Иең мінсіз — дейді.
осы жердегі «менен қаш» дегені ақиқат менде, сиратул мустаким яғни тура жол менде деп жүргендерден қаш дейді. Олар секта! Тек Жаратқан ғана мінсіз! демек тек Жаратқанның жолы ғана тура жол. Оның жіберген пайғамбарының жолы мінсіз! тек соның жолымен жүруміз керек иншаАллаһ! осылай деген ШӘКӘРІМ атамызда даналықтың «көкесі» жатыр емес пе?! міне достым бабаларымыз осылай баға берген!
khairbek
баурым ашуланбан, мен емес сіз болып откан Қазақи ислам деп, исламнын қазақиы жоқ асылында, егер біз ислам дінінен өзімізге керегін алып керек емесын(сіз айтқандай) тастасақ, онда біздің Еврейлерден еш айырмамыз жок болып каламыз
Еврейлер осы себеппен ашуға ұшырады өзімізге сайын аламыз деп,
Kan
Мен еш жерінде қазақи дін деп исламды қазаққа ықшамдағаным жоқ. Керсінше исламның құндылығына қазақтың болмысының икемді екенін жазғым келді. Исламды бұрмалаумен, оған икемдеу екі бөлек дүние
khairbek
Сызге айтпадым Кан мырза Алыстарга айттымго
yesbolat83
Бұндай кең пейіл, дархандыққа куә болған сахабалар « Мына елге исламды түсіндіру мен сіндіруде еш кедергі болмайды. Өздерінің болмыстарыда мұсылмандықты айшықтайды екен» деген сөздерге сай пікір айтып таң қалғандарын жасырмапты делінген.
Біздің қазекең әубастан-ақ солай жаратылған ғой, сахабалардың өздерін тамсандырған.
Jolai
Kan ағау Алла разы болсын сізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.