Назарларыңызға

Ақ парақтағы ойлар /
Құрметті «Айтабер» сайтының қолданушылары! «Тыңдалмаған сөз жетім» дейді қазақ, назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл сіз үшін маңызды болуы мүмкін!

Сіздерге жеңіл, еркін сұхбат алысып, ой бөлісуге шақырамын. Сонымен…
1. Сіз — өз ойы бар жеке тұлғасыз. Сіздің өз субъективті ойыңыз, пікіріңіз бар. Сол сияқты өзгенің де өз ойы мен пікірі, көзқарасы бар, оған құл сұғылмауы тиіс. Ешкімнің өзге адамның қадір-қасиетіне қол сұғуына болмайды. Бұл туралы ҚР-ң Конституциясының 17-бап, 1-тармағында да айтылған. Яғни, былайынша айтқанда өзгеге жаман сөз айтуға, дөрекі сөйлеуге, айыптауға, ар-намысына тиюге жол жоқ. Танымайтын адамыңызға «сіз» деп жауап берген жөн, мейлі ол сізден үлкен не кіші болса да. Бұл сіздің мәдениетіңіздің жоғарылығын, сыпайы екендігіңізді көрсетеді. Мәселен:
- Мына жазбаң қате, тексеріп жазшы.

және

- Мына жазбаңыз қате, қайта тексеріп жазыңызшы.

