Виртуалды қарым-қатынас ол не? (агент, скайп, форум т.б.)

Ақ парақтағы ойлар /

Біз таңертең тұра сала негеге почта тексереміз, неге агентке (немесе форумға) кіріп алып сағаттар бойы шықпай отырамыз? Неге біз ешқашан көрмеген, танымайтын адамның пікіріне алаңдаймыз. Осындай сұрақтарға жауап іздеп көру керек сияқты
(себебі осы Айтаберде сондай сұрақтар көбейіп кетіпті, (мыс: aitaber.kz/blog/qyzyqderek/2761.html,

Бұл тек жәй өз ойым ғана, болжам (гипотеза) ретінді ұсынылмақ. Осы «Айтабер» сайтында психологтар, социологтар жетіп артылады (оқығаны бар, өмірден түйіндеген бар деген сияқты), олар да өз ойларын ортаға салар деген ойдамын.
Қазіргі уақыттағы интернет-тәуелділікті зерттеушілер компьютерге тәуелділіктің барлық түрін (мысалы: геймерлер, хакерлер, программистер т.б.) қосып жіберіп жалпылама айтады екен. Меніңше бұл дұрыс емес, олардың әрқайсысының туындайтын өз себептері бар, сондықтан оларды жеке бөліп-бөліп қарастыру керек. Мысалы, геймерлердің (екі-үш күндеп онлайн ойын ойнап отыра беретіндер) өзі бөлек әңгіме.
Біз енді негізгі әңгімемізге қайтып келсек.
Адам ұжымдасып өмір сүретін тіршілік иесі болғандықтан, адам психикасы үшін қарым-қатынас (общение) керек екені белгілі. (қарым-қатынас деп бұл жерде әңгімелесу, пікір алмасу деген мағынада қолданып отырмыз). Әр адам жанына жақын, пікірлес жанды бейсаналы (подсознательно) түрде іздеп жүруі «жалғызсырау инстинктісіне» байланысты (айналғанда Фрейдке кетіп қалдық қой, ық, ық, ық қызық екен). Біз мысалы өзге планеталықтарды неге іздейміз, неге оларға сенгіміз келеді, ол да соған байланысты, бүкіл ғарыш кеңістігінде жалғыз қалғымыз келмейді (тақырыптан ауытқып кішкене қуып кетіппін ғой).
Бір қызығы қазіргі психологтар Виртуалды қарым-қатынасты реалды әлемге қарсы қоятындығында Біз оны неге жалпы қарым-қатынастың өзгеше бір формасы ретінде қарастырмасқа (психологиялық тұрғыдан қарағанда аса көп айырмасы жоқ). Әрине оның да артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де жетіп артылады. Сонымен жекпе-жекте «Виртуал» мен «Реальный»
1.Қалаған тақырыбыңа байланысты әңгімелесушіні оңай тауып аласың! (өткенде бір досым (виртуалды әрине) таңғы үште «қара құрдым» (черная дыра — ох, аудармам сәтті болып кетті-ау деймін) туралы не ойлайсың деп сұрағаны бар немесе Маргарет Митчелл туралы талқылау, вряд ли реалдан ондай адамды тез тауып аласың)
2.«Тең болу» феномені орын алады! (білмеймін бұл терминді орынды қолдандым ба? Бірақ бұл факторды феномен дегім келіп отыр). Мысалы виртуалда отырғанда ешқандай социалдық статус, жас айырмашылығы деген сияқтылар ешқандай есепке алынбайды, кез-келген адамға қалаған ойыңды айтып кете бересің (ондайды бұрын студент кезімде поезбен жүргенде байқап едім, бірде декан, сосын тағы бір студент, баратын жерімізге жеткенше дос болып кеткенбіз, бұл да сол сияқты, «кемедегінің жаны бір» дегендей).
3.Эмоцияңды оңай шығарасың! (реалдағыдан гөрі дегенім ғой, өз ойыңды, сезіміңді еркін жеткізесің, керек болса ұрсысып та алуға да болады) Бұл енді өз ойым, ешкімге таңбаймын! (әркімнің мінезіне қарай болар)
4.Қалаған уақытыңда сөйлесе аласың.
5.Охооо… тағы бір айырмашылығы бар екен ғой, айтар ойыңды, сөйлеміңді асықпай жинақтап аласың (бұны да өзім үшін айтқан сияқтымын)
6.Сосын тағы бір қалыптасқан пікір «Виртуалды достық уақытша», бұған мен мүлдем қарсымын (әрине ойлауға болады, оңай келген зат оңай жоғалады деп) Бұрын мен де солай ойлайтын едім, практика көрсеткендей қазір қателескенімді түсіндім (осы агенке кіргелі үзбей сөйлесіп жүрген достарым бар (кімдер екенін өздері біледі деп қояйнба?)
… т.с. сияқты айырмашылықтар көөөп әрине… алып-қосатындарыңыз болса құба-құп болар еді.
Айтпақшы мынаған жауап aitaber.kz/blog/qyzyqderek/2761.html Тағы бір статистиканың жалған мәліметі, бұл саулнама кімдердің арасында жүргізіліп отыр «бизнес мектепте», бұл арада қарым-қатынастан емес, таңдаған мамандықтарынан көру керек.
Р.S. Сонымен қорытындыласақ«Все хорошо в меру» деген сөзді айтқым келіп отыр.
Р.S.S Ескерте кетейін «Виртуалды махаббат» жөнінде ештеңе айтқаным жоқ, себебі ол мүлдем басқа әңгіме, мүлде бөлек аспектлер деген сияқты… (мүмкін ол туралы да әңгіме қылармыз!)

