Темір тордағы төбеттің өмірі мен кегі.

Ақ парақтағы ойлар /

Ол нағыз алабайдың тұқымы еді.Жарық дүниеге келгеннен бастап көргені темір тор.Қасындағы бауырларын күн сайын әр жақтан келген бай адамдар сатып алып кететін.Кезек оғанда келді.Енесінің сүтін еміп жарымастан оны да бір бай отбасы сатып алды.Ондағы сатып алған себебі үлкен сәулім үйін қорғау үшін еді.Көзі жәудіреп қыңсылаған күшікті үлкен темір тордың ішіне қамап тастады.Бұл оның мәңгілік тұрағы еді. Оны ешкім еркелетпейтін.Сол үйдің қызметшісінің 1 метрдей жерден лақтырған етін жеп алып, күні бойы ұйықтайтын.Ал, түнде өзін жалғыз сезінгеннен бе,әйтеуір түні-бойы қыңсылап шығатын.
Міне дәл осылай үш жыл да өтті.Кішкентай күшік үлкен төбет болды.Ол жалғыздыққа үйрене бастады.Өткір тырнақтарымен темір торды сілкілеп, ақсиған тістерінен сілеки жұбырып, аузын апандай ашып, көшеде кетіп бара жатқан адамдарға ашу-ызамен айбат шегетін.Көздерінен адамдарға деген кек байқалатын.Тіпті далада жүрген күшіктерді, иесі ертіп жүрген төбеттерді көргенде одан сайын ызалана түсетін.
Міне осы ашу- ызамен, адамдарға айбат шегумен тағы да үш жыл өтті.Бұл жолы ол жалғыздыққа әбден үйренді.Бірақ бойындағы ашу ыза әлі тарқаған емес.Төбет қартайды.Оның қартайғанын үй иесі де сезгені болуы керек, арнайы ит ұстайтындарды шақырып, оны алып кетпекші болды, Темір тордың есігін аша бергені сол еді, бойын ашу ыза билеген төбет, тордан шыға салып, тордың алдында тұрған адамды өткір тырнақтарымен жабысып жерге құлатып, денесінен тістеп-тістеп сілкей бастады, Ашуға булыққан төбетті ешкімде тоқтата алмады.Бір кезде дүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.Сонымен адамда өлді, төбетте өлді.
Сонда адам мен төбеттің өліміне себепші не?Өзін 6 жыл бойы торға қамап қойған адамдар ма?Әлде тұла бойын ашу-ыза мен кек билеген төбет пе?

П/сы: Бұл менің бір үйде осылай айбат шегіп тұрған төбетті көргенде туындаған шығармам.
Ерінбей оқып шыққандарыңыз үшін РАХМЕТ!!!

