Өмірдің мәні неде?

Ақ парақтағы ойлар /
Құрметті айтаберліктер! Сіздермен мына бір тамаша әңгімемен бөліскім келеді. Ұнайды деген үміттемін =)

Өмірдің мәні неде? Мұны түсіндіру үшін мысал келтіруіміз керек. Мәселен, құдіретті бір күш адамдардың бәрін көкөніске айналдырып, яғни, бірін — қиярға, екіншісін — қызанаққа, үшіншісін бұршаққа айналдырып, үлкен бір банкіге салып, тұздап, консервілеп тастады делік. Содан бір күні әлгі құдіретті күш салат жегісі келіп, консервіленген банкініашты делік. Қолына шанышқы алып, ең алдымен банкіден қиярларды теріп алады.
— Біз бекер өмір сүрмеппіз, — деп шуласа мақтанысады қиярлар, — Көрдіңдер ме, ең бірінші бізді суырды. Демек, біз өзгелерден гөрі керегірекпіз…
Қызанақтарға кезек келгенде, олар да мақтана бастайды:
— Шанышқыға біз сарымсақтан, бұршақтан, бұрыштан бұрын іліктік. Демек…
Банкіден ең соңында бұршақтар шықты. Жан-жағына қараса, қиярды қиқалап, қызанақты турап, сарымсақты ұсақтап, бәрін араластырып ыдысқа жайғастырып тастапты.
Енді бұлар күпінсін.
— Біз бекерге өмір сүрмеген екенбіз. Өзгелерді қиқалап, қинап, турап жатқанда, бізді бүтін қалпымызда қалдырды. Демек…
Өмірдң мәін кім қалай түсінетінін енді ұқтыңыз ба? «Түсінген жоқпын» дейсіз бе? Ал мен түсіндім, және сізден бұрын түсіндім. Демек…

Павел Михенко, украин сатиригі

6 пікір

kema
Deme oiynyz juirik eken)) Shynymen tuk tusinbedim. Birak algashky jazbanyzben)))))
assetova
Менің емес украин сатиригінің ойы дегіңіз келген шығар… Банкіден нешінші болып шыққанына, туралған-туралмағанына қарамастан көкеністердің барлығы біртекті массаға айналып, барлығы бір жерге барады: асқазанға. Адамдар да сол сияқиы… Енді түсіндіңіз деген үміттемін)
beko
Әрқайсысы әрқалай… Демек…
Қош келдіңіз, сізден біраз қызықты да танымдық ақпарат уйренеміз деген үміттеміз.
Korkem
Тамаша! Өте тамаша!
AL-ASTER
Мен түк түсінбедім. :)
Бірақ өмірдің мәнін әр адам өзі қалыптастыратын сияқты.
AKA
көкеніске, қиярларуырды, Өмірдң мәін, мн
Жазбада қателер бар, алдын-ала тексеріп отырған жөн.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.