Қай жерде үзіледі қайран сапар...

Ақ парақтағы ойлар /
Жақында Дана есімді құрбымыз дүниеден озды. 22 жыл, 2 ай, 2 күн өмір сүру бұйырыпты оған… Біз көбінесе черновик жазғандай өмір сүреміз. Ісімізді ертеңге қалдырамыз. Кешірім сұрауды ұмытамыз. Жақындарымызға ауыр сөз айтып ренжітіп аламыз. Бір кезде барлығын жаңа параққа көшіруге болатын сияқты… Өмір – Аллаһ Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет қана беретін өте құнды нығметі. Екінші мүмкіндік жоқ. Неге біз жаңа жұмысқа ауысқан соң (жаңа жерге көшіп барған соң, диплом алған соң, т.с.с) бақытты боламыз дейміз? Дәл бүгін, дәл қазір бақытты болайықшы! Кездескен адамға күлімдеп, жылы сөзбен қуантуға асығайық. (Құрбыңыздың, әріптесіңіздің немесе көршіңіздің жаңа көйлегінің әдемі екенін айту қиын емес қой.=)) Адамдармен дидарласып, әңгімелесу неткен ғанибет! Жақындарымыздан уақытымызды аямайық. Көкейімізде жүрген жақсы ойларды іске асыруға асығайық. Әрқашан «бүгіннен» бастайық. «Ертеңнен» емес. Ертең кеш болуы мүмкін…

12 пікір

Jako
Өте жақсы жазылған пост екен, дұрыс айтасың казір біз өзіміз үшін емес біреу үшін өмір сүріп жүргендейміз.Ойларың өте керемет екен, ертең кеш болғанын білмей қалуымыз әбден мүмкін.
Ademi
дәл-дәл, ойымды дөп бастыңыз! Айналаға күліп қарайықшы… жылы сөздер айтайықшы… бір жеріміз кеміп қалмайды! Қабағымызды түйіп, айғайлап, ашулану — тек өзімізге зиян!
AKA
Бәрекелді, ойларыңыз ұнап жүр. Әлгі программист жігітпен де осы турасында сөйлесіп ек, «менің көңілсіздікке уақытым жоқ» деп еді. Дұрыс, күліп жүрейікші, сондай жарасады адамдарға, мен де сөйтем. :))
AKA
Қазаның арты қайырлы болсын, жаны жәннатта болғай.
Ak123
Иманды болсын! Мен де сезінбейтін ем, күзде бір досым қайтыс болды, содан кейін әр ісіме отчёт беретін болдым өзіме. «Аллаһ разылығы үшін бүгін не істедім?» деген сұрақ қою керек өзіңе.
Korkem
Иманы саламат болсын!
qyrmyzy
Арты қайырлы болсын!
qyrmyzy
Автор, ойыңызды еркін, сауатты жеткізеді екенсіз! Жиі жазып тұрсаңыз, тұрақты оқырманыңыз болатын едік
didi0393
иманды болсын! ертеңгі күніміз не боларын білмейміз, сондықтан тәуббеге келіндер мұсылман бауырларым!
Zhanat
мен Дархан есімді досым болды,қыста марқұм болды. көп қиыншылқтарға тап болып жүрді, бір адамдардың кесірінен жаман топқа түсті, кездескен сайын айтатынмын байқашы біреу сені өлтіріп кетпесін деп, содан уақыт өте келе ол топтан шығып дін жолына түсті, оның намазға жығылғанына бір жылдан асқанда үйленемін деп жүргенде (болашақ жарының құрсағында 3айлық сәби калған)өз өзіне қол жұмсап асылып қалды. қарап отырсаң қанша қиыншылықтарды жеңіп әке атанар шағында бізді тастады да кете барды. қарап отырсаң ажал қай жерден қалай келетіні белгісіз. Дана қарындасымыздың артын қайырын берсін. Досыңмен тағдыр осылай айырғаны өкінішті
Karakulov
Кейінірек істеймін деген сөз = дәл қазір істемеймін деген сөз екенін ұмытпайық дейсіз ғой…
Uleke
жатқан жері жайлы болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.