Балалық шағыма саяхат! №1 Ақ алтын Мақта теруге бару.

Ақ парақтағы ойлар /
Шіркін ауылда қара топыраққа аунап, доп қуалап өскен балдардың қатарынанбыз. Есекке мініп тоңқытып тұрып шауып, көрші балдармен жиналғанда мен күніне 6 мәрте суға шомылдым(негізі лайқа лай су :)) деп тұрып мақтанатын кездерді сағындым. Кейде барлығын артқа қайтарса, екі қолдап келісіп бала болғым келіп кетеді. Эхххх шіркін ауылда бір акумуляторды бұзып ішіндегі қорғасынын алып үлкен оң қолға әдемі тұратын асықты қайта-қайта ұстап көріп, сол кездегі Қайсар виносының қақпағына сым байлап, отқа қойып ішіне қорғасын салып асыққа қорғасын құятын едік. Асық ойнағанда Спок(шын аты Спандияр) досымның есікалды цементтелген еді. Соның үйінен шықпай асық ойнаймыз. Асық ойнағанымыздың өзі бір қызық: Енді асықты ата берсе Сухана-сухана-сухана деп тұрамыз! :) Асықты ата алмай қалса сухандамасай деп отыра қалып өкпелемейді. Сонда да ішімізден сухана-сухана тоқтатпаймыз… Дайындалып жатқанда жай ғана сухана дейміз, асықты ата бергенде сухана сөзі жиілеп кетеді. Қой қарбыз ұрлыққа барғандығым, қалай есектен таяқ жегендігім келесі тақырыптарда жазармын. Әзірге мақта теруге шығатынымыз туралы жазайын.
мақта теру, мақта балалық, ақ мақта
Күз басталды дегенше ауылда Мақта теру деген жайлап бастала бастайды. Сабақ деген жайына қалады, сабаққа бармай сынып жетекшімізден ұрыс естісек те сабаққа бармай мақта теруге кетіп қалатынбыз. Сондағысы ертең столовыйдан алдында шіреніп Коржик жеу үшін, соны сатып алатын ақша табу. Тапқан ақшамызға столовыйдан үлкен үзіліс кезінде Коржик алып жейміз. :)
Сенбі, Жексенбі күндері ана мен інім үшеуміз ауылымыздан 30-40 км ұзақтағы үлкен көлемде гектарлап мақта егетін ауылға мақта теруге барамыз. Анам азанымен тұрғызады сағат 5-6 ларда ауылдан шығып кетуіміз керек себебі барам дегенше 1 сағаттай уақыт кетеді. Азанымен татті ұйқына қимай жылап тұрамыз, қаптарымызды арқалап көшеге шығып тұрамыз. Ерте тұрып шай ішіп алар алмас, машина келді дейді. Қаптарды арқалап көшеге жүгіріп шығамыз. Сондағысы машина деп тұрғанымыз Га3 деген артқы борты бар автокөлік. Суретін көремін десеңіздер мінекей. Оның артына адамды толтырып артып мақта полясына алып барады. Барам дегенша аяғымыз қысылып барғанша соң ұйып қалады. :)
Содан кеш қарайып, түн болғанша мақта тереміз. Кеше болғанда қайтуға жиналамыз, ауылға келемін дегенге түнгі сағат 9 болады. Түс көрмей ұйықтаймыз, ертеңіне тағы да сол жұмыс қаталанады. Содағысы 1 күн бойы анам мен және інім үшеуміз жабылып жүріп табатын ақшамыз 600-700 теңге, кейде 900 теңгеге дейін табамыз. Бірақ сол кезде ақшаның құны бар болатын ба еді сол ақшаға анам 2 баклашка пістемай, 2 килогорам құмшекер, 1 үлкен пакеттегі макарон, парашок, кір сабын т.б. алып 1 апталық продуктіні алып қоятын еді(біз үшін тыным таппай еңбек етіп, біздің қарнымыз тоқ болуы үшін отқа да түсетін Анамды сондай қатты жақсы көріп кетемін). Одан болек премия ретінде дүйсенбі күні сабаққа алатын қаламсап, дәптер т.б. алуға тиын-тебен беретін. Мақта терудің өзі бір қызық қой шіркін.
мақта теру, балалық шақ
Егіз мақта тауып алған адам бақытты. Оны айырқұлақ деп па атайтын еді. Оған мақта полиясының егесінің арнайы сыйлығы беріледі. Мақтаны толықтай теріп болып, 10 шақты гектарын бітіріп болған соң мақта егесі Сабан масақ істейді. Тәтті-пәтті, 35 теңгелік Юпи сияқты сапасыз сусындар толып артылады. Мақта тергенде көсек атысып ойнайтын едік, кемпілердің әдеті айқайлап ұрысу: "Әййййй қараңқағыр, көзін шығарасың ғой" :) Одан бөлек ауылдың бойжеткен әдемі пәленшенің қызы мақта теруге шықса бітті бүкіл мақта теруге шыққан жігіттердің көзі сода. Терген мақтасын қабымен, таразыға апарып беруге таласып тұрады. Айтаберсем талай қызықтары көп екен, есіме түскендері осы. Кейін пікірде толықтыра жатармын. Кейде осы кездер есіме түссе, балалық шаққа деген сағыныш кеудемді кернеп кетеді.

