Бәрі бірдей ме, әлде бәрібір ме?

Ақ парақтағы ойлар /
Жігіттер «сегіз қырлы, бір сырлы» болады деуші еді. Қазіргі кезде қыры мен сыры бірдей боп кетті ма деген ой келеді маған. Енді бір танып жақсырақ көңіл бөле жөнелсең шошисың, шыныменде шошисың. «Ерлер майдаланып кетті» деп айтқанда ең бірінші қарсы шығатындардың бірі мен едім, өйткені інім де ағам да бар. Менің айналамдағы ер азаматтар солар болғандықтан мен барлығын солардай қабылдайтынмен, ал қазір студент болдық күніне кеміне 10 адаммен таныссасын жүздесесің олардың 50 пайызы ер адамдар, жігіттер. Ал енді олардың іс-әрекетін сараптайық, қазір айтып тұрған сөзін басқа жағдайда есіне салшы сөзінен тая жөнеледі. Сонда «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген қайда қалды. Қыз баласына қорған болатын ер балаларды да қазір көрмейсің басына іс түссе «сенің жағдайын қалай боларын білмеймін, бірақ мен аман болайын» деп басын сауғалап қашатындар қаншама. Осындай жігіттерді көргенде юбка киіп алшы дегің келеді. Сонымен қоса су жүректігі мен екі жүзділігімен қоса мақтаншақтығын қайтесің, «мен деген анада мына жерде келе жатсам 5 жігіт алдымнана шығып… мен оларды быт-шыт...» осындай ақымақ әңгіменің қажеті не бар а? Меніңше есі дұрыс жігіт бір ондай іс — әрекетінің біреуінің ұшын шығармау керек, әсіресе қызға. Мықтысыңба, ісіңмен дәлелде, қыздарға солай мақтанатын жігіттер көбінесе іс жүзінде ноль болады.
Мен бұлай жаза отырып барлық жігіттерді мұндай деп тұрған жоқпын, мен мұндай ойға керісінше «нағыз ержігіт» деп айтуға тұрарлықтай жігітпен сойлескеннен кейін келдім десем болад.
Ең соңында айтайрым:
— жігіттер кәрістің киносындағы жігіттерге ұқсауға тырыпаңдаршы, қазақылықты сақтаңдаршы
— "өзін өзі мақтаған өгізбен тең" дегенеді ұмытпаңдар
— қыздардан физикалық күш жағынан емес, рухни биік тұрыңдаршы
— ең бастысы жігіттер БІР ПОЗИЦИЯНЫ ҰСТАНЫҢДАРШЫ, тәпішкеден тәпішкеге секіретін жігіт ол жігіт емес.

27 пікір

qyrmyzy
Бір сыныптасым болған, әңгімелессең, үй салып жатырмыз дейтін. Очм, 8-11 аралығында бірнеше үй салып тастады енді. Содан 2-курс бітіргенде үйіне бардық. Құрылысы әлі бітпепті. Нешінші үйің деп сұрауға ялдым.
Көкірек болмаңдаршы, жігіттер!
MSHERIMBEK
Қыздар жігіттерге сөз салуды қашан доғарады екен осы:) © Әзіл, әрине:)
Мадияш-ау, кейде сен түгілі өздерін өздері түсіне алмай жүрген жігіттерден не қайыр дейсің:)
Адамның барлығы zhurttyn_balasy ндай емес та:)
Жалпы, ойыңе қосылам
qyrmyzy
Қыздар жігіттерге сөз салуды қашан доғарады екен осы:) © Әзіл, әрине:)
кімге қаратылып айтылып жатқанын сезгендеймін бе???
Осы zhurttyn_balasy нан не қайыр деймін де…
Zhassiko
уахаха, өзі жоқтың көзі жоқ деп қойып қатырасыңдар Чы..))
qyrmyzy
өзі жоқтың — көзі жоқ ету емес менікі:)
Zhassiko
сап-сары значкілер көбейіп кетті ғо че та..))
qyrmyzy
саған не кедергі?
Zhassiko
үүәә, баяғыларың жақсы еді ғой іңәәә, қайсың кім екенін шатасып кеттім..((
followme_alik
))) уақытша ермек)
p689606
Адам өзі қандай болса, сондай адамдарға үйір болады.
AKA
Жалпы, сізбен келісуге болады.
Негізі дим да, ешкім де мінсіз емес қой. Қазір: «Иә, солай, жігіттер андай-мұндай» деп пікір қалдырсаң, қыздар қауымының да мінсіз еместігі тағы ойға оралады. Жігіттер қауымы: "Қыздар үйтед-сөйтед" деп те шығуы мүмкін. Сондықтан, кемшілік бәрінде бар, проблеманы айта бергенше өзімізді, айналамызды түзейік, жақсы болуға ұмтылайық.
Karakulov
AKA +, baskalardin minustarin wewpek tygili sanap wiguga uakitin jetpeidi — odan da arkim ozinin iwine ynilsin!
айналамызды түзейік
ai,kaidam)) onai warua emes — ozimizdi tyzetu koldan kelmei jatkanda)
qyrmyzy
АКА, ана жігіттеріңді таста онда! Әйтпесе дос болмаймын
AKA
Жігіті нес тағы?!
qyrmyzy
білмеген сияқты бомаш:)
AKA
Түсінбедім?!
Gulzhanat
Madiash өте керемет! Келісемін, дәл менің ойымды жазыпсыз!
Madiash
менімен келіскен біреу болды ау
Karakulov
өз басым, мұндай тақырыптарға басым жете бермейді. Ойланған сайын күрделендіріп ала берем. Сосын, йеееааах, қойш соны деп қолды бір сілтеймін.)
Madiash
ойланбайын десем де айналамдағылар ойландырады
domakov91
физикалык жағы да артықтық етпейді ау осы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.