Төл мерекеміз құтты болсын!

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Мен ҚАЗАҚПЫН!: ТӨЛ МЕЙРАМЫМЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Бүгін «МЕН ҚАЗАҚПЫН» деген әрбір азамат пен азаматшаның аса бір ардақ тұтар төл мейрамы. Барша қазақ үшін қастерлі «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Қазақстан әлемдік елдер қатарында қашан да көш бастап, дамып, өркендей берсін!!! БАСТЫСЫ БҮГІНГІ ҰРПАҚ ОСЫ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚАНЫМЕН, ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛҒАН ЖАСТАРДЫҢ ЖАНЫМЕН КЕЛГЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАҒАСЫН БІЛІП, БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАРИХЫН ТЕРЕҢНЕН ТАНЫСА ЕКЕН.
Мұхтар Шаханов ағамызша айтсақ,
«Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы»…
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Тәуелсіздіктің әрбір таңын тамашалап, бейбіт аспанның бел ортасынан күлімдеген күнді көріп жүрген, егемен елдің біз бақытты ұрпағымыз!!!

7 пікір

Jako
Құттықтауға қосыламын.
AKA
Үлкен мереке! Жасай бер, Қазағым!
Рахмееееееееееееееет… Баршамызға ортақ ұлы мейрам… Бірақ, әдеттегідей бұл күн жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қалған сияқты… Сондай күткен мейрам еді. Төл мейрамымыздағы телеарналарымыздың қылығын көріп, қынжылып қалдым(((((((
Kan
Құттықтаймын,құттықтаймын Барша Қазақ елін осынау теңдессіз мерекемен.
Иа тағыда, тағыда сол еленбеушілік, тағыда сол жаңажыл мерекесіне дайындық. Тәуелсіздігімізді жай бір кезекті мерекелердің бірі қылып өткізе салдық. Әліде қорқамыз. кімнен, неден қорқамыз өзімізде анық білмейміз.
Сіздің «ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚАНЫМЕН, ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛҒАН ЖАСТАРДЫҢ ЖАНЫМЕН КЕЛГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК» деп Тәуелсіздіктің құнын тек қана 1986 жылғы ұлтазаттық жастар көтерілісіне тіреп қойғаныңызбен келіспеймін. Тәуелсіздіктің тамыры тереңде Сонау 1723 жылғы «Ақтабанды шұбырындыдан» бастап Кенесары ханның көтерілісінің мақсатыда осы Тәуелсіздік емеспе. сондықтанда бір желтоқсан уақиғасымен өзге тәуелсіздік күрескерлерін жоққа шығарғандай болмайықшы.
Kan мырза пікіріңіз өте орынды. Тәуелсіздіктің құнын тек қана 1986 жылғы ұлтазаттық жастар көтерілісіне тіреп қою ойымда болған жоқ. Азаттықтың ақ таңын ата-бабаларымыздың қаншама жылдар бойы аңсап күткеніне тарих куә. Бірақ, 16 желтоқсан біз үшін қандай қуанышты, қастерлі күн болса да желтоқсан құрбандарын еске алмай кетуді жөн деп санамадым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.