Аралас неке түбімізге жетпесін...

Ақ парақтағы ойлар /
Қазiргi кезде қытайлықтар арасында қазақ қыздарына деген сұраныс артып тұр. Бұл сұраныста сая­си астардың бары анық. Мәселен, қазақ қызына үйленген қытайға Қазақстандағы майлы жiлiктiң басын ұстауға мүмкiндiк бар. Қытай жiгiтiнiң қазақ қызын үлде мен бүлдеге орайтыны некен-саяқ.

Керi­сiнше, қыздарымыз қытай жiгiтiн асырауға мәжбүр болады. Жалпы, Қытай елiнде өмiр сүру нағыз жанталас деуге болады. Миллиардтаған халықтың бiр үзiм нан үшiн қалай тер төгетiнiн көзге елестету­дiң өзi сұмдық. Олардың заңдары да тым қатал. Ал қазақтың құнарлы тамақтарымен қоректенген сұлу да, сүйкiмдi қыздың құрт-құмырсқа мен бақа-шаян жеп өскен қара қытайдың қай жерiнен бақыт табам деп қол ұстасатынын түсiнбеймiн.

Жалпы, қазақ қызының басқа ұлттың жiгiттерiмен қол ұстасуы – ұлттық мүддемiзге шабылған балта деп бiлемiн. Бұл жағдайға әрбiрiмiз ата-ана ретiнде тосқауыл қоймасақ, соңы орны толмас өкi­нiшке ұрындырады.
Аралас некенiң әлеуметтiк проблемалардан басқа да түйткiлдерi жет­кiлiктi. Өзге ұлт өкiлiмен тұрмыс құрған қазақ қызының бала-шағасы түптамырымен сол ұлттың адамына айналады. Таяуда танысымыздың қытайға күйеуге шыққан қызы елге бiр саусағынан айырылып оралды. Сөйтсек, ұрлық жасадың деген айыппен қызы­мыздың саусағы кесiлiп­тi. Екi баласын алып қалып, келiндерiн қайтарып жiберген қытайдың дымы кетпейдi.

Ал бойында қазақтың қаны бар балаларымыз жат мекенде қалды. Өзге елдiң салты мен заңынан теперiш көрiп талай қыздарымыз жүр. Кәрiс, не­мiс, үндiс және т.б. күйеуге шыққан қаракөздерiмiз қаншама. Бiрақ солардың бағы жанғандары өте аз. “Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала” дейдi қазақ. Олай болса, қазақтың керегесiн биiк­тету тек қазақ азаматы мен қызының қолында екенiн ұмытпайық.

Дереккөз: Жас Алаш.

5 пікір

Bek
Өте орынды кезек күттірмес мәселе агасы! Өткен бір жазбамда мен де осы мәселені көтеріп едім! Москвада болған жиында да Қазақ жастарына менде осыны айттым Қазақты Қазақ етіп сақтап қалар тек Жүрегі ҚАЗАҚ деп соғатын азаматтардың қолында! Ол сіздер мен біздер ағайын!!!
Korkem
Қандай өкінішті жағдай. Адамның сана-сезіміне бермесе жаман екен.
Жазғаныңыз қандай жақсы болған, тың мәселе екен.
AL-ASTER
Аралас неке, іскерлік қатынаспен ғана араласу, туыстық бауырмалдықты ұмыту, ұлттық моральдық құндылықтарды елемеу деген бұл капиталисттер шығарған глобализацияның шарттары ма еді? Ал, бұл барша ұлттық құндылықтарын қадірлейтін елдерге төнген проблема сияқты. Оны әр елдің билік тарапы әрқалай шешетін көрінеді. Қазақ тарихында қаншама қиын замандар болғаны белгілі ғой, соған қарамастан, ұлттық болмыс жоғалды деуге болмайды. Сонымен қатар, глобализацияның мақсаты — жан сақтаудан туған қажеттілік сияқты. Ол дегеніміз, күнкөрістегі тұтынатын қажеттіліктер — ең алдымен шикізат ресурсы. Ал бұлардың барлығы ҚР территориясында бар, мәселен: Менделеев кестесіндегі элементтердің басымын атауға болады.

Білекке сенер заманда, ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмедік.

Абылай хан

Заманың түлкі болса, тазы боп шал. Әлем дамып кетті деп, таусылғанша, заман ағысына сай өзіне де, елге де пайдасы тиер кішкентай іс бітірген әлдеқайда тиімді сияқты.

ПыСы: Біреудің жеке басына сын айту әрине дұрыс емес, бірақ жоғарыдағы отбасылық жағдай болса, бақытын жақыннан сезуге қайраты жетпеген адам, алыстан көремін деп адасқан біреу шығар. Әрине, бұл жеке адамның проблемасы, оны тұтас ұлттың басына төнген қауіп деуге болмайды дер ем.
Begimzhan
Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын КР азаматтығынан шығару керек. Сонда ғана, жеріміз бен байлығымызға көз алартқан келімсектерден аз да болса арыламыз…
Umit-Umit
Тек қана қазақ қыздары ғана емесқой, мен оларды жақтамаймын ондай қазақ қыздарынан жиіркенемін қайдағы бір ұлттың азаматына тұрмысқа шыққанына. Қазіргі кезде өзіміздің қазақтың қара домалақ жігіттеріде басқа ұлттың қыздарын алып жатқандары жоқпа? Оны неге айтпасқа?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.