Мәңгілік ел

Мен ҚАЗАҚПЫН! /
15 фото
Қазақ елі – Мәңгілік Ел!

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф ОҚО бойынша ПҚ БАИ мен №105 «Елгезек» МКҚК бөбекжай балабақшасы «Қазақ елі – Мәңгілік Ел!» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар №105 «Елгезек» МКҚК бөбекжай балабақшасы базасында балабақша қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері жан-жақты сараланып көрсетілді.
Семинарға 49 тыңдаушы мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Утемисова С. т.б. педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері қатысты. Семинар өткізу бағдарламасымен балабақша меңгерушісі Г.Сарымсақова таныстырып өтті.
Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің көптілді тәрбие мен білім беру арқылы тілдік-танымдық құзыреттілігін дамыту және адамгершілік, отансүйгіштік пен өнегелік қасиетке тәрбиелеу мақсатында жасалынған іс-шараларды өз біліктіліктерін арттырушы тыңдаушылармен пікір алыса отырып, тәжірибе алмасу.
Семинардың бағдарламасы бойынша төмендегі ұстаздар жұмыс жүргізді:
— №105 «Елгезек» МКҚК бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері Жолдыбаева Г., Жақыпбекова Қ., «Ғажайып ертегі»;
— Сариева Г., Васенкова Е., «Тұғыры биік – Қазақ елі!»;
— Салмуратова А., Утанова А., «Народов дружная семья»;
— Петухова Т., Кравцова Т., «Я – гражданин своей страны» тақырыптарында кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер семинар қатысушыларына ұсынылды.
Семинардың екінші бөлімінде Салмуратова А., Утанова., Алтынбекова Г., «Қазақ елі – Мәңгілік Ел!» тақырыбында кішкентай бүлдіршіндерді қатыстырып, патриоттық сезімді барынша дәріптейтін, балабақша тәрбиеленушілерін рөлдік ойынға қатыстырып музыкалық қойылым өткізді. Қойылымда «Нұрлы жол» ЖЭС-ның тарихи телнамасы «Ұлы Жібек жолы» көшін театрландырған бүлдіршіндер қазақ халқы тарихынан сыр шертті. Қазақ ханы Жәнібекті хан көтеру қойылымы ерекше қошеметке лайық болды. Осы тұста айтарымыз Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын паш етуде тек қазақ азаматтары ғана емес, бірлігіміз жарасқан өзге ұлт өкілдерінің (тәрбиешілердің) елжандылық тәрбиеге баса назар аударуы барша қазақстандықтарға үлгі боларлықтай.
Сонымен қатар әр тәрбиеші оқу-әдістемелік шараларды ұйымдастыруда отан үшін, елі үшін шексіз сүйіспеншілікке баулитын балабақша жағдайында топтық жұмысты және АКТ қолдану жолдарымен таныстырып, топтық жұмыстың әдістері көрсетілді. Ұстаздармен пікірталас туғызып, мағыналы да мәнді ақпараттар берілді. Семинар өте жоғары деңгейде өткізілді. Семинарға қатысушы мұғалімдер берілген ақпараттарды қуана қабылдап, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Семинар жұмысын қалалық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Балтайұызы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тарапынан келген Г.Туранова бастаған топ тәлімгерлері қорытындылай отырып, семинарға қатысқан ұстаздарға шығармашылық табыс пен мол жетістіктер тіледі.
Медетбекова М.А. –«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.

15 сурет

Тағы фотоларды көрсету ↓

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.