Айырмашылықтың барын көріп отырған боларсыздар?! Дөрекі жауап берудің соңы дауға ұласпасына кім кепіл?! Сондықтан бір-бірімізді сыйлап, құрметтейік. Жоғарғы жақтағы «Айтабер» туралы деген ережені де мұқият оқып, есте ұстайық.
2. Сіз — өз елінің отансүйгіш, ұлтжанды азаматысыз. Мұны тек ауызбен айтып қана қоймай, іспен дәлелдей де аласыз. Яғни, тілге деген құрметіңіз ол — сауатты жазу. Мейлі сіз 2-3 сөйлем, 10-15 абзацтан тұратын мәтін жазсаңыз да, қайта тексеріп шығуға кеңес беремін. Тыныс белгілерін дұрыс қоя біліңіз. Бұл сіздің тек тілге деген құрметіңізді емес, сонымен бірге жауапты екендігіңізді де көрсетеді. Мәтінді жалпыға ортақ, жеңіл, қызықты әрі сауатты жазуға дағдыланыңыз. Сонда ғана сіздің жазба оқырмандардың алғысын алып, қызықтыра түсетіні хақ.
3. Сіз — жалғыз емессіз, қоғамның бір мүшесісіз. Сіздің жазатын әр пікіріңіз, жазбаңыз өзгелердің талқысына түсетіні рас. Сіз не мақтау, не сын, болмаса ұсыныс, өтініш, сұрақ, талап-тілек естуіңіз мүмкін. Қандай жағдай болмасын, оқырманыңыздың сөзін назарға алыңыз. Жазылған әрбір пікір сіз үшін маңызды болуы тиіс, себебі сіз қоғаммен қарым-қатынас жасаудасыз. Тек өзіңізге ғана қызықты тақырып ашып, не болмаса өз таныстарыңыз ғана түсінетін жазба жазу басқалардың мүмкіндігін шектейді. Сұрақ-жауап сайтындағы мәселені мұнда немесе керісінше, Айтабердегі мәселені онда талқылау да дұрыс емес. Сол себепті баршаға ортақ, түсінікті, қызу талқыға түсетін тақырыптар маңызды. Қатал сынға мойымай, әділ мақтауға ие болған, оқырманын қызықтырып, өзіне баурай алған қолданушы ғана жоғарғы бағаға ие!
4. Сіз — тілге шешенсіз, дизайнерсіз, көңіл-күйін әдемі жеткізе алатын шебер жазбагерсіз. Жазбаны жазғандағы кеткен қателер былай тұрсын, ең алдымен көзге жазба тақырыбы түсетіні хақ. Тақырыпта смайлик белгілері, ретсіз тыныс белгілер, ұзын шұбар сөйлем болмауы тиіс. Бұл оқырманға әдемі әсер қалдырмайды. Тақырып қысқа-нұсқа, қызықты, оқырманды өзіне тарта білуі керек. Тақырыпқа сай суретті де дұрыс таңдай біліңіз. Көлемі, түр-түсі де маңызды. Мәселен:
qyrmyzy аруымыздың "Ғашықпын!!! Шын ғашықпын сол..." деп аталатын жазбасы оқырман назарына бірден ілігеді. Алғашқыда, «Кімге ғашық бұ қыз?» деген оймен жазбаны оқуыңыз мүмкін, кейін бұл жазбаның домбыра туралы екендігін байқайсыз. Егер дәл осы жазбаға қарапайым түрде «Домбыра туралы» деп тақырып қойса, көзге бірден түспес еді. Бұл да креативті ойлаудың нәтижесі. Сонымен қатар, пікірлеу әдісінде де ретсіз смайлик қою әдемі көрінбейді. Оның үстіне мынау сынды үлкен көлемді смайликтердің, пікір жазатын кішкентай терезе алаңында тұруы тым ерсі көрінеді. Ретсіз смайлик қоюдың қажеті жоқ, көңіл-күйіңізді әдемі теңеу сөздермен, эпитет, сын есімдерді қолданып әсерлі жеткізуге тырысыңыз. Жиі кездесетін жағдай: «Кідәй-кідәй, е..., муахаха, +1 менен, кім „-“ қойды» сынды қыстырма сөздерді жиі қолдану да әдептілікке жатпас. Пікірлесу арасында хәл-жағдай сұрасып, үстін сызып флудтап, тақырыпқа қатысы жоқ әңгіме айту да қисынсыз. Ал, сөз таластыру, дауласу тіптен дұрыс емес, ондай мәселелерді жекеде-ақ талқылауға болады. Сондықтан бір-бірімізді сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білейік.
5. Сіз — қолжетімді ғаламторы бар, көзі ашық, көкірегі ояу, жан-жақты адамсыз. Ғаламторды білмейтін де адамдардың барын ұмытпайық, достар. Сізде мүмкіндік бар, өз-өзіңізді танытып, ашылуға, жақсы достар тауып, араласуға, мәдениет пен ой-өрісіңізді кеңейтуге, бұрыннан келе жатқан блогшы қауымнан ақыл-кеңес сұрап, пайдалы нәрселермен айналысуға т.с.с. Уақытты тиімді пайдалана біліңіздер, ата-анаңыз ғаламторға қосылу мүмкіндігін жасап берді. Олар сіздердің пайдалы нәрсемен айналысып жүргендеріңізге сенімді болуы керек. Әр іске жауапты болайық, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бар болайық, бірге болайық!

Пы.Сы. Бұл жазбада жеке пікірлерім көрсетілді. Әрине, сіз мұнымен келісу не келіспеуіңіз де мүмкін. Қосатын ойларыңызды ортаға салыңыздар, бір-бірімізді тыңдап, пікір алмасайық, жамағат! Ғаламторда бұрыннан келе жатқан аға-әпкелеріңіздің де айтқандарына құлақ асып, үлгі ала жүріңіздер.

