Тәуелсіздік – қауіпті әрі мүмкін емес.

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Voxpopuli.kz сайты ақын Олжас Сүлейменовтың сұхбатын жариялапты. Сұхбатты журналист Айгүл Тоқсанбаева алған екен. Біз Олжас Омарұлымен болған әңгімені ықшамдай аударып бергенді жөн көрдік.
Мен ҚАЗАҚПЫН!: Тәуелсіздік – қауіпті әрі мүмкін емес.

— Латын әліпбиіне өту туралы ойыңыз қандай?

— Бізде ч, ш, ж сияқты ысылдап шығатын дыбыстар көп. Бұл дыбыстар бірнеше әріптермен беріледі. Мұндай әріптер латыншада жоқ. Оның үстіне біздің жазуымыз, жазба әдебиетіміз кириллицада пайда болды. Біз араб әліпбиіне ауысқанымызда шамамен халықтың екі пайызы сауатсыз болып қалды. Өйткені, 2% ғана араб әліпбиін қолданды. Ал, латын әліпбиіне өткен кезде елдің 20% латынша жазды да, ал 20%-ы болса, 80% сауатсыздардың қатарын толықтырды. Егер дәл қазір кириллицаны латын әліпбиіне алмастырсақ, онда жұрт 100% сауатсыздыққа ұшырайды. Сауатсыздықпен өткен әр жыл – мәдениет үшін орны толмас дүние. Және бұған дейін қаншама ғылыми-танымдық, көркем әдеби шығармалар жасалды. Қазіргі кез келген сауатты адам кириллица мен латыншаны білуі тиіс. Жаңа нәрсе енгізу үшін қалыптасқан дүниені жоғалтудың қажеті жоқ.

— Қазақстанға қатысты алдағы он жылға қандай болжам айтасыз?

— Он жыл деп тым ұзаққа болжам айтуға болмас. Біз бесжылдықтарды болжап, ойлап үйреніп қалғанбыз. Бұл біздің дәстүрімізде бар. 2015 жылы Еуразия одағы құрылмақ. Бұл менің көңілімді тыныштандырады. Бұл — Қазақстанның қауіпсіздігінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Төрт тараптан: Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстіктен соққан желдің өтінде тұрған біз сияқты елге толық Тәуелсіздік – қауіпті әрі мүмкін емес. Мен жас саясаткерлердің 2 миллион 700 мың шаршы километрге жуық жер аумағы және қазба байлықтары мен транзиттік мүмкіндігі бар елдің абсолютті Тәуелсіз болуы керек деп жария түрде айтып жүргендерін қабылдай алмаймын. Біз тәуелділіктің не екенін ғасырлар бойы көрдік. Әлемдегі алыс-жақын көршілерімізбен өзара тәуелділік дәуіріне өтуі үшін Тәуелсіздіктің теориялық кезеңін бастан кешіріп жатырмыз. Қазіргі тарихымыздың осы сценаримен дамып келе жатқаны көңіліме қонады. Сауатты қадам.

— Кіммен дос болып, кіммен достаспауымыз керек?

— Бізге Ресей керек. Ресеймен арадағы еңбекпен, қанмен, термен, қамқорлықпен келген көршілестік ынтымақты, достықты жедел саяси және біреулер қойған талаптарға ауыстырмауымыз шарт.

— Ал, Қытай ше?

— Қытаймен арадағы шекара алғаш рет нақты белгіленіп, заңдастырылды. Бұл маңызы зор тарихи жетістік. Және бұл мәңгілік сақталатын шығар деп үміттенемін.

— Мұндай көршіден қауіп бар ма?

— 1 миллиард 700 миллион17 миллионмен көрші болып отырғанда,әрине, қауіп бар. Олар жүз есе көп. Оның үстіне олардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тіпті мектеп оқулықтарына дейін еніп кеткен «Орталық Азия және Қазақстан Жунго империясының орталығы» деген соқыр нанымға негізделген империялық дәстүрі бар. Қытаймен қарым-қатынаста өте сақ болуымыз керек. Қытайлар біздің қазба байлықтарға тәуелді. Бірақ, оны қазба, кен орнымен қосып, басы бүтін бір-ақ бере салуға болмайды! Ал, біздің олардың еңбекқорлығы мен техникалық мүмкіндіктеріне тәуелдіміз

— Президенттің мұрагері туралы не айтасыз?

— Бұл – қашып құтылмайтын нәрсе. Мұрагерлердің фамилияларын тізіммен атап бере алмаймын. Өйткені, білмеймін. Білгеннің күннің өзінде әлгі болуы мүмкін мұрагерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау үшін де айтпас едім.

