Қазақтың төл өнері

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Азады екен адамда азады екен.
Өз-өзіне арнап көрде қазады екен.
Адам болып өнерді сүйе алмасаң,
Жәй әншейін бұл өмір мазақ екен.

Тозады екен дүние тозады екен.
Жақсыларға бұл өңір мазақ екен.
Әлемде нағыз аңқау, ақ адал ел
Қарап тұрсам, біздің қазақ екен.

Мазақ екен, күніміз мазақ екен.
Келімсекке толып кетті мына өлкен.
Өзгенің өнеріне өліп өшкен,
Жасты көру біз үшін азап неткен.

Көнеді екен, бәріне көнеді екен
Жаңа қазақ заңыда бөлек екен.
Өз елінің өнерін менсінбеген,
Жастар қайтып ертенге сенеді екен.

Небір ғажап боларақ күні ертең
Үлкен адам боларсың сенде бөпем.
Қайтым саған сенемін қарағымау,
Қазақтың төл өнерін менсінбесең.

Өмір өзен, ал өнер қайықпа екен
Өнерді уайымдасам айыппа екен.
Домбырамен әз біреу өлең айтса,
«Ескінің есері» деп айтпа көкем.

Ескінің өнері, ғажап көркем
Ғашық боп сол өнерге май боп елтем.
Қазақтың төл өнері жойлар деп,
Уайымдап қайғының күйін шертем.

10 пікір

aliya95
Меніңше бұл пікір қате. Қазіргі таңда қазақтың төл өнері жаңарып, жасарып келеді. Дәл осындай пессимистік өлеңмен емес, қайта, жалындаған жырлар арқылы ел көңілін көтеру керек емес пе?! Содан кейін, әр адам өзінен бастау керек. Сіз болып, біз болып өз өнерімізді ұлықтауымыз керек.
Kan
Мүмкін сіздікі дұрыс шығар. Егер қателігім болса түзеген кісіге алғыс айтар едім. Шынымен менің ойым қате шығар.
aliya95
Қазақтың төл өнері қартайсын ба,
Ежелден төтеп берген қанша сынға.
Бүгінгі егемендік ақ таңында
Өнерім өрге жүзген, биік шыңда.

Өнерді ұлықтайық бірге жүріп,
Алашқа жүрмесінші өзге күліп.
Домбыраның сыңғыр үні күш берсінші
Осынау айбынды елге рух беріп.
yfriend
Бұл өлеңді оптимизмге тұнып тұрған кезде емес, көңілін түсіп, өмірден түңілген сәтте оқыңыз)
Kan
иа дурыс айтасыз. осы өлең өзімеде ұнамай кетті ғой
yfriend
басыла бермеш, ағасы
Jako
Тамаша өлең, елінің ертеңін,ұрпағының келешегін ойлайтын әрбір ата-ана баласын алдына алып осылай әлдилесін дер едім.Жарайсыз, ризамын сізге.
Jako
Кан мырза,Інжуді қолыңызға алып отырып толғанғансыз-ау,өлеңге еш дауым жоқ. Десекте әріп қателеріне көбірек көңіл бөлсеңіз құба-құп болар еді.болмаса бір әріп қатесінің өзі-ақ сөз мазмұнын өзгертіп жібереді дағы адамдар дұрыс түсінбей қалады.Мысалы:
Келімсекке толып кетті мына өлкен.
өлкен емес өлкем шығар.
Небір ғажап боларақ күні ертең
Үлкен адам боларсың сенде бөпем.
Қайтым саған сенемін қарағымау,
Қазақтың төл өнерін менсінбесең.
осыны

Небір ғажап болар ақ күні ертең,
Үлкен адам боларсың сенде бөпем.
Кәйтіп саған сенемін, қарағым-ау,
Қазақтың төл өнерін менсінбесең.-деп,
Өмір өзен, ал өнер қайықпа екен
Өнерді уайымдасам айыппа екен.
Өмір өзен, ал өнерқайық па екен,
Өнерді уайымдасам айып па екен.-деп, ал мына бір жерге
Тозады екен дүние тозады екен.
Жақсыларға бұл өңір мазақ екен.
Әлемде нағыз аңқау, ақ адал ел
Қарап тұрсам, біздің қазақ екен.

Тозады екен дүние тозады екен,
Кей жандарға бұл өңір мазақ екен.
Әлемде нағыз аңқау, ақ адал ел,
Қарап тұрсам,осы біздің қазақ екен-десе қалай болар екен. Меніке ой ғой, бәрін өзің шешесің.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Сізбен толықтай келісемін. Айтқандарыңыздың бәрі орынды. Қателіктерімді түзеуге тырысамын. Шын мәнінде толғанып отыып жазған едім. Жастар түсіне бермейтін өлең болғансоң сәл ыңғайсызданып қалғаным рас
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.