Мен Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
]
Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?!"> Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.