Ақылды әйел

Ақ парақтағы ойлар /
Бала кезімізде ата-анамыздан айрылғанда екі ағамыздың қолында қалдық үйде береке жоқ күнде ұрыс әрең шыдап жүрдім мектеп бітірісі мен сол күні ақ қалаға кетіп қалдым. Қалада жұмыс істедім күн көру үшін қандай жұмыс болса да жасайсың ғо сөйтіп жүріп бір жақсы жұмысқа орналастым жақсы жалақы болды менде тек махаббат жоқ болатын және оған сенбейтінмін де бір күні жұмытан қайтып келе жатып аялдамадан бір әдемі қызды жолықтырдым енді ғана махаббат жайлы ойлай бастадым бірақ мойындамадым. Бірақ сол қызды күнде ойлап аялдамада кездестірген сайын көз алмай ұзақ қарайтын болдым, ақыры танысуға бел байладым. Танысып білісіп үйленуді жоспарладым ол кезде менің жағдайымда оңалып қалған еді. Сөйтіп қыздың келісімімін алып дүркіретіп той жасадым, күндер өтіп тұңғыш баламыз дүниеге келді.
Бар бәле содан кейін басталды мен фирмадағы хатшы қызбен әуейі болып жүрдім өтірік айтып үйге қонбайтынды шығардым, ойнап жүріп от басты деген осы болар әлгі қыз аяғы ауыр екенін айтып әйеліңмен ажырас деп талап етті бұған мән бермей жүре бердім. Бір күні жұмысқа шешесі келіп жерден алып жерге салып айран топырын шығарып ұрысып кетті. Енді ойлана бастадым не істерімді білмей дал болдым жұмыстан біраз күнге сұранып үйде жатқанымда әлгі хатшы қыз келді есіктен кіре сала айқайға басты бұл кезде әйелім дүкенге кеткен болатын ал үйде енем болатын. Айқайды естіп төргі бөлмеден енем шықты мен сасып тұрып қалдым айқайдан істің мән жәйі түсінген болар, есіктен әйелімде кірді де енемді жеке бөлмеге апарып, өзі қайтып келді хатшы қыз болған жағдайды айтып әйеліме ажырасасың деп дікіңдеді. Қайран менің асыл жарым сабырлы қалыппен сендердің қатынастарыңды бұрыннан білемін егер баланы туғың келсе тоқал болуға келісіміңді бер деді мен не дерімді білмедім әлгі қыз ауызына құм құйылғандай жылап шығып кетіп қалды, менде ұяттан өртенгеннен үйде шыдап отыра алмадым бетім ауған жаққа кетіп қалдым. Қазір бәрі жақсы әйеліммен балаларыммен бірге өмір сүріп жатырмын алдағы уақытта барлық күшімді осы жандардың бақыты үшін жұмсағым келеді.
(Оқиға хат мәтіні негізінде жазылған өмірде болған оқиғадан үзінді)

4 пікір

calendula
«Алтын босаға» секілді газеттердің кезекті ойдан шығарылған әңгімесіне ұқсайды екен.
nurba
Бұл оқиға Ақтөбелік жігіттің хатына негізделген
Jako
Өмірде мұндай жағдайлар көптеп кездеседі.
Baha_07
Нәпсі адамның ең бірінші жауы емес пе?! көбіміз осы нәпсі құрбаны боп жатамыз… ол бар жерде бас істемей кетеді диди ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.