39 пікір

Korkem
Ол нағыз абылайдың тұқымы еді
надайды естімеппін, алабай емес пе?
Manas
Иа, алабайдың қателесіп кетіппін, ескертеніңізге рахмет
AiEcPi
abylai.aitaber.kz/profile/ — дың тұқымы болар, жә әзіл, постты басынан оқып бастағанда бір нағыз ақынның туындысы дер ойладым, жақсы шығыпты, бірақ соңында адамды өлтіріп тастағаны болмады шынында да, қызық емес бітті…
Manas
Рахмет, бірақ бұл адам өліміннен кейін адамдар қортынды шығаруы мүмкін.Төбеттің ашу-ызасының нендей жағдай жекізетінін жазғым келіп еді.
Karakulov
қалжыңы өтті!)) Абылайға айтайық, не праблема болса да шешіп берсін.))
Korkem
Сонымен адамда өлді, төбетте өлді.
ұжыс, төбеден жәй түкендей еттіңіз-ау))
Былайша жаман емес, шыңдалу керек
alikona
Итті жаман аяяп кеттім, ту енді түнімен осы итті ойлап шығатын болдым-ау...әдетім… Біз кінәліміз…
Karakulov
Әрине, біз кінәліміз. Санасы бар нәрсе ғана кінәлі бола алады.
balgalym
яяя итімді серуендетіп қайтсамбекен деген ой туғызды :) рахмет +1
Jako
100 метрдей жерден лақтырған етін
Мүмкін он метр шығар.
Manas
ой, жако ағай тағы да қателісіппін
Jako
Ондай бола береді,қателесу емес, шатасу ғой. Постың ұнады, ойланып қалдым,өзіміз л\де сол төбеттің күнін кешіп жүрген жоқпыз ба деп.
Manas
иа,қәтелеспейтін пенде жоқ.Пікіріңізге рахмет.Ұнағанына қуаныштымын.))
balgalym
Неге? Өзіңізді еркін сезінбейсіз бе? қызық…
Manas
аа,қалай сонда?
Jako
ОМенің жеке басым болса оның несі әңгіме,әй қойшы соны…
qyrmyzy
Біздің иттер нағыз жұмақта жүр екен ғҮә?!
Karakulov
жер бетіндегі нәрселерді тым ғажап, не тым азап бола кетсе жаннат-тозаққа теңеген дұрыс емес.
Begimzhan
Жарайсың інім! Тәп-тәуір әңгіме жазыпсың. Әрине, фонетикалық және лексикалық қателер жетерлік, бірақ түзетеріңе сенемін… «Көш жүре келе түзеледі» — демей ме?! Қаламың қарымды болсын!
Manas
Рахмет аға, айтқаныңыз келсін!
Ayala
Оййй, мынаны оқып итім есіме түсіп кетті ғоой...Ол байғұстыңда өмірі осыған ұқсас еді аздап,тамағын уақытылы береміз енді, тек сүйек лақтырмай...казір ол жоқ бақилық боп кетті
Manas
Оййй,өкінішті.Өзім ондайды сезіне алмаймын.Өйткені ешқашан ит асырап көрмеппін.Тіпті итті ұстап сипалауға қорқамын.Ал, мысықты қатты жақсы көремін.Уйде 2 мысығым бар.
Ayala
мяяя, күштіі мен керісінше, мысықты жақтырмайм, итті күшті көрем,итім өлгенде жаман жылағаным бар, қайлайда тауып бериң депөзім тамақ ишпесемде, соған беретін едім байғұс
Korkem
тобаааа, иттен қорқып, қасына жуымай, оны асырап көрмеген адам қалайша ол жайлы жаза алады екен? О, Құдайым…
Ayala
хехех сенде айтасынғоо, сондай итті көріп аяныш сезімі ме қалай өзі оянған болар...
Manas
Иттің аты итқо, кез-келген сәтте иесін де қауып алуы мүмкін.Мен сондықтан қорқамын.Былай жек көрмеймін.Тек сол итті аяп жазған пост болатын.
Ayala
оййй сізде, ит иесін қапқаны несі, сізден бірінші рет естіп тұрм
mairosh
мына итті айбат шегіп тұрған ит деп айталмайм)))) Бағана бір кішкентай баланың соткасынан иттің төбелесің көріп едім)))Құрсын аюмен, қасқыр, арыстандармен төбелеседі ғой
AL-ASTER
Васямен үйге кірерде, есіктің алдындағы оның иті шынжырын үзердей жұлқына үретін, сонда жарықтыққа «иеңнің көзінше мақтанбаш» деген комплименттен басқа айтар жоқ болатын. Бір күні көшеде өтіп бара жатқан дәу қара итке үріп болмайд, жібере салып едік, түк болмағандай үнін өшіріп қалд. Негізі жыртқыштарды қорлау ғой, еркіне жібермеу (хотя анау ит жыртқыш емес). Осы орайда, Шахановтың жоғалған бүркітті қорлаған өлеңі (әлде баллада ма?) еріксіз еске түсед, вхахахаха)))
AL-ASTER
Айтпақшы, мына шығарма қарапайым әрі түсінікті жазылған шынайы оқиға сияқты кен дегеннен басқа айтар жоқ.
kuka097
Бұл постың бір адамға үлкен ой туғызатын шығарма екен.Щыңдалған үстіне шыңдала бер! Жәрәйсің тағы да осындай шығармалар күтем!

Біздің бұның қасында бақытты екенғо, ол да алабай, бірақ тамағын ішед күні бойы ұйықтап, кешке қарай қыдырып, жүгіріп жүреді!
Manas
(Рахмет Кука.Айтқаның келсін.Әлі де басқа тақырыптарда жазатын боламын.
Zhassiko
мына иттің түрін көріп көңілің босап кетеді екен… Жазба күшті шыққан… былай-былай әсер етеді.
qaraqyz
мукым 6 жыл бойы устаган иесинде шыгар маселе. негизи иттер серуендеп, бостандыкта жургенди жаксы кореди гой… бирак шыныменде окига жан тебирентеди, суретиде жаксы. осындай керемет шыгармаларынмен биык шындардан корине бер)))))))))))
Karakulov
Суреттегі ит менің бұрыыын болған Бобик деген итімді еске түсіреді екен. Ол мені және ортаншы ағамды тістемейтін. Ал ең үлкен ағамды аямай бақыртып жататын ойнағанда. Ортаншы ағам екеуіміз қызығып, жындандырып көретінбіз бізді де тістелесінші деп, ол болса менсінбей қоятын «балақай, әрі ойнаш» деген сияқты.
Karakulov
Үлкен ағамызды ішімдіктің септігінсіз тістелеп, жұлмалайтын еді. Ол жерде оның рөлі болмаған.
qyrmyzy
тағы оқиммммммм
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.