Қ.Р тәуелсіздігін құрметтесең оқуға тиіссің.

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Тәуелсіздік мерекесін дұрыс тойлату.

Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл болды. Осынша уақыт ішінде тәуелсіздік мерекесінің өз денгейінде тойланғанын көрген емеспіз. Ақиқаты сол тәуелсіздік жаңа жылдық шыршаның тасасында қалып қойып жатады. Бұл түйіткілді ұлтжанды азаматтар айтуындай-ақ айтып жүр бірақ еш өзгеріс жоқ жылда көретініміз сол баяғы тәуелсіздік мерекесіне деген немқұрайлық.
Енді осы олқылықты орынды шешудің бір амалын жұрт болып жұмылып қарастыру бұл, табиғи, заңды нәрсе деп ойлаймын. Сол себептенде Тәуелсіздік мерекесін Жаңа жыл мерекесінен асыра тойлатпасақта сол денгейде тойлататындай іс-әрекет жасауға тиіспіз.
Жалпы өз басым жаңа жыл мерексіне қарсы емеспін бірақ тәуелсіздік мерекесінің өз денгейінде тойланғанын қалаймын.
Енді тәуелсіздік мерекесін дұрыс тойлату үшін оның арнайы бір дәстүрі болы тиіс,өзіндік ерекшілігі болу қажет. Әр мереке өзіндік дәстүрімен ерекше мысалы: жаңа жыл мерекесінің ерекшелігі шырша, Аяз ата, Ақшақар. Дәстүрі: шырша айналу, сағат 12-ні күту. Ал Наурыз мерекесінің ерекшелігі Наурыз көже дайындау дәстүрі, төс қағыстыру, бата жасау,қазақы салт дәстүрді насихаттау.
Тәуелсіздік мерекесінің ерекшелігі өзге мерекелерге ұқсамауы тиіс. Біз ойлап тауатын мереке дәстүрі халықты елең еткізуі тиіс. Мысалы:
(бұл менің ойым дұрыс болмауыда мүмкін)
• Әр отбасы 16 желтоқсан күні таңерте тұрысымен ән ұран айтса немесе бір потреттық өлең тыңдаса.
• Таңғы сағат 7-де ауыл әкімі,қала әкімдері (басшылықтағы кісілер) болсын мереке басталғанын белгілеп от шашу шашса дұрсілдетіп немесе микрофонмен дауыстап хабарлама айтса халықты ұйқыдан мерекелік көңіл күймен ояту үшін.
• Сол күні әр үйден, мекемелерден күні бойы потреттық әндер ойналып тұрса.
• Әр үй, ауласына дейін кішкентай ту жалаушалар, тәуелсіздік картиналар т.б іліп қойса, безендірсе.
• Әр қазақстандық сол күні елтаңбаны мойындарына тұмар қылып тағып жүруді дәстір қылсы (таңертең тұрып о бүгін тәуелсіздік мерекесі ғой елтаңбаны тағып алайын дегендей)
• Түскі сағат 11-00-де барша кісілер бір сәт алаңға жиналып аспанға түрлі нәрселерді ұшыруды дәстүрге айналдырса.(көгершін, шар, батпырауық т.б) әр кім затын ұшарар алдында елдің тыныштығын тілеп дұға етсе құп.
• Тәуелсіздік мерекесі күні кімде-кім ақсақалдан бата алса соның жолы ашылады, бақыты келеді деген ұғым қалыптасып санаға сінсе шіркін.
• Сол күнгі кешкі аста әр отбасы тәуелсіздік құрбандарына құран бағыштаса.
Бұл менің ойым ал сіздер не ойлайсыздар, не қосасыздар?
Ескертеміз: тәуелсіздік мерекесінің тойлату дәстүрі өзге мерекелердің үрдісіне мүлдем ұқсамауы керек және Қ.Р заңына сәйкес болуы тиіс. Егер салт дәстүрді, тарихты насихаттайтын дүние болса құба-құп.
Әр кім өз ойын қоссын бәріміз болып тәуелсіздік мерекесінің тойлану дәстүрін ойлап табайық.