p.s. Мына суреттегі баланы көріп балалық шағым есіме түсіп осы постты жазуыма түрткі болды.


p.s.s. Көпшіліктің ұсынысымен эстафетаға айналдырып жібердім. Ал кеттік, тізгінді біреуге ұстатпай-ақ қойайын. Барлықтарыңыз да бала болған шығарсыздар, бөлісіп мақалаларыңызды жариялаңыздар. Бір еске алып отырайық. Эстафета кетті :)

22 пікір

Ais_97
Балалық шағыңыз қызыққа толы екен Ербол аға, балалық кездер-ай десеңші!!!
beko
Ой керемет еске алу ғой.
Тастай қатты ұйқысы(бір көзің ілінсе, бір мезетте ақ азанда тұрасың), жер басындағы обед ішкен астардың дәмділігі(икра, нан, варений, телешканың көлеңкесінде), мақта теруден қайтардағы бұзықтық қылықтар, түйнектерді лақтырысып ойнау ненің үстінде десейші? Мақта толған телешкада, одан қалса аспандағы жұлдызға қарап сол телешкада мақталардың үстінде жату.
Одан қалса, сабанмасақтағы керемет тағамдар, бір әсерлі уақытар еді ғой. Шіркін ай.
Ол кезде, суреткеде түсірмегенім, камерасы бар сотка енді дамып шыға бастаған еді ғой.
(Қарапайым, камерасыз сотка) Достарды, адамдарды айтсайшы керемет шақтағы эхх. Өмір өзен…
Отырар ауданы
Шәуілдір ауылы
followme_alik
Балалық шағым болмаған сынды (((( мақта термеппін. Юпиді көзім көрген емес. ГАЗға отырмадым. Асықты да жетістірмедім ((( есесіне, Айтылғаннан коржикті таним :) __Елестете алдым. Керемет.

ауылдың бойжеткен әдемі пәленшенің қызы мақта теруге шықса бітті бүкіл мақта теруге шыққан жігіттердің көзі сода.
)))))
Әййййй қараңқағыр, көзін шығарасың ғой
Әжеміз әлі күнге осы тектес сөздерді айтады) _Сондағы жауап: «ОоООоой, қойшы, болд, апа! _көз шығаратындай емес қой бұл… Түүүүүүh» — қате жауап. Келісіп, сенім білдіре салың, не айтса да үлкен кісі)

Ақшаның құнсыздану құбылысын түсіне алмай келем. Шынымен, ол кезде ақша не, қазір не… (((

