Міне қызық! «Челси» академиясындағы қазақ футболшысы

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Дариустің әкесі Азиз Нуритов осыдан 3 жыл бұрын Chelsea футбол командасының балаларға арналған жаттықтыру сабақтарын өткізетінін естіп, баласын апарған екен. Дариус жаттығу ойындарында 4 жастағы балалар арасында «аптаның ең мықты ойыншысы» деп танылып, сыйлық алған.

–Дариус содан бері футбол ойындарына үзбей қатысып, өзін жақсы ойыншы ретінде таныта білді. Әр ойыннан жүлдемен оралады, – дейді әкесі Азиз Нуритов.

«ЖАҢА МЕССИ»
gdb.rferl.org/EAFDD346-6C4E-459F-A58D-4A016A23E76D_w640_r1_s_cx0_cy3_cw100.jpg

Дариус Нуритов әйгілі футболшылар Фернандо Торрес пен Дидье Дрогбаны үлгі тұтады. Дариустың командадағы номері де Торреспен бірдей – 9-номер екен.

Chelsea футбол клубының жас ойыншысы Дариус пен әкесі Азиз Нуритов.

Chelsea Region Park құрамасының жаттықтырушысы Джеймс Дариустың жылдамдығын «Барселона» (Испания) футбол клубының аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиге теңеп, оны «Жаңа Месси» деп атайды.

Дариустың әкесі, Chelsea футбол клубының жанкүйері Азиз Нуритов бала күнінен әлемге танымал футболшы болуды армандағанын айта келе:

– Ең бастысы – баламның қабілеті көрінуіне себепкер болдым. Қалғанын уақыт көрсетер, – деді.

Азиз Нуритовтың ендігі арманы – Дариусты Chelsea клубының бас академиясына өткізіп, Chelsea ойыншысы ету.

– Әдетте ақысы төленуі тиіс Chelsea академиясы Дариустың өнеріне қызығып, өздері шақырып отыр. Академияға іліксе, нағыз Chelsea футболшысына айналары сөзсіз, – дейді Азиз Нуритов.

Chelsea жастар академиясы футболды жақсы ойнайтын балаларды қабылдап, Chelsea футбол клубына дайындайды. Бұл академияның ішінде бірнеше ойыншылар командасы бар. Соның ең мықтылары ғана Chelsea құрамасына өтеді.

ЕКІ КОМАНДАҒА ОРТАҚ ДАРИУС

Дариус Нуритов – тек Chelsea Region Park жастар лигасының ғана емес, Лондонның орталығындағы Panthers командасының да ең мықты ойыншысы.

– Арманым – Chelsea-дің футболшысы болу. Егер бұл екі топ бетпе-бет ойнайтын болса, Chelsea жағына шығамын, – дейді Азаттыққа берген сұқбатында жас футболшы Дариус.

«Өткен аптада 8 жасқа дейінгі балалар арасындағы футбол жарысында Дариус ойнаған Panthers жастар лигасы Chapel Boys тобын 6:0 есебімен ойсырата жеңді» деп жазды CamdenNewJournal басылымы.

Дариус Нуритов әзірше Қазақстанға бармағанын, бірақ Қазақстан мен Өзбекстандағы туыстары келіп тұратынын айтады.

www.alaman.kz/

1 пікір

Sabions
не болса да туған жерін ұмытпаса болғаны…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.