Мұрагер – қандай адам болуы керек? Қазіргі президенттің саясатын жалғастырушы ма, әлде реформатор ма?

Ол адам үзілді-кесілді түрде ауылдық партиотизм деңгейінде ойлайтын адам болмауы тиіс. Керісінше, заманауи әрі Назарбаевтың жасаған саяси әлемге лайық және жиырма жылда қордаланып қалған мәселелерді шешетін адам болуы қажет.

Abai.kz

14 пікір

Jako
Олжас ағамның сөзі ұнамады.
yesbolat83
Сұхбатты оқып отырып, Олжас ағамыз Нұрекең екеуі дос па деп қалдым. Олар қас болулары шартты дегенді меңзеп отырғаным жоқ.
Jako
Ең соңғы ауыл саясаты туралы ойына не дер едіңіз?
yesbolat83
Еліміздің қамын ойлап, дамуына өз үлестерін қосып жүрген мықты-мықты тұлғаларының басым көпшілігі ауылдан шыққан азаматтар. Сондай-ақ, Отанын сүйетін нағыз патриоттар да осы ауылдықтар. Сондықтан да олар туралы теріс пиғылда боп, ауылдықтардың ел тізгінін ұстай алмайды деген пікір ол қателік боп табылады. Олжас ағамыздың бұл ойымен мүлде келіспеймін. Ол ауылда тұратындарды артта қалған, білімсіз деген мағынада айтқан пікірі маған қатты батып отыр.
Соңғы өңделген уақыты:
AL-ASTER
Ағамызға творчестволық табыс тілей отырып, жайымен қартаюына тілектеспін)
F0x_kz
Олжас барып тұрған пидр адам. Керек десең бұл, өз шешешін сатып жіберуден тайынбайды. Айуанды Қазақстанға кіргізбеу керек. Жириновский сияқты, барып тұрған екі жүзді шовинист.
ulzhankzz
кателіктер болар мына сөздеріңіз…
men
Сүлейменов орыстілді қазақ қой. Олар қашан да орыстарға бауыры бұрып тұрады.
men
«Орыстардың арқасында Қазақстанда қазір бейбітшілік орнап тұр. Егер олар кетіп қалса, ел ішінде руаралық қақтығыстар орын алар еді» деген секілді бірдемелерді де айтқан осы емес пе еді?
saryqazaq
Алжас (өзінің айтуы бойынша) есінен алжасқан екен, яғни бұрынғы Олжас емес
Kan
Егер қазақ елін сүйген патрет болса осы уақытқа дейін қазақша жаттап алатыг еді ғой. Қазақша сөйлеуге арланып жүрген адамнан қандай ұлттық жағдайяттар туралы сұрайсың. Біздің толық қазақ болалмай келе жатқанымыздың бір себебі де осындай ұлттық құндылықтың не екенін біле бермейтін саясаткерлердің кесірі екеніні даусыз.
Oerken
Мүлде дұрыс емес. Меніңше керісінше болу керек.

1. Латын әліппесіне көшу керек. Латын әліппесінің халқаралық күщі арқылы орыс тілінің ықпалынан құтылу керек.
2. Ресеймен ара-қашықтықты сақтау керек. Тым жақындасып кетсе оның толықтай басқаруына өтіп кетеді. Ал сосын не болады? Сондықтан біз монғолиядан үйреніп, соның жолын үстануымыз керек. Қытай және Россиямен болған саясатта Моңғолияның тәжірибесі бізден әлде қайда көп. Олардың жан саны 2 милион, жер көлемі 1,6 милион км2. Бұл көрсеткіш бізде 5 есе жоғары. Сосын, не үшін Түркіменнің жолын қарастырмайды? Олар ешкімнен қауіптеніп тұрған жоқ.
3. Болашақ президент толыққанды ауылды түсінетін, ұлтжанды, әділетті, адал, білімді адамнан болу керек.
Соңғы өңделген уақыты:
ulzhankzz
Егер басшыны қолдаған адамның бардығы жаман болса, мына қарапайым халық та, яғни біз де жаман болғанымыз.Өйткені өзіміз сайладық қой сол адамдарды бізге көсбасшы болсын деп… Олжас атамыздың туған тілін білмей өтуі мәңгілік атына өшпес қара дақ болып қалады -ау шамасы...Әйтсе де, еңбегін елеусіз сызып тастап, жеке бастың атына кір келтіретін пікірден аулақ болу керекпіз деп ойлаймын. Олжас Сүлейменовті «шовинист» демес бұрын Олжасша ойлауға тырысу керек.
adai_make
Светқалидың «Алжас» деп жүргені дұрыс екен! Қазақта «оқу өтіп кеткен» дейтін бар еді, бұл да сондай болды!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.