Мен ҚАЗАҚПЫН!

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Мен ҚАЗАҚПЫН.
Емеспін Ұйғыр, Татар.
Мінезім жоқ,
Оларға ұқсап жатар.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Көңіліне қарайтын қонақтың.
Барымды берем, болмасада,
Қарыз алып.
Себебі мен жомартпын.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Мінезім, мақтаншақ тым.
Беу десе мен жайлы, біреу-міреу.
Демеймін ғой оны, әсіре сілтеу.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Кешіккенді ұнатам.
Өзгені де көп күттіріп,
Келгенде, уф келді ау деп,
Көңілін бір қуантам.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Ия, рас қызғаншақпын.
Бәсеке деген бізден қалған.
Конкуренция, мағынасы ғой қазақша, қызғаншақтың.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Тойғанша, төңкерер түбін табақтың.
Әйелдеріміз біздің тамаша,
Білсе болды, рецептісін ет-нанменен, бауырсақтың.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Жанашырмын, бауырмашыл.
Кейде сараң, түкте жоқ.
Алайда құрғақ ауыз сөздер көп.

Мен ҚАЗАҚПЫН.
Қазақи қылығым, мақтанышым.
Кім екенімді айтпасамда.
Мінезім менің,қазақылығым.

2 пікір

followme_alik
Бағашар "әлсіз" дер ме еді, ал расы- рас :))
Kan
ай жарайсың қазақ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.