23 пікір

pari
мен сенімен толықтай 100% келісемін иә ана бір жерде үлкен смайлик салып қойыппын, кешір енді ондай көлемді смайлик салмауға тырысамын! Жарайсың АКА!!!
Jako
Пост дер кезінде,өз уақытын тауып жазылған деп түсінемін.Соңғы кездердегі жазбалардың мән, мағанадан кемшіндеу, жеңіл жазылып кеткені көзге көзге көрініп тұр ғой.Балабақшаның ауласында жүрген сияқтымыз.Ал әріп қателері, тыныс белгілерін дұрыс қолдану, инеттегі этика туралы айтқандарыңа толық қосыламын.
beko
Иә Жако аға, шынымен де дәл уақытында шықты. Жарайсыз АКА, керемет, әрине қосыламын!
Айтабершілерге жақсы тәрбие ғой бұл дегенің…
MSHERIMBEK
Өөөөте сауатты жазылған пост. Ырзамын АКААА:) Қызылордадансыз-ау дейм:)
Мәдениетті болайеееееқ, достар! Әркімнің постының астына барып ауызбен дәрет сындырып кетуге болмайды.
Жазылған пост жазған адамның территориясы. Сен ол жаққа жай қонақсың. Сен өз ойыңды сыпайы жеткізгенің жөн. Сондықтан қазіргіден де мәдениетті болайық, Айтаберетін қарақтарееем:)
АКА, екі камаз рыспектен аттым:)
Shugyla
неге мен плюс коя алмаймын??????????
MSHERIMBEK
қалқам-ау кімге тиісіп қойғансың?:) профиліңді минустап тастапты ғой:)
Shugyla
Abylai мен оның сыбайластарына
akil_kalta01
Жазбаңызды оқып өзім үшін сәл-пәл ығайсызданып қалдым. Мен енді медениетті боламын!
Arhun
Ака, ханум, жарайсыз! Ғақлияңызға, ақылыңызға, ғибратнамаңызға, нақыл сөзіңізге, насихатыңызға, өсиетіңізге мыңда бір рахмет!
Argyn
Өте сауатты жазылған пост… Ака… сенің блогерлер тағдырына алаңдайтыныңа разымын… Қазақ блогерлері мәдениетті болса екен деген ниетпен жазылған постыңа +5)
Meirzhan
+5 деп жазу да мәдениеттілікке жатпайды ғой. Неме саудаласып отырсың?
Argyn
АКАның жазғанын қайтадан оқып шықшы… түк түсінбепсің…
Meirzhan
кешірші, бауырым. сені сонда да мәдениетсізге қимай отырмын
Argyn
Мен де сені сауатсыздыққа қимай отырмын… Нүктеден соң бас әріппен жазылады… Сөйлем біткен соң нүкте қойылады:)(сондықтан көп қазбалауды қойсаңшы бұлбұл бол, қарғалықтан сақтан...)
Meirzhan
Артымнан шам алып түсуін, қара бұны
MSHERIMBEK
Уа Әл-Троллі Ағзам:) Басқа күн туды деген осы шығар сірә:)
Meirzhan
Осындайда Құсбегі де көрінбей кетеді екен )
m170785
өте дұрыс айтылған, мен құптаймын, келісуге де болады Ака. Сөз таластырып ұрысып отыратын адамдар бар зығырданыңды шығарып қаның басыңа шауып, ондай кезде бұл айтаберден мен айтар едім қуылып яғни қалай айтсам екен басқаша 1 тәулікке шығарып жіберсе айтаберден. Мәселен кейбір басқа орыстардың блогтұғыры болсын 1 тәулікке дейін дөрекілік сөз үшін, сөз таластырып сойлегеніңіз үшін, зығырданыңды қайнатқан үшін кіре алмайсыз. Сонда болса. Бір жағынан алып қарасақ ойлаймын бұл тым қатыгездік па деп!
Moldir_96
Жарайсыз, АКА! Сізбен толықтай келісемін және жоғарыда айтылғандарды ескеретін боламын.
Bagashar
Иә, сауаттылық керек. Бірақ ұсақ нәрселерді неге пост етіп жазасыздыр? Бізде блок көп. олардың бәрін кім оқиды, құдай білсін, артық блоктарды өшіріп, белгілі блктарды қалдыру керек деп ойлаймын.
Madi
АКА -мен бiрге алfа!!!
AKA
trokan -1
Менің жазбаларыма минус қою үшін тіркеліпті, жарықтық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.