61 пікір

AKA
Тәуілдімін деп айта алмас едім, бәрі мөлшерімен ғой. Сосын, «виртуал» деп көпіріп, ойына келгенін жаза салатын, пікірлесіп отырған ортаны сыйламайтын, «Мені кім таниды дейсің?» деген принциппен аноним болып кететін адамдар қатарынан емеспін. Барынша өз ойымды ашық жеткізуге тырысамын. «Ой, виртуал ғой» деп, өзіңді және өзгені алдаудың да қажеті жоқ. Мүмкіндігінше виртуал дос, таныс, құрбы, құрдастармен кездесіп тұрған жақсы.
qyrmyzy
енді кешиш мында, кездесик:)
MSHERIMBEK
Қосылмасқа шара жоқ! Негізі виртуалдан бастау алып реалға ұласқан достарымның көбісі алдыңғы достардан да жақын болып кеткен:)
qyrmyzy
қосылмасқа шара жоқ©.
Бұл «достықтың» қашанға созылары белгісіз.Дос деген ұғымды оңай түсіндіре салғаныңыз өкінішті.Басқа теңеу іздеп көріңіз! Қызық екенсіз. Дым ұнамады мына пост!!! Без обид)))
qyrmyzy
виртуалдан реалға ұласқан достарыңыз бар ма?
Жоқ. Менде бір дос бар! Қалғандары жолдастарым мен соған ұқсас жақындар.Виртуальді таныстарым да көп. Бірақ достың жөні бір бөлек,
VVVWWW
Пікіріңізді ашып жазсаңыз жақсы болар еді, мысалы сіз қалай түсінесіз (бірақ осы пікіріңіз арқылы мына постының бірталай пункытын орындап тастадыңыз)
qyrmyzy
виртуалдың бір кемшілігі — сіз сөйлесіп отқан досыңыздың әңгімесін қандай мақсатта айтқанын түсінбей қалуыңызда. Реалда қалжыңдасса, шын айтса да түрінен білесің. Ал, виртуалда ол жұмбақ болып қала бермек.
Ал, былай, барлық пунктпен келісемін. Сосын монитордың ар жағында отырып алып, көсемситін адамдарды ұнатпаймын. Этиканы сақтаса екен дейміз…
Әне, шындықты айтсаң да жақпайсын. Демократия деген ұғымды қағаз жүзінде ғана іске асыруды доғарайықшы!
qyrmyzy
. Сосын монитордың ар жағында отырып алып, көсемситін адамдарды ұнатпаймын. Этиканы сақтаса екен дейміз…
этика деген жазғанның бәрін мақтай беру ма? жарайды, жазғандарыңызға күшім жеткенше балл беріп кетермін;
qyrmyzy
сізден балл сұрап отырған жоқпын! Этика дегенге біреудің пікірін құрметтеу де кіретінін ұмытпасаңыз
qyrmyzy
Сізге не істедім?! Пікірді сіздің пікіріңізге жазбаған сияқты едім! Демократия ғой, деміңізді еркін шығарып, еркін жұта беріңіз:))))
яя, жарайды!!!
MSHERIMBEK
Жарығым, Мақпал-ау:) Оразаның алғашқы күнінде жиналып қалған қандай нерв сіздегі?:))) Қырмызы, сізге қатысты ештеңе де айтпады ғой. Жауап сіздің пікірге емес, постқа берілген:))) Бізді жүйке мәселесінен құтқарушы өзіңіз бе деп жүрсем...:)))
)) Жарррайд, мен өзіме жақын адамдардың бәрімен қолайсыз ситуацияда жолыққанмын. так что ойымдағыны ғана айттым! Куткарушы дее,
qyrmyzy
мынаны калай тусинсек болады, Жанылай?
AKA
Мақпааал, жағдай қалай? Сенімен былай жақын танысу бақыты бұйырар ме екен? Қырмызы — темааа қыз! © Алматыға барғанда кездесіп қаларсыңдар бәлкім а?! :))
сәлем.жақсымын! оо кездесу ұйымдастырып жіберейік! Қырмызы,«махаббаттымызды» қолдаушылыр табылып жатыр! Ака, рахмет!
AKA
Дауай алдағы уақытта кездесейік инш, Аралдың екі сұлуымен жүздесіп, дастархандас болғанға не жетсін :))
AKA
Үшіншісі ерекше сұлу ғой, бірат :))
Karakulov
Аралдың екі сұлуымен жүздесіп, дастархандас болғанға не жетсін :))
QizilOrda jak pa?
AKA
Жоқ, Гавайи аралдары
qyrmyzy


