Сіз үшін не бақыт?
Сіз үшін не бақыт? Осында бақыт туралы жазғандар бар екен бірақ, әрқайссымыздың бұл туралы айтар өз ойымыз бар ғой. Әркім өзі меңзейтін бақыты туралы жазсса.
P.S.Флуджазғыштар, көш келдіңіздер. Android туралы жазып миларыңды шіріткен шығарм :)
P.S.
43 пікір
«Бақыт»- деген қандай нәрсе білмедім,
Балалықпа, шаңға аунаған күндерің
«Бақ» туралы білмесеңде ештеңе,
Асыр салып, достарыңмен жүргенің.
Мүмкін «Бақыт» бозбалалық шағың ба?
Кемерге кеп, бой түзеген шағыңда…
Ой тоқтатпай,ұнағанға сөз айтып,
Жас ұландай сезінерлік бабында.
Осы сұрау болатынын білгенмін,
Бақыт бәлкім ғашықтықпа білмедім
Сезінеді бақыттың не екенін,
Біле-білсе ғашық болып кімде-кім!
«Бақыт»-деген қолға түспес әңгүдік,
Сырттап жүрер, айналшықтап паң күліп
Ол тек қана басын иер ардақтап,
Шын сүйгенге, адалдықты aр қылып!
Бір бақытқа жету үшін бір бақытты жоғалтасың © авторын ұмыттым.
Мен үшін бақытсыздық: отбасымның, жақындарымның, достарымның, туыстарымның, сүйгенімнің сенімін жоғалту, және оларды жоғалту. Қалғанының бәрі — БАҚЫТ!
деп қояйын.(Менің Мұқағалиым)
Сұмдық күшті айтылған сөз екен.
Аллға шүкір, 12 мүшем түгел, ақыл-есім орнында, ата-анам, бауырларым жанымда, өзімнің махаббатымды тапқандаймын, барлығы-барлығы орнында, дәл қазір көңіл-күйім керемет!))
Алға қойған мақсатым бар, болашағыма сенемін!
Алладан тілерім, осы бақытымнан айыра көрмесін
Осы Берікбол, сен үшін бақыт деген не нәрсе?(Жеке адамға қойылған сұрақ)
Жауап:
Арадағы қарым-қатынастың жақсы тату тәтті болғаны (әріптестер, дос жарандар, туыс бауырлар)
Олардың көптілігі…
Олардың мейлінше тура жолда жүргені…
Өнегелі, саналы, иманды, тәрбиелі ұрпақ қалдыру.
Өмірден өтерде Исламдағы бес парызды орындап, өмірлік жұбыммен бірге, мұсылман болып өту.
Өмірде із қалдырып кетсем де артық етпес…
Ата-анамның ақ сүтін ақтау. т.б.
Енді осы жоғары тізімдегілер орындалса (не болмаса айналамда бар болса), онда мен сол кезде бақытты болармын деп қана ойладым ішімнен…
әрине қанағаттың қадіріне жеткен адамды айтып тұрмынсебебі қанағатшыл адам жоққа да сабыр сақтап жүреді. Бақытты материалдық дүниемен өлшеп, соны бақыт деуі мүмкін!«Богатые тоже плачут»Сондықтан достар бақыт туралы менің пікірім осылай! Бақытты іздеп қайтем?! Бақытты іздегеніммен ризығын Жаратқан береді ғой! сондықтан Жаратқан өзі берген нығметтерге шүкіршілік еткеннің өзі бақыт деп ойлаймын! Бақытты іздемеймін! Өзі іздесін бақыт! Ал достарым сендерге Бақыт келіп қонсын!оны іздеп, келмесе бақытсызбын деп жылап жүрмендер)Бақыт — Тәңірден!түсінген адамға бір күндік сәуле де бақыт қой, бақытты меніңше болмашы нәрселермен өлшеген дұрыс емес сияқты. Бақыттың қадірін әр нәрсемен өлшеп оның адамдар арасындағы бақыт туралы түсінік-ұғымдардың қадірін кетіріп алмайық достар!
Ақша көп нәрсені шешеді, бірақ ақшаның күші жетпейтін нәрселер де баршылық.
Жалғыздықтан құдай сақтасын тек, ауырмай ел қатарлы бірде күліп, бірде жылап, бірде озып, бірде қалып жүргеннің өзіде бақыт қой… Бұл күнге жете алмай жүргендері қаншама… Аман есен танертен оянғаның өзіде бақыт қой…