Мен - ҚАЗАҚПЫН!

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
Кеудемде рухы Мағжанның,
Тыныштық маған бермеді.
Ол болды қазақ, мен – қазақ,
Өзгеге жырым ермеді.
Бүгінгі қазақ болмысы,
Қолыма қалам ұстатты…
Ұсқынын оның бейшара,
Жарлыға жалғыз ұқсатты.
Шүлдірлеп орыс тілінде,
Адасты ғой бұл қазақ,
Орысша білмес қазақты,
Қылдық тағы біз мазақ.
Қазақ деген жетімін,
Жылатпайтын, жұбатар…
Бүгінде қазақ итеріп,
Жетімді сыртқа құлатар.
Жәутеңдетіп көздерін,
Алмастырды ақшаға.
Белгісіз солған-өскені,
Тұқымы басқа бақшада.
Қазақ қызы еліктеп,
Тәрбиесі бұзылды.
Некесіз көрпе жамылып,
Әкесіз қылды қыз-ұлды.
Ұрпаққа қалған аманат,
Тәрбие жоқ боп барады.
Еліктеген ұрпақтан,
Қазақ ұмыт қалады.
Ілеспей білім көшіне,
Жұт болды мына ғаламтор,
Ұлы Абайды танымай,
Қазағым болды бүгін қор.
Ертеңіңнен қорқамын,
Жөнге келші ертерек…
Жүре берме көп уақыт,
Жас баладай еркелеп.
Қазақ тілдің тұғырын,
Биік етші, ұмытпа.
Салт – дәстүрін өзгенің,
Кіргізбе елге,құлыпта.
Өткенді ойлап рухтанып,
Бүгіннен қорқам,қазағым.
Болашаққа алаңдап,
Осы болды жазарым.
Бейбітшілік тұсында,
Тіл мен дінді сақташы.
Бабадан қалған сенімді,
Қазақ болып ақташы...!

© Ақмарал Әділбекқызы
Жетісайда оқитын жас түлек. Сұрақ-Жауап сайтында Akosi атты никпен біраз уақыт жүріп, шығып кетті. Қазір анда санда өлең жазатыны бар. Алынған веб-парақ:
vk.com/topic-64867366_29439167

1 пікір

Kan
Мағнасы керемет,әсерлі болғанымен өлең сәл шимайға ұқсайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.