Жазбаңмен бірге Саяхаттап келдім.Рахмет, Гид — Ербол_ )
yerbol89
Рахмет! :) Жазған жазбама сенен позитивті критика алудың өзі біз үшін бір бақыт қой:)
Korkem
Мынаны бір тебірене оқыдым)) Сүйікті ақындарымның шығармасынан бір кеме емес сияқты. Не деген ғажап балалық десеңші. Меніңше, осыны эстафета секілді ұсынсаңыз тіпті қызық болар ма еді. Бала кездегі суретімен қойса қатып кетер еді. Балалық кездегі қызықтар жайлы осындай эстафета ұйымдастыру ойымда жүрген. Таяқшаны біреуге атып жіберсеңіз, мына жаздық салғырттық та біраз бәсеңсіп қалатын еД. Қалай ойлайсыз? ммм?
Korkem
Айтпақшы, ғажап көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін рахмет! Жиірек жазып тұрыңыз)))
Togzhan
Біздің жақта мақта деген мүлдем болмайтындықтан мұндай қызықтан құралақанбыз)
Қызық екен!
pana
күшті! көсек деп нені айттыңыз?
yerbol89
көсек, ашылмаған мақта

Ашылмаған мақтаны Көсек дейді.
Yasin
Көсек деген мақтаның түйнегі
hlop-big
pana
осы суреттегі мақтаның ғана түйнегі ау дейм көсек) рахмет)
AKA
Егіз мақта
Қандай болады ол? Мақта теру, картоп қазу т.с.с жасап көрмеппін, ауылдың тірлігіне қатты қызығамын. Ұнады.
Begimzhan
Тамаша! Мен де Мақтарал ауданы, Сұлубұлақ ауылында мақта теріп өскен едім. Балалық шағым есіме түсіп, көңілденіп қалдым, үлкен рахмет. Егіз мақта — бір сабақта жабыса өскен екі мақта. Біз жақта оны қос мақта деп атайды.
MSHERIMBEK
Оооо, жастық-ай.:) Осылардың барлығын да басымнан өткен екен:)
Мақтаның килограмын 8 теңгеден теретін едік. Күніне 50-60 кг теретіндерге сұммдық қызығатынбыз:)
Алтынай деген қыздың түскен жүйектің (өріс) қасындағы жүйекке түсіп алып, көз мақтада емес, Алтынға қарап жүретін кездер-ай;)))
MSHERIMBEK
Айтқандай алғаш рет мақта теріп 80 теңге тауып үйге әкелгенмін:) Апамның (әжемнің) қуанғанын көрсеңіздер:)
qyrmyzy
Сақал, өзің эстафетаны нетіп жібер енД
Korkem
Оның мойнында тағы бір эстафет бар, соны нетівалсын әуелі)))
qyrmyzy
Ендеше өзіңіз нетіп жіберіңіз:)
Korkem
Эстафет болғаны жақсы болды))) Әйтпесе, Ербол
№1
деп қойып №2.ні екі жылдан соң жазатын шығар))))
qyrmyzy
Ербол, жиі осылай жазып тұршиш:)
Jako
Өткен ғасырдың 78-79 жылдарында Шымкент қаласында техникумда (ЧЭТ)оқыдым. Екі жыл қатарынан мақтарал ауданына мақта теруге бардық, бардық дегенім әшейін-ақ, ол кезде міндеттейтін.Мақта теру кезінде қаладығы автопарк, таксопарк, мекемелер, институттар, техникумдар т.с.с барлығы мақтаға шығатын еді ол кезде,қала бос қалғандай болатын.Бар қызық мақта басындағы стандарға көшкендей болатын еді.Тамаша,қызық өмір еді.Бірақ өз басым мақта теріп қарық қылмадым, Медучелищенің қыздарын аңдумен болатынбыз.Біздің Энеготехникумда қыздар жоқтың қасы еді, ал оларда жгіттер аз еді, содан болар жақсы араласатын едік.
banzaika1990
Эхххх шіркін ауылда бір акумуляторды бұзып ішіндегі қорғасынын алып үлкен оң қолға әдемі тұратын асықты қайта-қайта ұстап көріп
— акумуляторды бұзып алып, артынан Әкеме балқытып бер деп мазасын алушы едік. Асықты керемет ойнайтынмын, Ләңгі дегенді үйрене алмадым. Балалық шаққа қайтып барсам сол ләңгіні қатырып тұрып үйренер едім.
Күз басталды дегенше ауылда Мақта теру деген жайлап бастала бастайды. Сабақ деген жайына қалады, сабаққа бармай сынып жетекшімізден ұрыс естісек те сабаққа бармай мақта теруге кетіп қалатынбыз.
— бізде де дәл осылай болатын, бірақ мақтаның орнына картоп қазуға баратынбыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.