арманда! Тегін ғой!
qyrmyzy
охх, тегін пиарменеджерім табылды. баннер керек, ілшиш.) Рахмет
qyrmyzy
ОМГ! Құжаттарымдағы атымды қайдан білесің? Танымадым
былай пост жазбасам да блогшыларды жақсы білем десем сенбейсіңғо, я?
qyrmyzy
сеніңкіреймін, анау-мынау адам құжатымдағы атымды біле бермейді. Бәрі Жаңылай дейтін еді…
MSHERIMBEK
Рас айтады, Жако) Мысалы мен Мақпалды өте жақсы танимын))) Т.б. өте жақсы ортақ достарымыз бар:)
qyrmyzy
Өте жақсы достарымыз бар
санап берші.
MSHERIMBEK
Рахаттанып ұрсып жатқандарыңдағы кәйіпті бұзбайын иә:)))
не и ұрыстырып? рамазан айында. ойымыз келиспед тек. жаиан екен урысу деген,
MSHERIMBEK
Қырмызы, сізді танитын сияқтымын ше;) Мен базарда қыздардың «киімдерін» сататын кезімде келмеген бе едіңіз?!;))))
qyrmyzy
білмеймін, ол кезде жігіт едім:)
қой мақтанатын ештеңесі жоқ. сұрап алдым біреуден. пиар керек па? размерин берейн баннер жаса. еки сайтка коя алам,
MSHERIMBEK
Біттің Жаңылай:) Сен FBI назарындасың:)))
qyrmyzy
немерелерім ренжитін болды: «тух, сол әжем тып-тыныш отырғанда, айтаберге тіркелмей, қазір шетелде оқып жүретін едік» деп...Қап-ай а!
VVVWWW
Өте дұрыс айттың, оны қосып қою керек екен, бет-жүзіне қарай алмайсың ғой енді, дұрыс-дұрыс
Karakulov
duris aitasiz Qyrmizi.
MSHERIMBEK
Құрметті достар! Жоғарыдағы әңгімеде мен, қырмызы, мақпал, ақнұр виртуалды қарым қатынастың барынша эффектілерін көрсетіп беруге тырыстық:)))
назарларыңызға рахмет!
Korkem
ммммдаа, дұрыс айтасыз. Виртуалдағы достық уақытша да, уақытша емес те. Мысалы, мен виртуалдағы достарымның біразын уақытша деп санамаймын. Бірақ, уақытшалары да бар.
Интернетке тәуелді емеспін, кез-келген уақытта қол үзіп кете аламын, жәй ғана виртуалды достарымның көңілдерін қимаймын. Өтірік, емес қой, біраз жоқ болып кетсең ренішін білдіретіндер де табылып жатады. Жоқ болып кеткенін өзім де алаңдап, күтетінім рас.
Арғы бергі атасын түгел ақтарып тұрып талқылайтын мәселе екен.
Korkem
маған бүй деп ешкім айтпайт, мойындайм майдай жағып кетті
MSHERIMBEK
Шымкенттесіңдер ғой, ештеңе де кедергі емес, меніңше:)))
MSHERIMBEK
жалпы есте жүрсін дегенім ғой:) сізге берген уәдем бар еді, одан қала бере:)))
AKA
Типа «жұлдыз» боптұрС қой бұл жерде
AKA
Құп болады
AKA
«Мазақ па сізге ақ тырна?!» © О несі-әй
Korkem
Сонда оның реалға айналуына уаще үміт жоқ па?
mairosh
Кезінде «Осы вертуалдан шықпаспын» деп ойлайтынмын. Қайдаааааммм 2 айдын көлеміндей болды анда санда кіретін болыппын. Бірақ қанша жерден алыстасамда вертуал достардан қол ұзгім келмейді.
6. «Виртуалды достық уақытша», бұған мен мүлдем қарсымын (әрине ойлауға болады, оңай келген зат оңай жоғалады деп) Бұрын мен де солай ойлайтын едім, практика көрсеткендей қазір қателескенімді түсіндім (осы агенке кіргелі үзбей сөйлесіп жүрген достарым бар (кімдер екенін өздері біледі деп қояйнба?)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.