3 пікір

satirik92
Өте дұрыс бастама. Шыны керек мені жылатты. Ойыңызды барынша құптаймын. Осы мақаланы басқада блогтарға жарияласаңыз нұр үстіне нұр еді?!
Jako
Әр отбасы 16 желтоқсан күні таңерте тұрысымен ән ұран айтса немесе бір потриоттық өлең тыңдаса.
Менімше бұл шара мерекенің бұхаралық болуына стимуль бола алмайды, от басы ошақ қасынан аспайтын шара болады.
Таңғы сағат 7-де ауыл әкімі,қала әкімдері (басшылықтағы кісілер) болсын мереке басталғанын белгілеп от шашу шашса дұрсілдетіп немесе микрофонмен дауыстап хабарлама айтса халықты ұйқыдан мерекелік көңіл күймен ояту үшін.
Сағ 7 деген асыра сілтеу болар, сол сағат 10-дар шамасына бұрынғы КСРО кезіндегідей барлық мекеме, мектеп, оқу орындарын шеруге (парад) шығарса, шеру соңы мерекелік іс шараларға ұласса ғана бұхаралық мереке болар ма еді деп ойлаймын.
Сол күні әр үйден, мекемелерден күні бойы патриоттық әндер ойналып тұрса.
Бірінші сұрақ қайталанғандай, бұл жай отбасылық шара болар еді, бірақ бұл әрбір азаматтың патриоттық санасын ояту үшін өте қажетті шара деп ойлаймын.
Әр үй, ауласына дейін кішкентай ту жалаушалар, тәуелсіздік картиналар т.б іліп қойса, безендірсе.
Осы бір шара тек қана мерекеде ғана емес, Қазақстанда тұратын әрбір шаңырақта жылдың 365 күнінде мемлекеттік туымыз желбіреп тұрса нұр үстіне нұр болып, басқа ұлт өкілдеріне «Шаңыраққа қара»- деп тұрғандай болар еді.Міне сонда ғана бір тудың астына жыйылған халықпыз деп айтуға боларма еді.
Әр қазақстандық сол күні елтаңбаны мойындарына тұмар қылып тағып жүруді дәстүр қылса (таңертең тұрып о бүгін тәуелсіздік мерекесі ғой елтаңбаны тағып алайын дегендей)
Бұл тәуелсіздік мерекесін басқа мерекеден айшықтау үшін тамаша шара болар еді.
Түскі сағат 11-00-де барша кісілер бір сәт алаңға жиналып аспанға түрлі нәрселерді ұшыруды дәстүрге айналдырса.(көгершін, шар, батпырауық т.б) әр кім затын ұшарар алдында елдің тыныштығын тілеп дұға етсе құп.
Дұға ету артық болар, себебі біз зайырлы мемлекет болғаннан соң тәуелсіздік мерекесін бір ғана ұлттың (қазақтың ) емес мемлекетімізді құраушы барша ұлттардың мерекесіне айналдыруымыз керек, сондықтан басқа да ұлттардң діни нанымдарын ескеруіміз керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздік мерекесі күні кімде-кім ақсақалдардан бата алса соның жолы ашылады, бақыты келеді деген ұғым қалыптасып санаға сіңсе шіркін.
Бұл шараны шеру басталар алдында мерекенің ашылу салтанатынан соң сценариге кіргізген жөн болар ма еді деймін.
Сол күнгі кешкі аста әр отбасы тәуелсіздік құрбандарына құран бағыштаса.
Бұл да мемлекетімізде түрлі ұлт, түрлі дін өкілдері тұратындықтан ыңғайсыздық туғызады. Бұл шараны сол күндері мешіттер атқарса да болар еді.
Соңғы өңделген уақыты:
adai_make
Өте дұрыс бастама! Қаны қазақ әрбіріміз мұны қолдап жетілдіруіміз қажет. Менің ойымша:
-16-желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 11-де бүкіл Қазақстан «Менің елім» әнін түпнұсқасында орындау керек;
-Кең көлемде мерекелік патриоттық шаралар өткізілуі керек;
-Барлық үйлерде Қазақстан жалауы орнатылу керек;
--Шырша орнату 25-желтоқсаннан басталуы керек;
-Сауда орындарында 25-желтоқсанға дейін жаңа жылға қатысты атрибуттардың сатылуына тыйым салу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.