26 желтоқсан - Айтаберде азалы күн

Шымкент қаласының маңында апатқа ұшыраған АН ұшағындағы 27 шекарашылардың қайғылы жағдайда қаза болуына байланысты 26 желтоқсан сайтымызда азалы күн жариялаймыз.
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат — Бүгін 18 сағат 55 миунутта Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Астана-Шымкент рейсімен ұшып жүрген ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық ұшағы қонар алдында апатқа ұшырады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

АН-72 әуе кемесінің бортында экипаждың 7 мүшесі, 20 әскери қызметші, соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы, полковник Т.М.Стамбеков болған.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде құтқару қызметі жұмыс жасауда. Осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. © ҚазИнформ
Қайтыс болған ұландарымыздың жайы жаннатта, топырағы торқа болсын. Шын жүректен қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Баршаңызды сабыр сақтауға шақырамыз.

17 пікір

avatar
Біз әлбетте Алланыкіміз әлбетте оған қайтушымыз, Аллаһ артын қайырлы етсін отбасыларына сабыр берсін.
Соңғы өңделген уақыты:
Арты жақсы болсынТүбі қайыры болсынСабыр сабырДұға тілеп қояйық
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
Өте өкінішті… арты жақсы болсын…
avatar
  • Jako
  • 0
Топырақтары торқа болсын, бауырлардың.
avatar
Қайғыларына ортақпын, отан қорғау жолында құрбан болған бауырларымызға жандары жаннатта болсын демекпіз.
Таң азанымен естіп бір түрлі болған едім. Дәл біздің аудандағы болған қайғылы жағдай. Артының қайырын берсін. Жандары жәннаттық болсын!
Арты қайырлы болсын, отбасыларына сабыр берсін!
avatar
  • Kan
  • +1
барша қазақтың қасіреті ғой. Неге Айтаберліктер үшін азалы күн?
avatar
Арытының қайрын берсін. Апат себебі анықталмады ма?
Қолайсыз ауа райы және ескі техника деп отыр
avatar
Ағайын, қаза қайырлы болсын.
Қолайсыз ауа райы және ескі техника деп отыр
Адами факторда бар дейд Қараке,әзірге осы 3 себеп девотр
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
иманды болсын
  • mairosh
  • 0
Иманды болсын
  • Abylai
  • 0
Қайырлы болсын
Артының қайырын берсін, ағайын.
Азалы күн болу себепті еліміздің көп қалаларында мерекелік шаралар, әсіресе тойлар кейінге шегерілуде.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.