Қазақтың ұлы РЫЖЫЙ АЛМАЗ

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Қазақтан шыққан әйгілі мафиялық топты басқарған Рыжий Алмазды білмейтін адам кемде-кем. Десек те оның ұлтжандылығы, қазақ мүддесі үшін түрмеден бастап билікке дейінгі барлық кеңістікте жанын шүберекке түйіп күрескені жайында көп айтыла бермейді. Оның ұлтжандылығы мейлінше әспеттелмесе де, күндердің бір күні Алмаз ағамыздың рухы асқақталар. Қазақта батырлар көп болған. 90-жылдары қазақ мүддесінің жағдайы қай жерде болмасын мәз емес еді. Биліктегі шенділердің қолы жете бермейтін жерлерде: қылмыс әлемінде, нарықта, базарларда қазақтың мүлкі мен мүддесін Рыжий Алмаз сияқты нарқасқа жігіттер қорғап отырған. Алмазды дүйім жұрт, аты жеті жұртқа әйгілі қылмыс әлемінің патшасы ретінде біледі, десек те Рыжий Алмаздың аузынан кезінде мындай алтын сөздер шыққан және де оны ісімен дәлелдеген: «Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын.… Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді» (Рыжий Алмаз)

Бүгінгінің әліпті таяқ деп білмейтін парақор ұры шенеуніктері Алмаздың қолына су құюға жарамайды. Алмаз «вор в законе» болса да, өте білімді, интеллектуалды һәм қырағы тұлға болған. Тектілік деген нәрсе бар, Рыжий Алмаздың атасы зұлмат 37 жылдары халық жауы боп атылып кеткен. Тектен-тек атылмағаны белгілі.

Ұлтты сүйіп, осы ұлт үшін жанымыз ашыса, онда Алмаз ағадан да үлгі алсақ болар еді… Мүмкін Төлеген Айбергенов «Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа, Жарқылдаған алмас па?" — деген өлең шумақтарын, осындай қазақтың Рыжий Алмаз сияқты батырына арнаған шығар… Тәңірі біліп және білмей істеген күнәларын кешіре көрсін…

Ержан Алаш

“Айқап.kz” ақпараттар порталы

16 пікір

yesbolat83
Рыжий Алмаз туралы алғаш естуім. Қанша жерден ұлтын ойлайтын, адамдарға жақсылық қалайтын жан болса да оны вор в законе, қылмыскер, түреде отырған деген айыптары оның автор айтып отырған адами қасиеттерін шайып тастайды екен.
satirik92
Осы кісілермен бірге дәурендеткен екі кісі бар еді. Сол кісілер туралы да бір екі ауыз жазып кетсеңіз… Сабыр, Баха-вечеринка дегендей
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Жако ағаны вор в законе сыбайластары деппедің.)
Jako
Артықтау болар))).
satirik92
Артық болғанымен ол кісілерде тарихтың бір бөлігі.
Jako
Өте дұрыс пікір,қосыламын.
Jako
Иә Еске, менде 90-шы жылдардың жемісімімін деп қойсам ә))))
korwinin_kyzy
90-шы жылдардың жемісімімін деп қойсам ә))))
мүмкін көкөнісі боларсыз?
Jako
Ит біліп па, біреулері жұлік едің дейді, енді біреулері төрт аяғың тең тағаланған түлік едің дейді, менің білерім жазықсызға зияны тимеген, жазықтыны қияннан да ілген заманның бір тетігі болдым деп ойласам деймін))))
Kan
Алмаз туралы бұрын соңды бірнеше рет естігенмін. Әрі қазақтың мафия әлемінің патшасы болғанына мақтана қарайтынмын. yesbolat83 пікіріне қосылмаймын себебі түрмеде отырғандардың бәрін жағымысыз ете берудің қажеті жоқ. Ахмет, Тұрар, Маржан т.б алыптарымызда түрмеде отырған. Аменгелді Иманұлыда баукеспе, барымташы болған. Жалпы батыр тентектен шығады деген ғой қазақ. Мен Алмаздай батырладың барына мақтанамын. Сол бір қиын кезде, 90 жылдарды айтамын. халыққа сүйеу бола білген осындай батырлар емеспе. Жалпы Алмаз жайында әлдеде толық зертеп өмір баянын кітап қылып жазып, немесе кино түсіріп халыққа насихаттаса жөн болар еді. Қайдағы жоқ шетелдің Бетманын насихаттағаннан гөрі немесе орыстың Игорын мақтағаннан жақсы емес па.
Мен тағыда Серік дегенді естуші едім олда Алмаз сияқылды.
yesbolat83
Жоқ, мен оны шамалы, баукеспе адам деп жатқаным жоқ. Тек қана оған тағылған айыптардың оның жақсы қасиеттеріне кері әсерін тигізіп отырғандығын айтқым келген.
MSHERIMBEK
Менің білуімше Италияда өлтірілді
AL-ASTER
Компанияларды отырғызып отырған ғой, біреуі сатып кеткен. Бір еврейді өлтірген, ол еврейдің өшін алуға барселонадағы үйіне топпен жабуыл жасап өлтіріп кеткен. Қазір билік жақта қаптаған еврей, орыстар отырып алған. Бизнес соларда. Ондай басқарушылардан қазақтың білім, ғылым, мәдениетіне қолдау жасалмайды.
Жалпы «Рекетир» фильмі мықты түсірілген.
Chimaq
Қазір билік жақта қаптаған еврей, орыстар отырып алған. Бизнес соларда. Ондай басқарушылардан қазақтың білім, ғылым, мәдениетіне қолдау жасалмайды. okinishti aq ((((
AL-ASTER
Қазақша шансон да бар екен: мына сілтемеге басыңыз

Рыжий Алмаз — Журавли (вечная братская память)
Соңғы өңделген уақыты:
Yeld
Әкесі профессор Болатбек Нәсеновтың кітаптарын көріп едім «Абыралы-сарыарқаның кіндігі» деген.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.